Қосымша 1 жаңартылған білім беру


Download 19.19 Kb.
Sana20.03.2023
Hajmi19.19 Kb.
#1285129
Bog'liq
3,1


Қосымша 3.1 ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫНЫҢ БАСТЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ





Жаңартылған білім беру мазмұны басты ерекшеліктері

Сіздің ұсыныңыз

Жүзеге асыру жолдары

1

Оқу дағдылары (оқылым, айтылым,
тыңдалым, жазылым)

Оқушылардың сана сезімін дамытатын түрлі ойындар өткізу

Оқылымға арналған сабақ құрылымы төмендегідей: Оқылым алдындағы тапсырма: мәтін тақырыбын ашуға бағытталған жаттығулар, сөздерді алдын ала үйрету, мәтін мазмұнын болжауға байланысты сұрақтар қою. Оқылым тапсырмасы: әртүрлі оқылым дағдыларын дамытуға арналған жаттығулар (сұрақтар). Алғашқы жаттығулар жалпы мазмұнын түсінуге бағытталса, кейінгі жаттығулар нақты ақпаратты табуға арналуы тиіс. Интерактивті стратегияларды ( сөйлесу барысында адамдарды қызықтырып, тілдесуге тартудың жолдарын білу) пайдалана білу

2

Ойлау дағдылары (білу, түсіну,
қолдану, талдау, салыстыру, бағалау)

Оқушылардың бағалау критерийлерінің себеп-салдарлық байланысын орнатуда оқушыға флеш-карта түрінде жеткізуіне болады.

сабақтың/бөлімнің алдында оқу мақсатын түсіндіреді;
оқушы тіліне критерийлерді аудару;
зерттеу туралы әңгіме болғанда пайдалану үшін негізгі сөздер бар плакаттарды немесе флэш-карталарды әзірлеу – мәнмәтінге байланысты басқаша түсіндіруге болатын белгілі бір пәнге немесе кең тараған сөзге жататын арнайы сөз болуы мүмкін, мысалы, сипаттау, түсіндіру, бағалау;
оқушыларға өз жұмысын құрылымдауда көмек көрсету үшін жоспарлау / хаттар үшін базаны әзірлеу;
әр түрлі бағалау критерийлерін көрсету үшін түрлі стандарттардың аннотациялық мысалдар банкін дамыту;
оқушылар өз тесттерін / тапсырмаларын жобалау үшін мүмкіндіктер беру.



3

Шығармашылық ойлау дағдысы

«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасының стратегияларын ұтымды пайдалану арқылы оқушылардың шығармашылық қасиетін анықтауда, күшейтуде, түсінікке сыни тұрғыдан қарап, ең керекті пікір, ұйғарым таңдауға, шешім қабылдауға үйрету керек.

Оқушыларға ойланып, толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру.
Әр түрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау.
Үйрену барысында оқушылардың белсенді іс – әрекетін қолдану.
Кейбір оқушылардан жауабының, сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету.
Сын тұрғысынан ойлауды бағалау.
Логикалық ойлауын дамытатын ойындар мен берілген тапсырмаларды шешу.
Берілген тапсырманы түрлендіру бағытында жұмыстар.
Қиялдау арқылы рөлге бөлдіру, оқыту.
Ұнатқан кейіпкерлеріне мінездеме беру.
Ой шапшаңдығын,сөз байлығын дамытуда өлең шумақтарын құру.
Өз ойларын еркін жазу.

4

Логикалық ойлау дағдысы;

Логикалық ойлауға түскен құбылыстың себептері мен салдары қатесіз анықталады.

Логикалық жаттығулар, қызықты әзіл есептер, дидактикалық ойындар.

5

Сыни ойлау дағдысы

Сауалнама алу
Сабақты белсенді өткізіп, әр баладан еркін жауап алуға жағдай жасау. Қиялын дамыту үшін «Менің ойымша» деген жауапқа дағдыландыру.

Ойлану,жұптық талқылау,болжау, Рефлексивті практик, «қызық екен, мен ол туралы ойлaмаппын» деген түсiнікті пайдаланып, естігендерін сынамай және қарсыласпай, өз пікірін айта алу.

6

Алгоритмдік ойлау дағдысы

Информатиканы оқытудың мақсаты алгоритмдік, жүйелік және аналитикалық ойлауды, яғни теориялық ойлауды дамыту болса, біз өзіміз үшін педагогикалық әсер ету объектісін анықтап алуымыз керек. 

Мектеп оқушысын алгоритмикаға оқыту үшін бүтін сандармен арифметикалық операцияларды орындау біліктілігі керек. Қазіргі уақытта балалардың алгоритмдік ойлау қабілетін дамытуға арналған көптеген бағдарламалар бар. Үнемі дамыту сабақтарын өткізу барысында, жүйелі ұйымдастырылған қызықты тапсырмаларды орындау кезінде алгоритмдік ойлау, өзбетінділік сияқты қымбат қасиеттерді қалыптастыру үшін қолайлы жағдай құрылады. Компьютерлік жаттығулар сабақ түрлерінің бірі, ол барлық сабақтар бойынша жасалып, сабақтың апофеозы болуы тиіс. Кез келген информатика сабағында компьютерлік және компьютерлік емес фрагменттер болуы тиіс. Олардың дұрыс үйлесімділігі әдістемелік және эргономикалық талаптармен анықталуы тиіс.

7

Критикалық ойлау дағдысы

Критикалық ойлау – неге сеніп, не істеу керектігі жөнінде
саналы ойлай білу. Мен неге сеніп, нені білдім?
- Мен қандай жаңа нәрсе үйрендім?
- Менің ойлау жүйем өзгерді ме? Қалай, қай жағына
өзгерді?
- Бұдан маған қандай пайда бар?
Осы сауалдарға жауап тауып, критикалық ойлай білетін
адам өзінің ойлау жүйесін бағалай біледі.

Критикалық ойлай білу – қай-қайсымыз үшін де аса бағалы,
өте қажет дүние. Рас, сіз ғалым да, саясаткер де, бизнесмен
де, дәрігер де болғыңыз келмейтін шығар, дей тұрғанмен
сіз үшін осы адамдардың айтқан сөздері мен келтірген
дәлелдері анық па, жоқ па, оң ба, теріс пе соны сараптай
білу мақсатында қажет.

8

Проблемалық ойлау дағдысы

Мұнда мұғалім білімді дайын түрде баяндап бермейді, оқушылардың алдына проблемалық міндет қояды. Шешімді және шешу құралдарын оқушы өзі іздестіруі тиіс.

Оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттері мен дағдыларын дамыту. - оқушылардың белсенді ізденіс нәтижесінде игерген білімдері мен дағдылары дәстүрлі оқыту әдістеріне қарағанда есте тез және берік сақталады.
Кез-келген нақты қызмет саласында өз ерекшелігі болатын кәсіби проблемалық ойлау жүйесін қалыптастыру және дамыту.

9

Технологиялық ойлау дағдысы

Оқушыларды оқу үрдісін басқаруға қатыстыру;
ұжымдық іс-əрекетті ортақ қарым-қатынас құралы ету;
деңгейіне қарап саралап, ерекшелігіне қарап даралап оқыту.



Сабақты белсенді өткізіп, əр баладан еркін жауап алуға жағдай жасау.
Сенімділікке тəрбиелеу үшін баланың жауабын санмен бағаламау.
Қиялын дамыту үшін «менің ойымша» деген жауапқа дағдыландыру.
Əр түрлі жауапқа бірдей қарау, жақсысын мадақтап, нашарын сынамау.
Тіл байлығын дамыту үшін, қалайда жауапты соңына дейін тыңдау.
Жауап беруге тілек білдірмеген баланы өз еркінсіз, қинап сұрамау.
Баланың дүниетанымының кеңіп, рухани өсуіне жағдай жасау.
Жеке тұлға ретінде «мен» деген рөлін көтеру, өз пікірін қалыптастыру.

10

Тілдік құзіреттілік дағдысы

Сөздерді дыбыстау, сұрақтарға жауап беру. Сөйлеу барысында қажетті стильді қолдану. Жест, мимиканы қолдану

Грамматиканы, сөздерді және қарым-қатынасқа түсу функцияларын (қарымқатынасқа түсу себебі мен мақсаты, мысалы: сәлемдесу, кеңес беру, кешірім сұрау, т.б.) қолдана білу.

11

Оқушылардың коммуникативтік
дағдыларын дамыту

Сөйлеген сөзін бақылау және өзін-өзі түзетіп отыру, пікірталасқа қатысу

Бақылауға алынған немесе шектелген практикалық жаттығу – сабақ барысында оқушылар тілдік бірліктің белгілі бір түрін ғана қолдануды үйренеді. • Тілді сауатты қолдану үшін практикалық жұмыстар жүргізіледі. Ауызша флуенттілік (нормаға сай жылдамдықта, аздаған кідіріспен, қайталаулармен өзін-өзі түзете отырып сөйлесе білу және дыбыс үндестігін табиғи түрде қолдана білу);

Download 19.19 Kb.

Do'stlaringiz bilan baham:




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling