«YOUTH – DRIVING FORCE OF EDUCATION, SCIENCE AND SOCIETY»
October 25-26, 2019
Экономикалық және қоғамдық негіздерін жаңғырту, түбегейлі өзгертулер тұсында
сыбайлас жемқорлық қашан да қоғамға қауіп төндіретіндей дәрежеге көтеріледі. Мұндай
кезеңдерде жемқорлықтың шабуылын жеңілдететін мәселелер – экономиканың
құлдырауы, азаматтық қоғамның билікке тәуелділігі, мемлекет институтының
тиімсіздігі, заңнамалардың пәрменсіздігі тереңдей түседі. Сөйтіп, сыбайлас
жемқорлықтың тамырына балта шабуға кірісу алдында оны туғызатын әлеуметтік –
экономикалық жағдайларды барынша азайту қажет. Жемқорлыққа қарсы әрекет етудің
оның көріністерімен курес жүргізумен аяқталмайтынын ұғыну аса маңызды. Мұндай
күрес қашан да қоғам мен мемлекет өмірінің барлық жақтарын реттеп отырумен тығыз
байланысты. Алайда, жемқорлардың өз күштері арқылы жемқорлықпен күрес жүргізуі
мағынасыздық деген қорытынды туындайды.
Айналасындағы салауатты, таза және сау ортаны шарпып, тыныс-тіршілігін
тарылтатын, заңсыз әрекеттермен қоғамдық ортаның және мемлекеттік органдардың,
ұйымдардың, дара кәсіпкерлердің, азаматтардың қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті
дертті болдырмаудың тетігі халықтың өзінде. Әрине, сыбайлас жемқорлық сылып
тастайтын сыртқы жара емес, бұл тамырын тереңге жайған, өзге сау органдарына да
түсетін, тыныс-тіршілігін тарылтып, олардың толыққанды қызмет етуіне қатер төндіретін
қауіпті кесел. Оны емдемес бұрын аурудың пайда болу, даму, таралу жолдарын біліп,
дерттің қозуына қолайлы жағдай тууына жол бермеу керек. Ол үшін бұл ауруға қоғам
болып қарсы тұруымыз қажет.
ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас
жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы // ҚР Президентінің 2014 жылғы 26
желтоқсандағы №986 Жарлығы
2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы // 1998 жылғы 2 шiлде № 267.
https://kodeksy-kz.com/o_borbe_s_korruptsiej/6.htm
3. Төлеуғалиева К., Жемқорлықпен күресу жұмыстары жалғасуда // Талдықорған
газеті -2019. №24 (1553)
4. Буклова С., О коррупции // Талдықорған газеті -2019. №25 (1555)
5. «Әділет» ҚР нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі,
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылы туралы // http://adilet.zan.kz
6. Б.А. Ceриeв., Г.C. Cултанова., Б.Ш. Гуceнов, Мeмлeкeттік баcқару жүйecіндeгі
cыбайлаc жeмқорлықтың алдын алу // Оқу құралы, 2019.
7. Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу // http://infozakon.kz
Do'stlaringiz bilan baham: |