Ministry of education and science of the republic of kazakhstan
«ЖАСТАР – БІЛІМ, ҒЫЛЫМ, ҚОҒАМНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ»
Download 3.21 Mb. Pdf ko'rish
|
сборник-материалов-конференции-22.08.2019-1
«ЖАСТАР – БІЛІМ, ҒЫЛЫМ, ҚОҒАМНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ»
атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары 25-26 қазан, 2019 ж. Болашақ ұстаздардың жеке және жас ерекшеліктерінің сипаттамалары және олардың тәрбиелеу процесінде ескерілуі; Мұғалім мамандығының әлеуметтік мәнін ашу және оның психологиялық- педагогикалық негізделуі; Болашақ ұстазды тәрбиелеу мен дамыту процесінің құрылымы мен бағыттылығын анықтау; Болашақ ұстаздардың жеке қабілеттері мен тұлғалық сапаларын дамыту, оларда өзін-өзі бағалау дағдыларын қалыптастыру; Тәрбиенің мұғалім мамандығына икемділікті дамытуға бағытталуы; Педагогтің болашақ қызметінде кәсіби мәселелерді қабылдау мен ұғыну мүмкіндіктерін ұлғайту; Болашақ ұстаздың жеке тұлғасының жеке-типологиялық ерекшеліктерін ескеру; Болашақ ұстазды тәрбиелеу мен дамытудағы іс-әрекеттік тәсілдің тірегі; Нақты тәжірибе негізінде болашақ ұстаздың әлеуметтік бағдарлылығы [3, 34 б.]. Біз педагогикалық тәжірибе кезінде студенттердің жас ерекшеліктерін психологиялық тәсілдер тұрғысынан зерттеп, талдадық және осы негізде болашақ ұстаздардың тәрбиесі мен дамуына әсер ететін жетекші факторлар анықталды. Біріншіден, бұл болашақ ұстаздың қызметінде көрініс табатын дүниетанымы, арман-мұраттары, наным-пікірлері. Екіншіден, болашақ ұстаздың тұлғалық сапалары – мақсаткерлігі, руханияты, қоғамдық белсенділігі, идеялылығы, ұлттық құндылықтарған деген қарым-қатынасы т.б. Болашақ ұстазды тәрбиелеу мен дамыту процесінде жеке тұлғаның эмоционалдық-сезімдік саладағы байлығы, мәдениет деңгейі, зияткерлік дамуы, логикалық ойлауы, білімге ынтасы, кәсіби білімге қызығушылығы, құндылық бағдары, кәсіби деңгейін жоғарылатуға тұрақты талпынысы, әлеуметтік белсенділігі, коммуникативті мәдениеті, өзін-өзі тәрбиелеу қажеттілігі, жеке тұлғалық жетілуі сияқты қасиеттері назарға алынады. Болашақ ұстазды тәрбиелеу мен дамыту – психологиядағы ең маңызды мәселелердің бірі. Аталған мәселе бейімділікті дамытуға, нақты жағдайларда жеке тұлғаның мінез-құлқын қалыптастыруға байланысты мәселелерді қарастыратын жалпы және жас ерекшелік психологиясының құрамдас бөлігі болып табылады. Болашақ ұстазды тәрбиелеу мен дамыту процесі оның жеке тұлғасы мен мінез-құлқының өзгерісіне, өзін қоғамдық өмірде көрсетуіне, оның күнделікті өмірдегі құндылық бағдарына, әрекеттері мен дағдыларына – жеке тұлғаның психологиясына қатысты нәрселерге байланысты болады. «Жеке тұлға» ұғымы психологияда әр түрлі түсіндіріледі. Сондай анықтамалардың бірі, жеке тұлға және оның сапалары жеке адамның қоғамдық қарым-қатынастарға қатысуына қарай қалыптасады делінген, яғни тұлға қоғамдық қарым-қатынастардың субьектісі ретінде қарастырылады. Осы анықтама жеке тұлға нақты өмірлік қарым-қатынастар жүйесінде ерекше орын алатынын көрсетеді. Жеке тұлға белгілі бір қарым-қатынастарға және қоғамның басқа мүшелерімен ынтымақтастыққа қатысады, нәтижесінде жеке тұлғалық сапалары дамиды. Тағы бір басқа көзқарас біріншіге жақын, ол жеке тұлғаны қоғамдық қарым- қатынастардың субьектісі ретінде ғана емес, сонымен қатар саналы әрекеттің субьектісі ретінде де қарастырады [4, 96 б.]. Біз қарастырып отырған мәселеге сәйкес, аталған тұжырым болашақ ұстаздың өз қызметіне түсініп кірісуі керектігін, мамандықтың материалдық жағы туралы белгілі бір түсінігі болуы қажеттігін, өзінің келешегін айқын елестетуі, болашақ қызметін жоспарлауы және кәсіби-тұлғалық сапасын үнемі жетілдіріп отыруы керектігін білдіреді. Осылайша дайындалған болашақ ұстаз өзін кәсіби-қоғамдық жоспарда көрсете алады. Ол өз білімін жетілдірумен, әсіресе, кәсіби білімін жоғарылатумен 270 Materials of the international scientific-practical conference Download 3.21 Mb. Do'stlaringiz bilan baham: |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling