Ministry of education and science of the republic of kazakhstan


Download 3.21 Mb.
Pdf ko'rish
bet193/299
Sana23.07.2023
Hajmi3.21 Mb.
#1661870
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   299
Bog'liq
сборник-материалов-конференции-22.08.2019-1

Key words: the ideas, creation, motivation, innovative methods, practice, study, module, 
creative thinking, scientific-research work, teamwork, role and business games, discussion, 
presentation, trainings, questionnaire, interview, analysis, making a decision, prove opinions.
 
Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы бүгінгі басты міндеттерінің 
бірі – жастарға терең білім беру. Ал оның негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағды, 
іскерлікке қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби 
біліктілікке – ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам 
қарқынмен өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып 
табылады.  
Қазақстан 
Республикасының 
тұңғыш 
Президенті 
Н.Ә.Назарбаев 
«Интеллектуалды ұлт 2020» идеясын ұсына отырып: «... заманауи өркениеттің мәнін 
білуіміз керек. Қазіргі шындық мынандай: бүгінгі мемлекет өзінің интеллектуалды 
ресурстарымен бәсекеге түседі. «Интеллектуалды ұлт - 2020» идеясының мақсаты – жаңа 
қазақстандықтарды тәрбиелеу. Елді адам капиталы арқылы бәсекеге қабілетті ету 
бәсекенің бастысы – білімнің бәсекесі. Бұл үшін, біріншіден, білім жүйесінің 
инновациялық дамуына жол ашу керек, екіншіден, электронды қызмет көрсетуді жаңа 
замаңға сәйкестендіру керек», - деп атап көрсетті. 
Осы мақсаттарды білім беру орындарында оқу-тәрбие үдерісінде іске асырушы 


177 
«ЖАСТАР – БІЛІМ, ҒЫЛЫМ, ҚОҒАМНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ» 
атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары 
25-26 қазан, 2019 ж.
 
басты тұлға – мұғалім. Қазіргі кезенде қоғам адам туралы ғылымдардың жетістіктері мен 
оның даму заңдылықтарын, жаңа педагогикалық технология мен қарым-қатынас 
мәдениетін терең меңгерген, жан-жақты шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімді 
қажет етеді. [1, 4б.]
Функционалдық сауаттылық білім берудегі жаңа басымдықтарды айқындайды: 
алынған білімді өмірден практика жүзінде қолдануды, әртүрлі ақпарат көздерімен 
жұмыс істеуді, идеялар тудырып және іске асыруды, өзінің көзқарасын негіздей білуді 
қалыптастырады. 
Жеке 
тұлғаның 
функционалдық 
сапаларын 
белсенділік, 
шығармашылықпен ойлай білу, тосын шешім қабылдай білу, кәсіби жолын таңдай білу, 
өмірде өзін-өзі дамытып іске асыра білуді қалыптастырады. [2, 57б.] 
Жеткіншектердің өмірі ортаның күрделі ұйымдастырылған, әртүрлі формасы мен 
бағыттары бойынша ағыммен өтеді. Көмекке өздерінің әлеуметтік, кәсіптік немесе жеке 
айқындамаларымен балаға әр түрлі қолдау бере алатын ересектер ұсынылады. Ең 
алдымен бұлар – педагог, ата-ана және психолог.
Сол себептен, психологиялық-педагогикалық қостау түсінігін ашу мақсатында 
өзара қарым-қатынас, әріптестік, жағдайлар құру, көмек, қызмет бағыты, объектімен 
жұмыс сияқты ұғымдар қолданылады. 
Психологиялық-педагогикалық қолдауды бірнеше аспектілермен қарастыруға 
болады: 
- студенттерге жеке білім беруде көмек пен қолдау көрсетуге қабілетті педагог-
психологтің кәсіптік қызметі сияқты; 
- білім беру міндеттерін шешу кезінде балаға рухани дербес таңдау жасауға 
көмектесетін мақсатқа бағытталған педагогикалық әрекеттер кешенін құрайтын үдеріс 
сияқты. 
Қазіргі таңда Қазақстан оқу орындарында өзекті мәселелерінің бірі – 
студенттердің білім алуға деген құштарлығының төмендігі немесе оқуға деген 
мотивацияның жоқтығы.
Студенттердің оқуға деген мотивациясының жоқтығы көптеген 
себептермен түсіндіріледі. Соның ішінде: білім алуға деген жалқаулық, іш пыстырарлық 
білім беру орындарындағы өмір, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы, ата-аналарымен және 
құрдастар арасындағы түсінбеушілік т.б. Кейбір студенттер колледжде білім алуды 
өздері үшін емес ата-анасының нұсқауымен немесе өмірінің міндетті бір бөлігі ретінде 
қарайды. Және де қазіргі интернет, әлеуметтік желілер, компьютерлік ойындар тағы 
басқа да жағдайлар студенттердің сабаққа деген ынтасын өздеріне аударып жатқаны 
белгілі. Осындай кезде студенттерге білімнің керек екенін және маңызы зор екенін 
жеткізу өте қиын. Ата-аналар балаларының оқуға деген ынтасының жоқтығына қиналу 
үстінде, әр оқытушының басына «студенттерды білім алуға деген қызығушылығын 
қалай арттыруға, ынталандыруға болады?» - деген сұрақ туады. Бұл мәселенің шешімін 
оңай табады деп айтуға келмес. Студенттердің оқуға деген ынтасын, қызығушылығын 
арттыру үшін бала психологиясын, баланың қоршаған ортасын жақсы білу керек деп 
ойлаймын. 
Бүгінгі таңдағы оқыту үрдісі жаңа әдіс-тәсілдерді, жаңаша идеяларды қолдануды 
талап етеді. Әр мұғалім өз іс-тәжірибесінде көптеген қиындықтармен, кедергілермен 
кездеседі. Бұл заман көшіне ілесу үшін өз білімін жетілдіріп отыруы қажет. 
Мен де оқыту тәжірибемде жетістіктерге жету жолдарын қарастырудамын. 
А.В.Хуторскийдің көзқарасын ұстанамын, онда құзіреттілік деп «студенттердің жеке 
тұлғасының оған және іс-әрекет пәніне деген қарым-қатынасын көрсететін 
құзыреттілікті меңгеруі, игеруі» түсіндіреді. Студенттер өз пікірлерін, көзқарастарын 
еркін және ерікті түрде білдірсе деп ойлаймын. [3, 110б.] 
Сонымен бізді мазалап отырған сұрақтардың бірі «Оқу үрдісінде студенттердің 
оқуға деген мотивациясының артуына қалай ықпал етуге болады?» Бұл мәселені 
зерттеп, сырын ашуға адамзат баласының көптеген ғалымдарын толғандырған.


178
Materials of the international scientific-practical conference 

Download 3.21 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   299




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling