Ministry of education and science of the republic of kazakhstan
«YOUTH – DRIVING FORCE OF EDUCATION, SCIENCE AND SOCIETY»
Download 3.21 Mb. Pdf ko'rish
|
сборник-материалов-конференции-22.08.2019-1
«YOUTH – DRIVING FORCE OF EDUCATION, SCIENCE AND SOCIETY»
October 25-26, 2019 тапқырлығын дәлелдейді. Әдебиет зерттеуші ғалымдар әдеби туындының көркемдік кестесіне, суреткер шеберлігіне, сөзбен сомдаған тұлғаның табиғатына қатысты құнды пікірлер қозғайды. З.Қабдолов: «образ» ұғымын екі мағынада алып түсіндіреді. Біріншісі – көркем бейне, екіншісі – суретті сөз ретінде талдайды. Сыр елінде өмір сүріп, аты мәшһүр болған сүлейлерді тұтас алып қарастыру толық нәтиже бермейді. Ол тек шолудан аспаған болар еді. Сол себепті олардың басты- басты өкілдерін жекелеп саралаған тиімді. Аты алты Алашқа әйгілі болған Базар жырау мен Тұрмағамбет Ізтілеуов сынды жыр дүлдүлдері шығармашылығында келер ұрпақты адалдық пен имандылыққа, парасаттылық пен зиялылыққа тәрбиеледі. Тағылымдық маңызы бар, ұлтымызды өмірге көзқарасын қалыптастырып, рухани ойлау дәрежесін биікке көтеруге, ұрпақ тәрбиесін көздеген Базар жырау мен Тұрмағамбет шығармашылығындағы әдеби бейне мен бейнелілік туралы ой қозғаудың атқаратын қызметі де ерекше. Көркем ойды жеткізуде Т.Ізтілеуов пен Базар жыраудың өзіндік поэтикалық жүйесі қалыптасқан, өзіне тән сипатын анық байқауға болады. Сұлу сурет жасауға бейімділік – өлең тіліне өн беруге тән қасиет. З.Ахметов: «Өлең сөз сезімге толы, мейлінше әсерлі, көркем, бейнелі болып келеді. Өлең тілінің бейнелі, көркем, кестелі болып келуге поэзиядағы ой-сезімінің әсерлі көркемдігін, бейнелілігін, сұлулығын танытады», - деген [2.212]. Осы орайда Тұрмағамбет пен Базар жыраудың ақындық құдіретін көрсететін көркемдеу тәсілі, суреткерлік шеберлігі, көркемдік бейнелеу құралдары поэтик образға бай. Соған қарағанда бұл екі өнер тарланы халықтың тіл байлығын жете меңгерген нағыз шебердің өзі екенін халықтың теңеулер, ауыстырулар, салысырулар, балама сөздердің небір анықтағыштарынан көрінеді. Базар жырау – қазақ поэзиясының тарихындағы ауызша дәстүрлі шайырлық – ақындық әдебиетіміздің аралығында екеуіне де ортақ ірі тұлға. Демек, Базар –жыраулық поэзияның ірі өкілі, сонымен қатар, ХІХ ғасырдың ІІ жартысында классикалық шығыс әдебиеті дәстүріндегі шайырлық жазба ақындық мектептің де басында тұр. Тілі бай, образдау тәсілі алуан түрлі «Дүниені қудық екіленіп» атты толғауында ол тікелей заман қайшылығын жырлап, өзгеше бір арманға салынады. Заман түлкі, біз тазы болдық, соның бәрінен де ешнәрсе шықпады, - дейді. Мәселен, Дүниені қудық екіленіп, Ұстамаққа кектеніп. Алдыңнан қашқан түлкідей, Дүние қызық көрінді, Соқпаққа қудық серменіп, Адастырып із тастап, Түспеді қолға қуғанмен, Неше түрлі түрленіп. Дүние – киік, адам – ит, Қуа – қуа ізденіп, - деп келеді. Жырау алдынан дүниеге құмарлықты қашқан түлкі, дүние – киік, адам – ит деп пенденің сыр-сипаты, мінез-құлқы мен іс-әрекеттеріне тоқталып суреттеген. «Дүние – киік, адам - ит» деген метафора тәсілімен жасалған сурет, екі нәрсені дүние мен адамды қатар қойып, балаған. Сол арқылы оқырманға үшінші бір нәрсенің суреті белгілі болып тұр. Сөйтіп нақты сурет жасаған. Базар жырау әдеби бейне жасауда баяғы бабалар дәуірінен келе жатқан ауыз әдебиетін көркемдеген. Көркем бейне жасауға қажет өмірлік дүниелерді жинақтап, әдеби бейнелерді типтендіріп, оның прототипін табуға ұмтылады. Мен едім аптықпаған, алқынбаған, |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling