Ministry of education and science of the republic of kazakhstan
«ЖАСТАР – БІЛІМ, ҒЫЛЫМ, ҚОҒАМНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ»
Download 3.21 Mb. Pdf ko'rish
|
сборник-материалов-конференции-22.08.2019-1
- Bu sahifa navigatsiya:
- ӘДЕБИЕТТЕР
«ЖАСТАР – БІЛІМ, ҒЫЛЫМ, ҚОҒАМНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ»
атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары 25-26 қазан, 2019 ж. айтқанда, өзін-өзі үнемі жетілдіріп отыру, ол дегеніміз,уәждемелік-құндылық, эмоционалдық-жігерлілік және мазмұндық-операциялық құрамдастар бірлігінде өмір сүретін біріктірілген тұлғалық білім. Жеке тұлғаның өзін-өзі дамытудың психологиялық мәнін қарастыру дербестік дегенді сыртқы басқару жүйесінен ішкі бақылауға ауысу деп бекітуге мүмкіндік береді. Мұндай басқару субьектіден өз-өзі туралы мәліметтерді, ақпараттарды талап етеді, яғни тұлға арнаулы ғылыми әдебиетті үйрену мәселесіне тап болады. «Жеке тұлғалық» және «кәсіби» даму ұғымдары мұғалімге қойылатын заманауи талаптармен тығыз байланысады. Болашақ педагог білім алушы мәртебесінен білім беруші мәртебесіне ауысатындықтан оның алдына өз білімін жетілдірумен және өзін-өзі дамытумен белсенді түрде айналысу қажеттілігі қойылған. Студент-тәжірибеленуші алдында мазмұны бойынша жаңа міндеттер қойылған: ол оқу процесін жобалауы, оқытудың түрлі тәсілдері мен технологияларын үйлестіруі, оқытудың инновациялық жүйесін пайдалануы, педагогикалық рефлексияны жүзеге асыруы керек, яғни шығармашылық, проблемалық міндеттерді шешуі тиіс. Мұның барлығы оқытуды «мұғалім-оқушы» жүйесіндегі тұлғааралық өзара әрекет пен қарым- қатынастың процесі ретінде қарастыруды топшылайды.Тұлғалық тәсілді жүзеге асыру педагогтің оған сайма-сай тұлғалық қасиеттерін – эмпатиялылықты, қызығушылықты, толеранттылықты, оқушыға бірегей тұлға ретінде қарау, т.б. талап етеді. Бүгінгі күннің ең өзекті мәселесі: мұғалім мамандығына барынша ерте бағдарлану (арнаулы орта білім мекемесіндегі алдыңғы таңдау бағыты кезеңінде); тұлғалық-бағдарлану тұрғысынан студенттердің педагогикалық тәжірибесін ұйымдастыру; педагогикалық жоғары оқу орындарында болашақ педагогтардың өз білімін жетілдіруі және өзін-өзі дамытуы үшін оңтайлы жағдайларды жасау болып қала береді. ӘДЕБИЕТТЕР: 1. Бобнева М.И. Психологические проблемы социального развития личности//Cоциальная психология личности/отв.ред. М.И. Бобнева, Е.В. Шорохова.- М: Наука, 1979. - с. 67 2. Каверин, Ю. Диагностика профессиональной подготовки и личностных качеств учителя / Ю. Каверин // Управление школой. - 2010. - № 4 (февр.). - с. 45. 3. Асмолов А.Г. Личность как предмет психологического исследования. - М.: Изд. МГУ, 1980. - с.34 4. Занина Л.В. Основы педагогического мастерства / Л.В. Занина, Н.П. Меньшикова. - Ростов н/Д: Феникс, 2003. - с. 96 5. Леонтьев А.Н. Педагогика и психология. Пути модернизации начального и среднего образования/ под ред. А.А. Леонтьева. – М.: Баласс, 2002. – Вып. 6. - с. 86 Download 3.21 Mb. Do'stlaringiz bilan baham: |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling