Наурыз айы мерекелерге толы ай. Үстіміздегі жылдың 17-мартында Құйышыршық аудандық халыққа


Download 0.49 Mb.
Pdf ko'rish
bet2/3
Sana16.06.2023
Hajmi0.49 Mb.
#1510611
1   2   3
Bog'liq
2 5256047944527784614

Толсынай САРСЕНОВА,
Құйышыршық ауданындағы 
18 мектептің насихатшысы.
Жаратушы ием маған үлкен сыйлық сыйлады. Ол өте қымбат, бағалы әрі әдемі. 
Менің өмірімдегі ең үлкен сыйлық сол болды. Ол көлік немесе зәулім сарай емес! 
Ол менің өмірдегі өз орнымды табуға көмектескен талантым. Яғни, қос ішекті 
домбырамен ән айту. Дұрыс, кейбіреулерге бұл жай ғана ән шырқау болып көрінуі 
мүмкін, бірақ бұл мен үшін өте асыл өнер. Өйткені, бұл талант әкемнен қалатын 
мұра. Әкем маған: “Музыка – бұл сезімнің және білімнің өнімі, өйткені ол шәкірт-
терінен, композиторлардан және орындаушылардан тек талант пен ынта-жігерді 
ғана емес, сонымен бірге оқу мен ойлаудың нәтижесі болып табыладын білім мен 
қабылдауды талап етеді”, — деп алғаш рет домбыраны қолыма алғанда айтқан. 
Жаратқан ием әкеме менің талантымнан да күшті талант берген, яғни суырып 
салма ақындық дарыны, Дарындылық белгілі бір жеке жетістіктерге қол жеткізуге 
мүмкіндік береді. Егер бұл мүлдем мүмкін болмаса біз ақылды басқаруды білуіміз 
керек. Біз әрқашан өз бауырларымызды және айналадыға араласатын адамдарды 
құрметтеуіміз керек, оның себебі – біз бүгін сұхбаттасатын адамдың бойында қандай 
жасырын таланттардың болуы мүмкін екенін білмейміз.
Антон Чехов бір сөзінде былай деген екен: “Сенім – рухтың икемділігі. Бұл шын 
мәнінде талант: сіз онымен бірге туылуыңыз керек”. Адамдардың бәрі бірдей 
сенімге ие бола бермейді, кейбір адамдар туа біткен нәрсеге өз көзімен көрмеген 
нәрсеге сене алмай туады.
Тағы бір ғалым: “Жасырын талантты ешкім сыйламайды”. Сондықтан да адам 
бойында бар талантты басқалар алдында көрсете білуі қажет. Адамдар бір-бірінен 
мүлдем өзгеше, бұл біздің таланттарымыздың болуы мүмкін екенін сезінуге мүм-
кіндік береді. Біздің өмірімізді толыққанды өмір сүруге бір ғана мүмкіндігіміз бар, 
әр күнді өз көзқарасымызбен лайықты етейік...
Бұл таланттың болуына, жалпы алғанда, менің дүниеге келуіме анамның үлкен 
үлесі бар. Әрбір жанның өмірде анасының орны ерекше болары ақиқат. Ана жайлы 
ең көп жазған жазушы Ғабит Мүсірепов: “Талантқа қанат болар сезім емес, сенім 
болу керек”, — деген. Расында да, адам өзіне сенімді, мақсатын айқын біле алмаса 
таланты дұрыс қолдана білмейді. Дарындылық негізінен тыныш жерлерде, мінезде 
адам өмірінің толқынында дамиды. 
Біздің барлығымыз бірдей дарындылықпен туа бермейміз, кейбіреулерімізде 
тіпті ерекше таланттар жоқ сияқты көрінеді. Дарындылық – бұл бәсекеге қабілет-
тіліктің жоғары деңгейін дамытуға мүмкіндік беретін қасиет. Уақыт өте келе өз 
қолөнерімізге деген жоғары деңгейдегі адалдықты сақтау қиын міндет болуы 
мүмкін. Уақыт – бұл біздің ешқайсымыз үшін бекер өтпейтін нәрсе. Сондықтан 
бойыңда бар таланттан уақыт бар кезде пайдаланып қалу қажет деп ойлаймын.
Көктем келді, көк ана,
Жер көгеріп, көк дала.
Гүл, жапыраққа бүркеніп,
Көктем келді, көк ана.
Балалар асық ойнауда,
Адамдар Наурыз тойлауда.
Әжелер бидай өсіріп,
Сүмалак қамын ойлауда.
Жайлау толы қара мал,
Гүлдеп жатыр қара тал.
Наурыз мейрам келген соң,
Бата берер үлкен шал.
Қалам алдым қолыма жырлайын деп,
Жырламасам жүрегім тулайды кеп.
Ұстаздарды бүгінгі мерекемен,
Шын жүректен жырыммен 
құттықтайын деп.
Ұстаздарды құттықтаймын мерекемен,
Қолына гүл ұсындым берекемен.
Әрқашан аман болып жүре берші,
Шәкірттерің арнаған жыр-өлеңмен.
Аман болып жүре бер ұстаздарым,
Шәкірттерді дайындап, білім беріп.
Әрқашан біз сіздерден өрнек алып,
Өсіп келе жатырмыз қуат алып.
Біз сіздермен әрқашан мақтанамыз,
Жыл сайын мерекеде шаттанамыз.
Үлкен болсақ біз ертең, болашақта,
Тек өзіңе алғыс айтып, бақ табамыз.
Әніңді айтсам жүрегім сен деп соғып,
Сусағанда басамын жырыңды оқып.
Еш ұмытпай жан дауа ғибратыңды,
Түкпіріне көңілдің жүрем тоқып.
Өмір атты арпалыс ақ айдында,
Ардақ тұтып өзіңе қараймын да.
Бойымдағы түзетсем бар мінімді,
Керегіне елімнің жараймын ба?
Көктем келдi гүлменен,
Жайнаған бұлбұлменен.
Ағаш гүлі ашылды, 
Iшiнен шуақ шашылды.
Күннің нұры жарқырап, 
Әлем көзін қайнатқан.
Жасыл шөптер жадырап,
Жердің көркін жайнатқан.
Көктем күні басталды, 
Ұлы қадам тасталды. 
Мерекелер тойланып,
Жалбыз теру басталды. 
Сүмалактар пісіріп, 
Әйел-қыздар, аналар. 
Ниет етіп тас салып
Жадырады балалар. 

Download 0.49 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   2   3




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling