Ministry of education and science of the republic of kazakhstan


«YOUTH – DRIVING FORCE OF EDUCATION, SCIENCE AND SOCIETY»


Download 3.21 Mb.
Pdf ko'rish
bet284/299
Sana23.07.2023
Hajmi3.21 Mb.
#1661870
1   ...   280   281   282   283   284   285   286   287   ...   299
Bog'liq
сборник-материалов-конференции-22.08.2019-1

«YOUTH – DRIVING FORCE OF EDUCATION, SCIENCE AND SOCIETY» 
October 25-26, 2019 
бар білім беру бағдарламасының бөлігі;
- дербес, формальды құрылымдық оқу бірлігі, оның құрамына өзара байланысты 
және толық сипатталған оқыту нәтижелерінің кешені, сондай-ақ бағалаудың барабар 
өлшемдерінің жиынтығы (курстық бірлік) кіреді. Әрбір курстық бірлікке кредиттердің 
тең саны немесе оған еселік саны сәйкес келеді. 
Философиялық әдебиеттерде сабақтастық көп жағдайда терісті терістеу заңының 
диалектикалық тұрғыдағы көрінісі ретінде түсіндіріледі. Сондықтан сабақтастық 
оқытудың әрбір сатысында білімгерлердің жаңа оқу материалын түсіндіру түрлеріне, 
білімдері мен біліктеріне, әдістері мен тәсілдеріне және оны бекітуге бағытталған барлық 
жұмыстарға қойылатын талаптарды сипаттайды.. Сондай-ақ жоғары оқу орнында 
пәнаралық сабақтастықтың негізгі сипаттарының бірі – өзара байланысты құбылыстарды 
қайта жаңғырту, жүйелеу. 
Қазақстандық ғалымдар К.Устемиров [2], Г.З.Сауытбекова [3], Ұ.Б.Төлешева [4], 
және тағы басқалар білім беру жүйесіндегі сабақтастық мәселесіне арналған еңбектерінде 
өзіндік бағыттары ұсынылған. К.Устемиров жалпы білім беретін мектеп оқушыларына 
технологиялық білім беру мазмұнының тұжырымдамасын әзірлеп, орта білім беру 
жүйесінде технологиялық және бастауыш кәсіптік оқыту мақсаттарының, міндеттерінің, 
әдістерінің, нысандары мен құралдарының өзара байланысы мен технологиялық білім 
беру мазмұнының сабақтастығын қамтамасыз етудің дидактикалық шарттарын 
анықтаған. Г.З. Сауытбекова бастауыш сынып оқушыларының экологиялық білімдерінің 
сабақтастығын қалыптастыруға болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін дайындау 
әдістемесін әзірлеп, мектеп оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып, үздіксіз 
экологиялық білім берудің мазмұны, әдістері мен ұйымдастырушылық нысандарын 
бөліп көрсетті. Ұ.Б.Төлешева оқушылардың танымдық қызығушылығын сабақтан тыс 
тәрбие жұмыстары арқылы қалыптастырудағы мектеп пен университет арасындағы
сабақтастықты ғылыми-педагогикалық тұрғыдан негіздеп, әдістемелерін берген.
Ресейлік ғалымдар Ш.И. Ганелин, С.М. Годник, Ю.А. Кустов және т.б. 
жұмыстарында педагогикалық ғылымдағы сабақтастықтың педагогикалық мәні, оның 
әлеуметтік-психологиялық мазмұны мен теориялық негіздері ашылады.
Ғалымдар әр түрлі позицияларда оны бірыңғай тану жолы ретінде: дамыған оқу 
сипаттамасы, оқыту принципі, жалпыпедагогикалық принцип, әдіснамалық принцип, 
жалпыпедагогикалық заңдылық, дидактикалық шарт, білім беру әдістерінің жолын 
оңтайландыру, оқыту және тәрбиелеу тиімділігін арттыру құралдары, оқу-тәрбие 
процесінің сапасын арттыру факторы, пәнаралық байланыс және т.б. ретінде 
қарастырды. Жоғарыдағы зерттеулер бойынша оқытудың сабақтастық мәселесі ішкі 
пәндік және пәнаралық байланыстарды іске асыру міндеттерімен байланысты деп 
қарастыра отырып, пәнаралық сабақтастықтың мынадай түрлері берілген. 
1. Бір циклдегі пәндердің арасындағы байланыстар. 
2.Түрлі циклдерге жататын пәндердің арасындағы байланыстар.
3. Пәнішіндегі тақырыптық байланыстар. 
Педагогикалық цикл пәндерінің мазмұнындағы пәнаралық байланыстардың 
негізін интегративтік-тақырыптық тәсіл құрайды, онда процестің мазмұндық, 
әдістемелік және ұйымдастырушылық бірлігіне дәріс немесе практикалық сабақ емес, 
оқу пәнінің тақырыбы, бөлімі алынады. Олар, жалпы педагогика, арнайы әдістемелер 
сияқты пәндер мазмұнының пәнаралық байланысы студенттердің танымдық пәндік 
саласын кеңейтуді негіздейді, екі немесе одан да көп оқу пәндерінің құрамына кіретін 
мазмұн элементтерінің арақатынасын қамтамасыз етеді, оқытылатын мәселелердің 
білімін бірыңғай жүйеге біріктіреді.
Болашақ педагогты педагогикалық цикл пәндерінің мазмұнын оқу кезінде 
пәнаралық сабақтастықты жүзеге асыруға дайындаудағы пәнаралық байланыстар 
пәндердің пәндік мазмұнына және нақты факторларға, негізгі ірі ұғымдарға, оқу 


265 

Download 3.21 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   280   281   282   283   284   285   286   287   ...   299




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling