Ministry of education and science of the republic of kazakhstan
Key words: teacher's personality, education and development, pedagogical communication
Download 3.21 Mb. Pdf ko'rish
|
сборник-материалов-конференции-22.08.2019-1
Key words: teacher's personality, education and development, pedagogical
communication. Мұғалім тұлғасы – әрі тәрбиеші, әрі оқытушы, әрі кеңесші. Әр халықтың ойшылдары, қай ғасырда болмасын тәрбиемен оқыту процестерін ажыратпас біртұтас процесс ретінде қарастыруды талап еткен. Себебі тәрбие адамның бүкіл тағдырына әсерін тигізеді, оның өмірінін рухани негіздерін қалайды. «Адамға ең бірінші керегі білім емес, тәрбие. Тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қос жауы, ол келешекте оның өміріне опат әкеледі» - деген әл- Фарабидің сөздері қазіргі дамуы жылдам қоғамызда да өзекті болып отыр. Тәрбиенің негізгі мақсаты-жана-жакты үйлесімді дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Психологиялық-педагогиялық әдебиеттерде К.К.Платонов, Л.С.Выготский, А.Н.Лентев, М.И. Бобнева т.б ғалымдар еңбектерінде 268 Materials of the international scientific-practical conference «YOUTH – DRIVING FORCE OF EDUCATION, SCIENCE AND SOCIETY» October 25-26, 2019 жеке тұлға ұғымына түрлі зерттеулер жүргізіліп, анықтамалары берілген. Жеке тұлға-қоғамдық өмірдегі күрделі, көп жақты құбылыс, қоғамдық қатынастар жүйесінің бір бөлігі. Психология ғылымында жеке тұлға деп белгілі бір іс-әрекет түрімен айналысатын, қоршаған ортамен өзіндік қатынасын түсінетін, психологиялық ерекшеліктері бар нақты бір қоғамның, ұлттың, ұжымның өкілін атайды. Жеке тұлға- қоғамдық мәні бар адам. Кезкелген адам қоғамдық және еңбек іс-әрекеттері арқылы ғана жеке тұлғаға айналады [1, 67 б.]. Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде жеке тұлға туралы тұрақты пікірлер қалыптасқан: әр адам жеке тұлға бола алады. жеке тұлға адамды жануарлардан ажыратып тұрады, жануарларға қатысты жеке тұлға ұғымы қолданылмайды. жеке тұлға- тарихи дамудың нәтижесі. тұлғалық қасиеттер бір адамды екінші адамнан ерекшелендіріп тұрады. Жеке тұлғаның өзіндік сипаттамалары бар: белсенділік (өзінің іс-әрекет саласын кеңейтуге құлшынысы); бағыттылық (ынта, қызығушылықтар, қажеттіліктер, сенімдер жүйесі); әлеуметтік топтардың, ұжымдардың өзара әрекеттестігі. Тәрбиенің бір-бірімен тығыз байланысты екі жағы бар:жеке тұлғалық және кәсіби. Жоғары оқу орындарындағы тәрбиенің жеке тұлғалық құрамына келетін болсақ, соңғы кездері жаңа қоғамдық-саяси және экономикалық жағдайларда тәрбиенің ұлттық тұжырымдамасының қалыптаса бастағанын айта кетуіміз керек. Бұл өз халқының және басқа халықтардың мәдени мұра байлығын бойына сіңіріп, олармен өзара түсіністік орнатуға тырысқан, тұлғаралық және ұлтаралық қатынасты жүзеге асыруға қабілетті және оған дайын, басқа мәдениеттердің рухани құндылықтарына құрметпен қарайтын мәдениет адамын тәрбиелеу болып табылады. Тұлғалық-бағдарлы тәрбие дегенде біз адами мүмкіндіктерді, адами болмыстық күшті дамытудың ұйымдастырылған үрдісін түсінеміз. Ол келесі құрамдарды қамтиды: дене, психикалық, әлеуметтік және мәдени әлеуеттер. Соған орай, осы әлеуеттер негізінде жоғары оқу орнындағы тәрбие жұмысының негізгі бағыттарын белгілеуге болады. Жоғары оқу орындарындағы тәрбие жұмыстарының екінші жағы – кәсіби тәрбие. Қазіргі заман талаптарындағы жоғары білімнің мақсаты – кәсіби қызметінде жаңаша ойлауды, зерттеушілік тәсілдерді бойына сіңірген, еңбектің жаңа технологияларын меңгерген, өз қызметіндегі мәселелерді дүниетанымдық, гуманитарлық және әдістемелік білімнің кең мән-мәтінінде көре алатын, педагогикалық қызметтің сапалы жаңа субьектісін қалыптастыру болып табылады. Жоғары оқу орнындағы кәсіби білім - бұл осы қызметтің субьектісі ретінде кәсіби дайындық барысында жеке тұлғаны кәсіби қызметке тартудың арнайы ұйымдастырылған процесі. Оған студенттің бойында кәсіби бағыттылықты, кәсіби біліктілікті және кәсіби шеберлікті қалыптастыру кіреді. Болашақ маманның жеке тұлғасының кәсіби бағыттылығына таңдаған мамандығына деген қызығушылығы, педагогикалық қызметтің қоғамдық және тұлғалық маңыздылығын түсінуі, таңдаған мамандыққа деген саналы және шығармашылық қарым-қатынасы жатады. Кәсіби біліктілікті кәсібилік және тұлғалық сапасы мен шығарылатын кәсіби мәселелердің күрделілігінің сәйкестігі ретінде анықтауға болады. Оған кәсіби бейімділігімен жинақтылығы, өздігінен шығармашылық өсу қабілеті жатады және қажетті кәсіби біліміне, ептілігі мен дағдысының болуына байланысты, ең соңындаол жетілген ой- өрістен, айрықша, кәсіптік мінез-қылықтан, кәсіби этикадан көрініс табады [2, 45 б.]. Болашақ ұстаздың тұлғасын тәрбиелеу мен дамыту мәселелерін зерттеу оның психологиялық қырларын талдаудың қажеттілігімен байланысты. Кешенді зерттеуді қажет ететін негізгі мәселелерге жататындар: |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling