Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы білімдендіру министрлігі ажинияз атындағы нөкіс мемлекеттік педагогикалық институты «мектепке дейінгі тәлім»
Балабақшаларда сюжеттік ойынды ұйымдастыру педагогикалық негіздері
Download 34.58 Kb.
|
ИНДИРА 2
1.2 Балабақшаларда сюжеттік ойынды ұйымдастыру педагогикалық негіздері
Мектепке дейінгі балалық шақ 3тен 7 жасқа дейінгі жас баланың дамуындағы мүлде айырықша кезең болып табылады. Дәл осы жаста ішкі психикалық өмір және жүріс-тұрысты іштей реттеу пайда болады. Бұл ішкі өмір жалпы түсініктер бойынша әрекет ету қабілетінде, баланың қиялында, ерікті жүріс-тұрыста, ересектер және құрдастар арасындағы мазмұнды қарым-қатынаста табылады. Осы маңызды қасиеттер мен қабілеттердің барлығы, ересектермен әңгімелесуде, мамандар сабақтарының барысында емес, сюжеттік-рөлдік ойында туындайды. Осындай ойында балалар ересектердің рөлдерін ойнап, өздері арнайы құрастырған ойын жағдайларында, қиялдан шығарған жағдайларда ересектердің іс-әрекеттерін және олардың арасындағы қарым-қатынасты қайта орындайды. Сюжетті ойын бала тарапынан шынайы, сезінетін өнімді талап етпейді, бұл ойында барлығы шартты, барлығы әзіл сияқты. Бала елестеткен шегені ойыншық балғамен соға алады, бірақ шын мәнінде шегені соға алмайды, «дәрігер» болып, ауру қуыршақтарды емдей алады, ал шын мәнінде бұл ересектердің мамандығы бала үшін алшақ жатыр. Шын өмірде ешқашан болмаған толғындыратын оқиғаларға енеді, өзін-өзі ойдағыдай таныта алмай қалған жағдайларды қайтадан бастан кешіп жатады. Сюжеттік ойындардың барлығы осындай мүмкіншіліктердің барлығы мектеп жасына дейінгі баланың тәжрибелік әлемін кеңейтіп, оған ішкі эмоционалдық жайлылықты қамтамасыз етеді. Қазіргі заманның психологиялық-педагогикалық зерттеулерінде сюжетті ойын - адамның кез келген іс-әрекеті сияқты - балада өз бетімен пайда болмайды, оны меңгерген, ойнай алатын өзге адамдар арқылы қалыптасатыны туралы көрсетілген. Сюжетті ойын тақырыбынан тыс өзінің ең қарапайым түрінде заттармен шартты әркеттер тізбегі ретінде құрылуы мүмкін. Көптеген зерттеулер негізінде 3-5 жастағы бала ойнайтын рөлдеріне еніп, оларды біртіндеп алмастыра білу керек екендігі, заттармен әрекет ету және рөлі бойынша сөйлеу арқылы жүзеге асыруы тиіс, құрдас-серіктеспен рөлдік қарым-қатынас құру тиіс екендігін көрсетті. Есейе келе, бала ойын барысында әр түрлі оқиғалардың бірізділігін өрістету тиіс, оларды өзінің және 2-3 құрдас-серіктестің ойластырғанына сәйкес ұластыру тиіс, сюжетті оқиғаларды рөлдік ара-қатынас арқылы және заттармен әрекет ету арқылы жүзеге асыруы тиіс. Балабақшада сюжетті ойынды ұйымдастыру принциптері: Тәрбиеші балалармен бірге ойнау тиіс 1. Тәрбиеші балалармен бірге мектепке дейінгі балалық шақ бойы ойнау тиіс, бірақ ойынның әр бір кезеңінде балалар ойын құрудың жаңа, одан да күрделі тәсілін танып және меңгере алатындай, ойынды ерекше әдіс арқылы өрістету қажет. 2. Ерте жастан бастап және әрі қарай мектепке дейінгі балалык шақтың әрбір кезеңінде ойын біліктері қалыптасқанда баланы ойын әрекетті жүзеге асыруға, сонымен қатар, оның мағынасын серіктесіне — ересек адамға және құрдасына түсіндіруге бағыттау қажет. Осындай стратегия балалардың жеке өзіндік ойынды, ерте жастағы шағын топтарда элементарлы жұптасқан ара-қатынастан бастап балалардың үйлесімді біріккен ойынын қамтамасыз етеді. Download 34.58 Kb. Do'stlaringiz bilan baham: |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling