Кіріспе
Зерттеу жұмысының актуалдығы: Қазіргі заманда жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру әлеуметтік құрылымның ең маңызды міндеттерінің біріне айналды. Ертеңгі ел болашағы, бүгінгі жас ұрпақтың сапалы білім, тәлімді тәрбие алуына мемлекет тарапынан жан – жақты қолдау көрсетілуде. Әлемдік білім кеңестігінде мектепке дейінгі педагогикалық мәселелерін шешуде тәрбиелеу мен білім беру жаңаша жетілетін әдіс-тәсілдерін іздестіру, үнемі жаңалыққа жол ашу бағыттары қарастырылған.
Мектеп жасына дейінгі балалардың қарым – қатынас дағдысын қалыптастырудың негізгі көзі – сюжетті – рөлді ойындарды дұрыс пайдалану. Болашақ ұрпақтың коммуникативті құзыреттілігін дамыту балабақша тәрбиесінің бір міндеті ретінде бүгінге дейін күн тәртібінен түспей келеді. Бұл аспекті баланың ойлау, танымдық процестерінің және қабілетінің дамуына тікелей байланысты. 3-4, 5-6 жастағы баланы оқу-тәрбие процесінде дамыту мәселесінде басты қызметті, ең алдымен, баланың өздігімен әрекеті және танымдық белсенділігі атқарады. Мектепке дейінгі шақта жетекші әрекет – ойын болып есептеледі. Оның жетекші іс-әрекет болуы, қазіргі баланың өзінің көп уақытын ойынмен алданып, үлкендердің еңбек әрекетіне аз немесе мүлдем араласпауына байланысты емес. Ойын бала психикасында сапалы өзгерістер туғызады.
Курс жұмысының мақсаты: мектепке дейінгі жастағы балаларда сюжетті - рөлді ойындарды ұйымдастыруды үйрену
Курс жұмысының объекті: мектепке дейінгі жастағы балаларда сюжетті - рөлдік ойындарды ұйымдастыруды үйрену процесі
Курс жұмысының предметі: .Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті барысында рөлдік ойындарды қолдану жетістіктерге әкелетінін дәлелдеу.
Курс жұмысының міндеті:
1.Ересек тобында өткізілетін сюжетті - рөлдік ойындар арқылы балалардың ойлауы мен коммуникативті дағдысын дамыту жолдарын көрсету;
2.Мектепке дейінгі мекемелерде ұйымдастырылған оқу іс-
әрекеттеріндегі қолданылатын сюжетті-рөлдік ойын түрлерін зерттеу.
Курс жұмысының құрамы: кіріспе, екі бөлімнен, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, қосымшалар.
Do'stlaringiz bilan baham: |