Ппән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) итулдық парағы


Download 0.87 Mb.
bet3/23
Sana24.12.2022
Hajmi0.87 Mb.
#1051376
TuriБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Bog'liq
181019 (1)

Пәнді оқытудың мақсаты
«Бетон толтырғыштары» пәнін игерудің мақсаты келесілер болып табылады. Қазіргі кездегі бетон толтырғыштарын өндіру технологиясын және қасиеттерін терең білетін, олардың қазіргі замандағы азаматтық, өнеркәсіптік құрылыстағы маңыздылығын, оны әрі қарай дамытып, капитал қорының тиімділігін артыруды білетін мамандарды дайындау.
Пәнді оқытудың міндеттері
Мамандар дайындағанда келесі талаптар қойылады:
- мамандар алдында ақпараттағы материалдарды меңгеру, өздерінің білімін жоғарлату, жаңа материалдардың тиімділігін әдеттегі материалдардың тиімділігімен салыстырып, жаңа зауыт, цехтардың технологиясын жобалауды үйрену;
- қазіргі құрылыстағы пайдаланатын кеуекті жасанды толтырғыштардың техникалық және экономикалық маңыздылығын оқып білу;
- оптималды технологияны, сапалы өнімді және шикізаттарды тиімді пайдалану принциптерін игеру;
- жасанды кеуекті толтырғыштар өндіру барысында өндіріс қалдықтарын пайдалану жөнінде мағлұмат алу.


4 Білім, іскерлік, дағды мен құзыреттілікке қойылатын талаптар
Осы пәнді игеру нәтижесінде студенттер:

  • құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкцияларын өндірудің түрлі технологиялық тәсілдерін есептеуді; әр түрлі бетон толтырғыштардың сапасын бақылауды қамтамасыз ететін қызметтерді орындауды меңгеруі қажет;

- толтырғыштардың қасиеттеріне байланысты бетон мен темірбетон конструкцияларында оларды рационалды пайдалану және экономикаға тиімділігін жоғарылату жолдарын үйрену.
Білу керек:
- толтырғыштардың өндіру технологиясын және қасиеттерін білу;
- жасанды және жоғары кеуекті толтырғыштар құрылымын алу принциптерінің нәтижесінде жоғары сапалы толтырғыштар өндірудің технологиялық әдістерін білу;
- толтырғыштар түрлерінің бетон қасиеттеріне әсер етуін білу.
Істей білу керек:

  • бетон толтырғыштарының қасиеттерін бағалай білу;

  • толтырғыштар түрлерінің бетон қасиеттеріне әсер етуін көріп, бағалай білу;

  • бетон өндіру үшін толтырғыштардың жарамдылығын анықтау.


Download 0.87 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling