Ministry of education and science of the republic of kazakhstan
«ЖАСТАР – БІЛІМ, ҒЫЛЫМ, ҚОҒАМНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ»
Download 3.21 Mb. Pdf ko'rish
|
сборник-материалов-конференции-22.08.2019-1
- Bu sahifa navigatsiya:
- ӘДЕБИЕТТЕР
«ЖАСТАР – БІЛІМ, ҒЫЛЫМ, ҚОҒАМНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ»
атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары 25-26 қазан, 2019 ж. кеңінен көрініс тауып отыр. Педагогикалық процесте инновация оқыту мен тәрбиенің тәсілдері, түрлері мақсаты мен мазмұнына, мұғалім мен оқушының бірлескен қызметін ұйымдастыруға жаңалық енгізу деген ұғымды танытады.[3] Мультимедиа - бұл қарқынды дамып келе жатқан, өзіне теледидарлық кескіндеудің және стереодыбыстық бейнелілігі мен нақтылығын дербес компьютердің интерактивтік (үздіксіз әрекеттесу) мүмкіндіктерімен біріктірген ақпараттық технология. Мультимедиа құралдары деп бірыңғай басқару элементі - компьютермен жалпы негізде өңделетін өзара байланысты мәтіндік, графикалық, көру (визуалдық) және дыбыстық деректердің комбинациясын (үйлесуін) атайды. Мультимедиа құралдары белгілі бір жолмен ғана жүруге мәжбүр етпейді. Керісінше, дербес жолды таңдауға мүмкіндік береді Қазіргі заманғы құралдар деректерді өңдеу, телекоммуникация мен тұрмыстық электроника сияқты бір кездерде бір-бірінен алшақ болған салаларды біріктіруге мүмкіндік береді. Интерактивті іс-әрекеттің жаңа деңгейі сұхбаттасу процесінде адамға компьютерлік техника дамуының бұдан бұрынғы кезеңдерімен салыстырғанда неғұрлым кең көлемді және жан-жақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде бүкіл адамзаттың тұрмыс және еңбек жағдайларын шын мәніндегі революциялық қайта өзгерістерге жеткізіп отыр.[1,3] Оқытуда негізгі акцент оқушының жаңа білімді қабылдауына, саналы игеруіне, ізденуіне жұмсалған. Мұндай әдістемені оқушы ауырып сабақ босатқанда немесе тапсырманы орындап үлгермеген жағдайда қолдану ыңғайлы. Бұл жағдайда оқушылар информатика кабинетіне сабақтан кейін келіп, аяқталмаған тапсырманы толық орындауға болады. Және керісінше, сабақ уақытында өз тапсырмаларын орындап болғандар басқа оқушыларды тоспай, келесі бөлімге ауыса беруіне болады. Осылайша, оқушының жеке жұмыс істеу тәртібіне байланысты барлығы жақсы нәтижеге қол жеткізеді. Мультимедиалық қосымшалар осындай жұмыстарды ұйымдастыруға көмектеседі және бірнеше көмекші тақырыптарды өзіне кірістіре береді. Бұл жағдайда өз бетімен білім алуға, оқушының басқалардан ілгері озуына да болады. Презентация күрделі, салалы түрде болады. Тапсырмаларды дұрыс орындай отырып, келесі кезеңге өту қажет.[2] Сонымен, сабақта ақпараттық-коммуникатвитік технологияны қолданудың тиімді жақтары айтарлықтай көп. Атап айтсақ, АКТ қолдану қазақ тілі сабағының мазмұнын байытып, жаңа сабақты түсіндіру барысында, сабақты қорыту кезінде тиімді. Осылайша оқу процесінің тиімділігі артпақ. ӘДЕБИЕТТЕР: 1. Мухаметжанова С.Т., Жартынова Ж.А. Интерактивті тақта білім беру аясында. Әдістемелік құрал. Алматы, 2009 2. Галишникова Е.М. Интерактивті тақтаны сабақ үрдісінде қолдану // Мұғалім. - 2007. № 4.-с. 8-10. 3. Жанәбілова А. Жазба жұмысының инновациялық түрлері арқылы тіл дамыту технологиясы // Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектептерінде, 2008 №2 4. Исабек Н. Компьютерлік технологиялардың бағдарламалары негізінде оқыту.// Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектептерінде, 2009 №7 Download 3.21 Mb. Do'stlaringiz bilan baham: |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling