Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы білім министрлігі ташкент облысы шыршық мемлекеттік педагогика институты гуманитар пәндер факультеті


Пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi............................................................35


Download 67.42 Kb.
bet2/15
Sana04.02.2023
Hajmi67.42 Kb.
#1162880
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Bog'liq
Жұлдыз

Пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi............................................................35


КІРІСПЕ
Курс жұмысының өзектілігі. Лингвистиканың грамматика саласы негізгі екі салаға бөлінеді: оның бірі - морфология, екіншісі - синтаксис. Бұл салалардың әрқайсысының өздеріне тән зерттеу объектілері бар.Солардың ішінде морфологияның негізгі объектісі – сөздердің тұлғасын, формасын, грамматикалық сипатын және сөз таптары мен топтарын қарасттыратын күрделі сала. Грамматиканың бір саласы морфологияның (гректің morfe – форма, тұлға және logos – сөз, ілім деген сөздерден құралған) да зерттейтін басты объектісі – сөз. Әрине морфология лексикология сияқты жеке сөздердің нақты мағыналарын, олардың қайдан шығып, қалай қалыптасқанын, функциональдық-стилбдік сипаттарын емес, сөздердің жалпы қасиеттерін. Ортақ қасиеттері арқылы сөздердің белгілі топ құрай алуы мен түрлену, тұлғалану жүйесін, соның нәтижесінде пайда болатын жалпы мән-мағыналарды топтап, категориялық ерекшеліктерін зерттеп сипаттайды. Сөйтіп, морфология сөздердің грамматикалық сипаттарын зерттеп айқындайды.
Елбасымыз Ш.М.Мирзияевтің бес стратегиясының төртінші басқышында көрсетілген: «Жастардың руханиятын өркендету, олардың ортасында кітапқұмарлықты кең түрде насихаттау бағыты» мысалында оқулықтар мен оқу әдістемелік құралдарын жазу, жастардың оқуға деген қызығуын арттыру басты талаптардың бірі болмақ.
«Осы уақытта, ақпарат-коммуникация саласындағы соңғы жетістіктерді меңерумен бірге, жастардың кітап оқуға деген қызығуын арттыруға, оларды кітаппен дос болуға, тұрғындардың кітап оқуға деген қызығуын және де арттыруға айрықша көңіл аудару қажет болады. Мұның үшін, ең алдымен, ұлттың әдебиетіміз бен әлем әдебиетіміздің ең жақсы үлгілерін соның ішінде қазіргі жастарымыз яғни студенттеріміздің өз мамандықтары бойынша оқулықтар мен оқу құралдарын әлеуметтік тармақтарға орналастыру және оларды кең насихаттауға ерекше көңіл аударуы ас маңызды талап етеді» - деп айтқан болатын Президентіміз Шавкат Мирзияев1.
Иә, шынында да, елімізде жан-жақты салауатты және кемел ұрпақты кәмелетке жеткізу, жастарымыздың ұлттық және жалпыадамилық құндылықтарымыз негізінде тәрбиелеу мақсатында жоғары оқу орындарының қазақ тілі және әдебиеті бағытындағы студенттердің қазіргі қазақ әдеби тілі пәнінентүрлі технологиялар, әдіс-тәсілдерді, тәлім-тәрбие үдерісіне заманауи жандасулар және инновацияларды қолдану компетенцияларын дамыту, инновaциялық технологиялардан пайдалану үшін қажет болған білім мен ептіліктерді қалыптастыру, заманауи оқыту құралдарынан пайдалану дағдысын дамыту негізгі міндеттердің бірі болып табылады.
Сондықтан да біз жастар, ғылым жолында көп ізденіп, келешекте ел үшін аянбай еңбек етуіміз, ұрпақты саналы тәрбиелеуге бел байлайтын оқытушы-ұстаз болып қалыптасуымыз керек. Ол үшін ғылыммен айналысып, талай шығармашылық еңбектер жазып, мемлекетіміздің дамуына өз үлестерімізді қосамыз.
Тақырыптың өзектілігі сонда, тілдің грамматикалық құрылысы, белгілі топтағы сөздердің түрлену жүйесі мен соған сәйкес туындайтын әртүрлі грамматикалық мағыналар, грамматикалық мағыналардың өмір сүріп, жүйелік тілдік құбылысы болу үшін т.б. сипаттар тіліміздегі сөздердің белгілі-белгілі грамматикалық топтарға, сөз таптарына бөлінуіне байланысты. Өйткені сөздер синтетикалық сипаттарының, түрлену жүйесінің, синтаксистік қызметтерінің ортақтығына қарай топталады. Қазақ тіліндегі барлық сөздер атауыш сөздер, көмекші сөздер, одағай сөздер, болып үшке бөлінеді.
Сөйтіп, біріншісі – атауыш сөз, екіншісі – көмекші сөз, үшіншісі - одағай сөздер. Сөз таптары сөздердің белгілі жүйесінде қалыптасқан грамматикалық топтары болып табылады, сондықтан сөз таптары мен сөздерді түрге бөлуге ол сөздердің грамматикалық сипаттары мен белгілері негіз бола алады.

Download 67.42 Kb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling