Үй тапсырмасын тексеру
«Кубизм» стратегиясы
«Кубизм» стратегиясы арқылы үй тапсырмасын пысықтау.
1 «салыстыру», 2 «суреттеу», 3 «талдау», 4 «ұсыныс жасау», 5 «дәлелдеу», 6 «ассоциация жасау».
1-Шалғын мен даланы салыстыру;
2- Дала өсімдіктерін суреттеу;
3-Суыр қандай жануар?;
4-Шалғынды қорғаудың жолдарына ұсыныс жаса;
5-Шалғынның табиғи бірлестік екенін дәлелдеу;
6- Дала өсімдіктері мен жануарлары.
|
|
Қызығушылықты ояту
Ой қозғау
|
ІІІ.. «4 сурет - 1 сөз» ойыны
1) Ол 40 - 50 шақырым жолды су ішпей, шөп жемей – ақ жүріп өтеді. Ащы,тікен
шөптерді жейді. 45 күнге дейін су ішпей жүре алады./түйе/
2) Ол кенге жатпайтын пайдалы қазба. Оның ақ, сары, қоңыр, қара, қызыл
түстері болады екен. Оны құрылысқа қолданады. /құм/
3) Ол –құрғақшылыққа төзімді өсімдік. Тамыры ұзын 20-30 метрге жетеді. Оны
түйе сүйсініп жейді. /жантақ/
4) Бұл өсімдікте құрғақшылықты жақсы көреді. Көпшілік түрінің сабағы сүтті,
шырынды болады. Бірақ мал оны жемейді. Өйткені өте улы өсімдік. /сүттіген/
ЖаЖауабы: 4 суретті байланыстыратын сөз - ШӨЛ.
|
Оқушылар берілген сұрақтардың жауабын таба отырып, бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтайды.
|
Мағынаны тану
Фильм көру
|
➢ Шөл өсімдіктері мен жануарлары туралы бейнебаян көрсетіледі.
– Шөл өсімдіктері мен жануарлары туралы мәліметтер алу.
https://imektep.kz/kz/sholl-osimdikteri-men-zhanuarlari(5мин)
-Шөл жерде өсетін өсімдікті жаз.
–Шөл жерде кездесетін құстарды жаз.
–Шөл жерде тіршілік ететін аңдарды жаз.
–Шөл жерлерді жаз. (2мин)
|
Сұрақтардың жауаптарын дәптерге жазу.
|
|