Сабақ№27 Күні 04 Сыныбы: 11а Сабақтың тақырыбы: Графикалық нысандардың Web парақта орналасуы


§29, «Өзіңді тексер» тест тапсырмасын орындау, «Менің достарым!» тақырыбында презентация жасауға жоспар құрып келу


Download 1.03 Mb.
bet16/17
Sana16.05.2020
Hajmi1.03 Mb.
#106851
TuriСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Bog'liq
sabaq-kz attachment grafikaly-nysandardy-web-parata-ornalasuy

§29, «Өзіңді тексер» тест тапсырмасын орындау, «Менің достарым!» тақырыбында презентация жасауға жоспар құрып келу.

Сабақ жоспары:30 «Бекітемін»

Оқу ісінің меңгерушісі

«_______» ___________20__ж

Пән аты: Информатика

Сынып: 6 «а, ә, б»

Сабақ тақырыбы: Анимация және тұсаукесердің көрсетілуі



Жалпы мақсаты:

 


Анимаци туралы түсінік беру.Оқушылардың өздігінен, топпен,  жұппен жұмыс жасау арқылы  білімін тиянақтау.  Өзіндік пікір айту дағдыларын ,   ашық, еркін сөйлеуге баулу, нақты шешім қабылдай  білуге  дағдыландыру

 


Күтілетін нәтиже:

PowerРoint презентациясын толық меңгеру. Алған білімді тиянақтап, практикалық жұмыста пайдалау

Пайдаланған әдістері:

АҚТ, топтық жұмыс, сыни тұрғысынан ойлау, көшбасшылар анықтау, тәжірибелік жұмысы

Тапсырма:

 Психологиялық ахау.

Қызығушылығын ояту,

Мағынаны тану,

Ой толғаныс



Топтық жұмыс

Жеке оқушымен жұмыс

Рефлексия

Бағалау


 Қолдалынатын құралдар, пайдаланатын мәліметтер

Интерактивті тақта , проектор, ватман, фломастер, маркер, стикер, магнит, смайликтер. Ғаламторды пайдалану.

Мұғалімнің сабақ туралы жазуы

Сабақ барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Қызығушылығын ояту

 

 



Психологиялық ахау. «Амандасу рәсімі» тренинг өткізу

 

Топтық жұмыс



Топқа бөлу.

І-топ Анимация

ІІ-топ Гиперсілтеме

ІІІ-топ Ғаламтор

 

Флипчартты қорғау



 

 

 



Сынып оқушыларының толық дайын болуы.  Сабаққа деген зейінін аударуы

 

А3 ватаманға жазып, оқушылар флипчартты қорғайды.  Қол шапалақ.



Топтық, жұпттық жұмыстар оқушылардың бір бірімен қарым-қатынасы, тіл табысып жұмыс істеуі. өз-өзі бағалай білуі

Мағынаны тану

 


Тәжірибелік жұмыс. Компьютермен жұмыс

І-топқа Абай Құнанбаевқа 40жыл толу мерекесі

ІІ-топқа Ұлы Отан соғысына 70 жыл

ІІІ-топқа Тәуелсіздік күні.



Кітаппен жұмыс жасау. 213 бет

 

«Әңгіме-Дебат»  стратегия

І-топқа. Ашық хат

ІІ-топқа. Эссе жазу

ІІІ-топқа .Power Рoint-тың пайдасы мен зияны

Түйін 210 бет


Жұпттық жұмыстарда оқушылар бір-бірінен сұрап, ақылдасуды, ғаламтордан мәліметтер алады.

Тақтамен жұмыс жасау, шапшаңдықты көрсету.






Рефлексия

Ой толғаныс

 


 

«Сол қолдың» рефлексиясы

 


  1. Бүгінгі сабақта алған білімім…

  2. Топпен жұмыс жасау…

  3. Көмектескен кім?…

  4. Бәрінен ұнаған…

  5. Не қиын болды…

 

 





 

Смайликті қолдану

 

 


Үй тапсырмасы

 

  • 27-30, 210 бет Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар.



Бағалау критериясы

 

 

1.



2.

3.

4.



Бағаның қойылуы

 

Жауаптың нақтылығы



Топпен жасай білуі

Сөйлеу мәдениеті, араторлық қасиеті

Шапшаңдық пен нақтылық

 


Бағасы (стикер)

 

Қызыл- «5»



Жасыл-«4»

Сары-«3»



Сабақ жоспары:31 «Бекітемін»

Оқу ісінің меңгерушісі

«_______» ___________20__ж

Пән аты: Информатика

Сынып: 6 «а, ә, б»

Сабақ тақырыбы: Компьютерлік желілердің негізгі түрлері. Ғаламтор

Сабақтың мақсаты:
Білімділік
А) Ақпараттық – коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін үйрету арқылы оқушылардың қызығушылықтарын артыру.
Ә) Интернет желісінде ақпарат іздеу туралы түсініктеме беру және оны құру тәсілдеріне үйрету.
Б) Интернет желілерін үйрету арқылы оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.
Дамытушылық: Өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастыра отырып, интернетті пайдалана білуге үйрету;
Тәрбиелілігі: Оқушылардың компьютерге деген қызығушылығын арттыру, еңбекке тәрбиелеу, интернет арқылы ақпарат алмаса білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгеру
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютер, Internet.
Сабақтың әдісі: ойын, сұрақ - жауап, түсіндіру әдістері.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
а) Оқушыларды түгелдеу
ә) сынып тазалығын тексеру

б) Тренинг


II. Үйге берілген тапсырманы тексеру:
Power Point не үшін арналған бағдарлама
Power Point - ты іске қалай қосуға болады?
Слайд дегеніміз не?
Презентация деп нені атайды?
Слайдтарды қалай қосуға болады?
Слайдқа объектілерді қалай кірістіреді?
Жаңа слайд ашу тәсілдері?
Слайдты көрсету әдістері?
Слайдты сақтау?
Слайдтарды толық экранға көрсету батырмасы?
III. Жаңа сабақ түсіндіру кезеңі.
Елбасымыздың Қазақстан халқына жолдауында ХХІ ғасырда ақпараттық қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін компьютерлік техниканы, интернет, телекоммуникациялық желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, мультимедиялық электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалана білу керектігін атап көрсетті.
Компьютерлік желінің негізгі түрлері олар:
Компьютерлік желі
Жергілікті желі
Ауқымды желілер
Компьютерлік желі дегеніміз – ресурстарды
(диск, принтер, файл, құрылғылар) тиімді пайдалану мақсатында бір бірімен байланыстырылған компьютерлер тізбегі. Желі арқылы оған қосылған кез келген компьютердегі ақпаратты жедел қарауға болады.
Жергілікті желі – саны шектеулі әдетте 100 - ге дейін компьютерлерді бір ұйым немесе мекеме ішінде біріктіру үшін қолданылады. Жергілікті желі аймақты бір бөлмеде, бір мекемеде, зауыт, немесе компьютерлерді біріктіреді.
Ауқымды компьютерлік желі бұл бір немесе бірнеше желілерді өзара байланыстыру яғни қала, аймақ, ел, бүкіл жер шарын қамтуы мүмкін.
Қазіргі уақытта маңызды байланыстың бірі – Internet. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру еліміздің даму стратегиясының негізгі бағыттарының бірі, себебі XXI ғасыр – білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры. Қазіргі маман заманға сәйкес компьютерлік технологияларды меңгерумен қатар Интернетте жұмыс жасай алуы керек.
Интернет желісіне қосылу үшін компьютерге модем керек. Модем дегеніміз – бұл компьютерге телефон желісі және сымдары арқылы мәлімет алмасуға мүмкіндік беретін құрылғы. Модем арқылы қосылым жасау үшін компьютерге иесіне лайықты провайдер тауып Интернетте жұмыс істеуге келісімге отыруға болады.

Сергіту сәті

«Мақал –сөз мәйегі» бұл бөлімде топтарға информатикаға байланысты аударылған мақалдар беріледі, сол мақалдардың дұрыс жағын айту керек, дұрыс аударылған мақалға 10 ұпай беріледі.

1.     Жігітті компьютеріне қарап, бағала (Жігітті досына қарап, бағала)

2.     Байт биттен құралады (Теңге тиыннан құралады)

3.     Вирустан  қорыққан, Интернетке шықпас (Шегірткеден қорыққан, егін екпес)

4.     Компьютердің жұмысы, иесіне мәлім (Аттың сыры, иесіне мәлім)

5.     Веб-дизайншының өз еркі, сайтты қалай жасаса (Қазаншының өз еркі, құлағын қайдан шығарса)

6.     Білмесең, «анықтама»-дан сұра (Білмесең білгеннен сұра)

7.     Бір ядролы процессор жақсы, ал екі ядролы одан да жақсы (Бір ақылдан, екі ақыл артық)

8.     Антивирусы күштіні-Вирус ала алмайды (Досы күштіні – жау алмайды)

9.     Күлсең ескірген компьютерлерге күл (Күлсең кәріге күл)

10. Компьютерде бес колонка, дауысы жер жарады (Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады)

ІV. Компьютермен тәжірибелік жұмыс

221-беттегі а,б,с-деңгейлері



V Үйге тапсырма

§31 мазмұндау, «Өзіңді тексер» тест сұрақтарына жауап беру.



VІ Оқушыларды бағалау

Сабақ жоспары:32 «Бекітемін»

Оқу ісінің меңгерушісі

«_______» ___________20__ж

Пән аты: Информатика

Сынып: 6 «а, ә, б»

Сабақ тақырыбы: Ғаламтор желісінде ақпарат іздеу. Электрондық пошта

Сабақтың мақсаты:
Мақсаты: Оқушыларға Интернет желілермен жұмыс жасау технологияларының ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін игеруде көмек көрсету және нақты жұмыс жасауды үйрету

А) Интернет желілердің құрылу және жұмыс істеу жолдары жөнінде оқушыларға мағлұмат беру


Ә) Ақпараттық-коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін үйрету арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру
Б) Интернет желілерін үйрету арқылы оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру

Көрнекілік: компьютер, кітап-журналдар, тапсырмалар слайд арқылы көрсетіледі

Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлау стратегияларын қолдану

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
а) Оқушыларды түгелдеу
ә) сынып тазалығын тексеру

б) Тренинг


II. Үйге берілген тапсырманы тексеру:
Үй тапсырмасын қайталау ретінде, «Х және О» ойыны арқылы сұрақтарға жауап беріледі. Берілген жауаптары дұрыс болса фигура салады.

  1. Модем дегеніміз не? (Модем дегеніміз – бұл компьютерге телефон желісі және сымдары арқылы мәлімет алмасуға мүмкіндік беретін құрылғы.)

  2. Провойдер дегеніміз не? (Провайдер деп – бұл ұйым  мен жеке тұлғаларға Internet қызметтерін ұсынатын компания)

  3. Веб Браузердің қызметі не? (Веб-браузер – бұл веб-бетінің мәліметтерін сіздің компьютеріңіздің бейне бетіне шығаруды қамтамасыз ететін, интернет қор көздерін қарауға арналған бағдарлама.)

  4. Интернетке қосылу үшін не қажет? (Дербес  компьютер, Модем, Телефон жүйесінің желісі кодтық байланыс, Интернет  жүйесінің  номерін білу қажет.)

  5. Компьютерлік желі дегеніміз не? (барлық құрылғылардың бір бірімен өзара әрекеттесуіне мүмкіндік беретін байланыс желілері арқылы қосылған компьютерлердің және басып шығарғыштар мен мәтіналғылар сияқты басқа құрылғылардың тобы)

  6. Браузер түрлерін ата? (Internet Explorer , опера, мазила, хром, )

  7. Web тораптар дегеніміз не? (Тақырып бойынша топтастырылған Web – беттерді  Web тораптар деп атайды)

  8. WWW дегеніміз не? (World Wide Web-Интернеттің қарқынды дамып келе жатқан технологияларының бірі. Интернет сервисінің ресурстарын қарауды ұйымдастырады. WWW мәні ол ақпаратты түрлі компьютерлерде орналасқан жекелеген мәтіндік, графикалық және т.б. файлдар түрінде ұсынудан тұрады. Бұл файлдар бір – бірімен гипербайланыстар арқылы біріктірілген. Файлдардың (немесе объектілердің) мұндай жиынтығы Web –  құжат (Web –сайт. Web-site ) ретінде түсінеміз. Web – құжат бөлшек Web – құжат бөлшек Web – тұрады.)

  9. Сайттардың түрлерін ата?


III. Жаңа сабақ түсіндіру кезеңі.

Жаңа түсініктер мен іс — әрекеттер тәсілін қалыптастыру

Бір немесе бірнеше мемлекеттің аумағында орналасқан желілер ғаламдық деп аталады. Интернет — миллиондаған компьютерлерді бір алып желіге біріктіретін, ақпаратқа шексіз қол жеткізу және түрлі амалдармен қатынас жасау мүмкіндігін ұсынатын дүние жүзіндегі ең үлкен және ең танымал желі. Интернет желісініндегі мәліметтерді миллиондаған мекемелер даярлайды. Әлемдік желідегі, ақпараттарды тез тауып алуда іздеу серверлерінің көмегі зор. Олар мыңдаған іріктелген құжаттардың, сайттардың адрестары сақталады. Көптеген іздеу серверлерінің ішінде кең тараған іздеу каталогтары (directories) мен машиналары (search) бар.



http:\\www.google.com — GOOGL, ақпараттық іздестіру жүйесі 1999 жылы қыркүйек айында ашылған. Бүгінгі күндері Searchenginewatch.com эксперттерінің айтуына қарағанда базаның көлемін 560 млн құжаттар құрайды. Жүйе қолданушыларға қарапайым және кеңейтілген іздестіру интерфейсін ұсынады. Көптеген тілдерде сонымен қатар орыс тілінде, ақпарат іздеу мүмкіндігі бар.
http:\\www.yahoo.com — Yahoo — тез іздестіретін анықтамалықтардың бірі. Ақпараттарды жеке сөздер бойынша немесе классификатор бойынша іздеу мүмкіндігін береді.
http:\\www.aport.ru — Апорт — ақпараттық іздестіру жүйесі алдыңғы қатардағы іздестіру жүйесіне кіреді. Бүгінгі күндері мәліметтер көлемін 20 млн индекстелінген құжаттар құрайды. Жүйеде іздестірудің кең спектрлі мүмкіндіктері бар. Онда қарапайым және кеңейтілген іздестіру мүмкіндіктері ұсынылады. Ақпараттарды, ағылшын және орыс тілінде іздеуге болады.
http:\\www.yandex.ru — Яндекс — ақпараттық іздестіру жүйесі 1997 жылы ашылған. Бүгінгі күндері базадағы индекстелінген құжаттар көлемі 33 милионға жуық. Ақпараттық іздестіру жүйесі логикалық операторлармен белгіленген өзінің меншікті жүйесін қолданады, сонымен қатар көптеген түрлі іздестіру функцияларын ұсынады.
http:\\www.rambler.ru — Rambler — іздестіру жүйесінде Россияның және ТМД елдеріндегі серверлерде орналасқан 12 миллионға жуық мәліметтер индекстелінген. Өзекті сөз бен қатар классификаторлар арқылы іздестіру мүмкіндігі қарастырылған.

Download 1.03 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling