Ministry of education and science of the republic of kazakhstan
«ЖАСТАР – БІЛІМ, ҒЫЛЫМ, ҚОҒАМНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ»
Download 3.21 Mb. Pdf ko'rish
|
сборник-материалов-конференции-22.08.2019-1
«ЖАСТАР – БІЛІМ, ҒЫЛЫМ, ҚОҒАМНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ»
атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары 25-26 қазан, 2019 ж. курстарының идеялары мен теорияларына негізделеді. Сабақтастық мәселесін пәнаралық байланыстар және жалпы кәсіптік пәндік дайындық пәндерінің мазмұны арқылы студенттердің біртұтас көзқарасын қалыптастыруы арнайы әдістемелер мазмұнының призмасы арқылы осы құбылысты зерттеу процесінде оның әртүрлі аспектілерін оқшауланған және кешенді түрде қарастырылуына мүмкіндік береді. Модульде интеграцияланған тексерілген нәтиже, еңбек сыйымдылығы, белгіленген кредиттер санына еселік (сынақ бірліктері) және білім беру процесінің тұтастығын сақтайтын жеке әдістемелік қамтамасыз ету болуы тиіс. Модульдік білім беру бағдарламаларын әзірлеу кезінде кез келген құзыреттілік құрылымдық үш компоненттің синтезі ретінде ұсынылады: - когнитивті, пәнаралық байланысты және болашақ кәсіби саламен байланысты ескеретін нақты саладағы пәндік ("не білемін?"), процедуралық ("қалай білемін?") және әдіснамалық ("қалай білуге болатынын білемін?") білім жүйесін қамтитын; - оқу-кәсіптік жағдайларда білімнің немесе технологиялардың осы саласын пайдалану бойынша іс-әрекет тәжірибесін алуға ықпал ететін жалпы ғылыми және кәсіби бағдарлы біліктердің жиынтығынан тұратын іс-әрекет (іс-әрекет тәжірибесін меңгеру); - студенттердің көзқарастарымен, нанымдарымен, идеалдарымен меңгерілетін пәндік сала (модуль) аспектісінде кәсіби шындықты сәйкестендіруге мүмкіндік беретін мотивациялық-құндылықтық (қарым-қатынас, ұмтылу). Бұл компонентті дамыту болашақ маманның тұрақты кәсіби және тұлғалық өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі іске асыру үшін негіз қалайды. Еліміздің барлық жоғары оқу орындарында оқытудың кредиттік технологиясы жаппай енгізілгендіктен, ол үшін студенттерді оқытудың модульдік технологиясы барынша қолайлы. Негізі «Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру ережелері» нормативтік құжатында білім беру бағдарламасын модулдік құру оқу процесін ұйымдастыру тұжырымдамасы негізінде білім беру бағдарламасының мазмұны мен құрылымын анықтау арқылы кәсіптік оқыту мақсатына қол жеткізу құралы ретінде қарастырылады [5]. Қазақстандық ғалым-педагогтары модульдік оқыту идеялары М.М. Жанпейсованың (модульдік интерактивті оқыту), Ж.Ж. Қараевтың (түрлі деңгейлі дифференциация технологиясы) еңбектеріне негізделген, Н.А. Аделбаева, Т.Т. Галиев, А.А. Жүнісбек және басқа да көптеген отандық ғалымдардың ғылыми мақалаларында көрсетілген. Модульдік технология кезінде оқыту мазмұны автономды ұйымдастыру- әдістемелік блоктар мен модульдерге құрылады, олардың мазмұны мен көлемі дидактикалық мақсаттарға, студенттердің бейінді және деңгейлеп саралануына байланысты өзгеруі мүмкін. Бұл бағытта, әрбір студент өзіне ұсынылған жеке оқу бағдарламасымен жұмыс істей алады, онда қойылған дидактикалық мақсаттарға жету бойынша мақсатты іс-қимыл бағдарламасы, ақпарат банкі және әдістемелік нұсқау бар. Оқытушының функциялары ақпараттық-бақылаушыдан консультативті-үйлестірушіге дейін өзгеруі мүмкін [6]. Модульдік оқытудың ерекше сипаттамасы жоғары оқу орнында оқытудың кредиттік жүйесімен табысты араласуы болып табылады, бұл ретте оқытушы мен студенттің қарым-қатынасының стилі мен формалары өзгереді, олар өзара қарым- қатынастың сапалы жаңа деңгейіне ауысады [7]. Оқытудың модульдік технологиясын табысты қолданудың негізі ретінде біз студенттің танымдық дербестігін қалыптастыру деп санаймыз. Біздің ойымызша, бұл модульдік оқытудың басты өнімі. Л. Г. Вяткиннің анықтамасы бойынша «Танымдық дербестік психиканың қасиеті ретінде адамның білімге деген ішкі қажеттілігімен, оларды әртүрлі көздерден алу және 266 Materials of the international scientific-practical conference Download 3.21 Mb. Do'stlaringiz bilan baham: |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling