Ministry of education and science of the republic of kazakhstan
«ЖАСТАР – БІЛІМ, ҒЫЛЫМ, ҚОҒАМНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ»
Download 3.21 Mb. Pdf ko'rish
|
сборник-материалов-конференции-22.08.2019-1
«ЖАСТАР – БІЛІМ, ҒЫЛЫМ, ҚОҒАМНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ»
атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары 25-26 қазан, 2019 ж. тамаша кезеңге, яғни студенттің өздігінен білім алу, өзін-өзі өзектендіру, танымдық қабілеттерінің даму, шығармашылық іс-әрекетінің оянуы, бір сөзбен айтқанда, өзіндік еңбек ету кезеңіне айналдырады. Топтарға тапсырма беріліп, жаңа тақырыпты жеке жұмыс, топтық жұмыс арқылы талқыланады. Төртінші кезең – «рефлексия» - ой толғаныс білім алудың қорытындылау кезеңі, студенттер сабақ бойы алған білімдерін, түсініктерін өз сөздерімен баяндап бере алатын, жаңа білімдерін көрсете алатын кезең. Менің оқытушы ретінде алдыма қойған мақсатым – студенттерге ұлттық педагогикалық тәрбие және білім берумен қатар олардың шығармашылық қабілеттерін арттыру. Сол себепті сабақты өмірмен байланысты ұйымдастыру, білім құмарлығын таныту, әр сабақта студенттерді ойлануға өздігінен ізденіс жасауға баулып, ойын ауызша, жазбаша жинақтап баяндай білуге, мәдениетті сөйлеуге үйрету арқылы ұлттық әдет-ғұрыпты бойына сіңіруге дағдыландыру – әрбір оқытушының абыройлы борышы деп санамаймын, ұстаздық білімділікпен қоса іздемпаздықты, дарындылық, ұйымдастырушылық, тағы да көптеген құндылықтарды талап ететін маман иесі. Әрбір сабақта жоспар құрар алдында алдымен ойланып аламын: «Менің студенттерім не істей алады?». Сабақ жоспарын студенттердің өз беттерімен меңгеруіне ыңғайлы етіп және олардың жас ерекшеліктерін ескере отырып құрамын нығайтады. Бұл студенттердің жауапкершіліктерін арттыруымен қатар, өзін-өзі бағалаулары үшін де тиімді болмақ. Студенттеріміз мұгалімнің бағалауына әбден үйреніп қалған. Бағаны не үшін алды, келесі де жақсы баға алу үшін не істеу керек деген ой туындайды? Сабақта қолданылған стратегиялар студенттеріме өздерінің, бір-бірінің ой пікірлеріне сын көзімен қарай отырып, жаңа, тың идеялар туындауына жол ашты. Сонымен бірге ерекше белсенділік пен шығармашылық шабыттың шарықтауы нәтижесінде олар еркіндік әлемінде еркін шарлағандай болды. Ал, қазіргі қоғамда ақыл- ойы кемел, шығармашылық жағынан қабілетті, іскер және білімді адам керектігі – әр оқытушыдан талап етіледі. Оқу әрекетінде студенттерге неғұрлым көбірек бостандық пен бетімен әрекеттенуге жол берілсе, соғурлым оған студенттердің қызығушылығы арта түседі. Сабақтағы топтық жұмыс кейде назардан сырт қалып қоятын студенттерді ұжымдық жұмысқа кірістіріп, өздерінің сол топтың бір белді мүшесі бола алатынын көрсетті. Студенттердің сабаққа деген қызығушылығы мен ынтасын арттыратын басты факторларының бірі деп мен өз жұмыстары мен студенттердың жұмыстарын өздері бағалауы деп айтсам артық болмас еді. Өзімнің сабақтарымда интербелсенді әдістемесінің келесі жұмыс түрлері мен әрекеттерді қолданамын: бірлескен жұмыстар (жұптық, топтық, ұжымдық), рөлдік және іскерлік ойындар, пікірталастар, ақпараттың әр түрлі көздерімен жұмыс жасау (кітап, лекция, интернет, құжаттар, мұражай т.б.), презентациялар, тренингтер, интервью, сауалнама т.б. Нәтижесі таңғаларлық! Студенттер мен күткеннен де артық әсер алды. Өз ойларын жарыса айтып, қызу пікірталас тудыра алды. Жаңа сабақты өз беттерімен тез меңгере алды. Сабақта «үнсіз» студенттер «сөйлеуге тырысты». Интербелсенді әдісте менің студенттерім төмендегідей білім, білік, дағды, машықтарға үйренеді: - терең ойлану, жеке рефлексиялық қабілеттерді дамыту; - өз идеялары мен әрекеттерін талдау және оларға баға беру; - ақпаратты өздігімен түсініп, жан-жақты талдап, таңдап алу; - өздігімен жаңа түсінік пен білім құрастыру; - пікірталастарға қатысып, өз ойын мен пікірін дәлелдеу; - шешім қабылдау және қиын мәселелерді шешу Оқыту тәжірибесі барысы пікірталасқа негізделген және оқыту үдерісінде қолданылатын дидактикалық ойындар сияқты интербелсенді әдістерді пайдалану тиімді 180 Materials of the international scientific-practical conference Download 3.21 Mb. Do'stlaringiz bilan baham: |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling