Сабақтың мақсаты


Download 329.79 Kb.
Sana25.04.2023
Hajmi329.79 Kb.
#1396932
TuriСабақ
Bog'liq
Таспенова Мадина Сабақ жоспар

Сабақтың тақырыбы: Буын


Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушылардың және тасымал жөніндегі ұғым мен түсініктерді қабылдата отырып, түрлі жаттығулар арқылы білімін бекітуге мүмкіндік беру.

  2. Түзете дамытушылық: Ойын толық еркін жеткізуге, көз жеткізу арқылы ой дәлдігін қалыптастыруға баулу.

  3. Тәрбиелік: Ойланып, нақты жауап беруге жол ашу.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс –тәсілі: түсіндіру, сұрақ - жауап, ойын.
Көрнекіліктер: компьютер, дайын буындар, карташалар.

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу, Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

  1. Психологиялық дайындық

Көңілді сөз 
Балалар шеңбермен отырады. 
Барлық отырғандар кезекпен өзінің қасында отырған адамға қарап көңіл көтеретін бір сөз айтады. 
Сөзді айтқан уақытта сол баланың көзіне қарап айту керек.
Бір- бірімізге күлімдейміз, қолымызды қысып амандасамыз;


3. Үй тапсырмасын тексеру
64-жаттығу (төмендегі сөздерді қатыстырып хабарлы, сұраулы сөйлем құраңдар.)
Килограмм, грамм, прогресс, металл, киловатт;

Сабақты жаңа тақырыппен байланыстыру


Үйге берілген жаттығудағы сөздерді буынға бөлеміз
Ки-ло-грамм, грамм, про-гресс, ме-талл, ки-ло-ватт;





(Оқушыларға ауызша мысалдар келтіру).
Бір буынды сөздер:
Екі буынды сөздер:
Үш буынды сөздер:
Төрт буынды сөздер:
4. Жаңа тақырып: БУЫН
Жаңа тақырып бойынша түсінік беру
Сөз бірнеше фонетикалық бөлікке жіктеледі. Балалар мектепке келді деген сөйлемде үш сөз бар. Осы сөйлемдегі сөздер естілуі жағынан ба-ла-лар мек-теп-ке кел-ді болып бірнеше шағын дыбыс тобына жіктеліп тұр. Осындай дыбыстық топқа жіктелген сөз ағымының шағын мүшесі БУЫН делінеді. Сөздердің әрбір фонетикалық бөлшегі болған буын бір не бірнеше дыбыстан (фонемадан) құралады: Мысалы, қант, а-ла-мынсөздеріндегі буындарды алсақ, бірінші сөз бір буыннан, екінші сөз үш буыннан құрылып тұр. Бірінші сөзде буын төрт дыбыстан, екінші сөздегі бірінші буын бір дыбыстан, екінші буын екі дыбыстан, үшінші буын үш дыбыстан құралған. Демек, буын дегеніміз – Сөз құрамындағы бір немесе бірнеше дыбыстардың тобынан жасалған фонетикалық бөлшек. Дауысты дыбыстың бір өзі буын бола алады. Дауыссыз дыбыстар жеке тұрып өздігінен буын құрай алмайды. Сөздің құрамында қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады. Буын жеке дауыстыдан және дауысты мен дауыссыз дыбыстардың тіркесінен жасалатын болғандықтан, оның құрамы үнемі бір қалыпты болмайды. Қазақ тілінде буынның үш түрі бар. Олар: 1)ашық буын, 2) тұйық буын, 3) бітеу буын. 1.Ашық буын. Жалғыз дауыстыдан құралған немесе дауыссыздан басталып дауыстыға аяқталатын буынды ашық буын деп атаймыз: а-ға, ба-ла, қа-ла, т.б. Ашық буынның ішндегі жалғыз дауыстыдан болған буынды жалаң буын дейміз: а-дам, а-та. 2. Тұйық буын. Дауыстыдан бастылып, дауыссызға аяқталған буынды тұйық буын деп атаймыз: ат, аз, ақ, өрт, ұл, ант, т.б. 3. Бітеу буын. Дауыссыздан басталып, дауыссызға аяқталған (дауысты дыбыс ортада келетін) буынды бітеу буын дейміз: тал, төрт, бар, жаз, кел, кең, қант, т.б. Сөздік қорды құрайтын түбір сөздердің көбі тұйық және бітеу буынды болып келеді. Ашық буынның өз алдына сөз болуы өте сирек.

5. «Аспаннан қар жауғанда» ойыны
Оқушылар тақтаға кезектесіп шығып, Қардағы буындарды орнына қояды.
Ас, пан, жұл, дыз, ға, рыш, ға, лам, шар (буындарынан сөз құрайды)

6. Кітаппен жұмыс:
65-жаттығу (сөз құрамындағы буындардың неше буыннан құралғанын айтыңдар)
Бір-1, ас-тық-2, сі-рің-ке-3, он-1, қы-зыл-ша-3, жүз-1, қал-та-2, мың-1, ын-та-лы-3, тоқ-сан-2, бес-1 , ер-ке-лік-3, ба-ла-ла-ры-мыз-5, қыс-1, жет-пі-сін-ші-4, а-сау-2 , ән-1, ән-ші-2, о-қы-ту-шы-ға-5, ең-бек-те-ну-4;


7. Дәптермен жұмыс
66-жаттығу (бір, екі, үш, төрт, бес буынды сөздердің әрқайсысын бөлек жазыңдар)


  1. Үш, ...

  2. Қал-та, ...

  3. Ын-та-лы, ...

  4. Ең-бек-те-ну, ...

  5. О-қы-ту-шы-ға, ...




  1. Сергіту сәті

«Өз орныңды тап» 
Балалар қатармен тұрады. Әр баланың қолында әр түрлі буындар. Жүргізуші белгі берген уақытта балалар қолындағы буындардан сөз құрауға тиісті. Ойын бірнеше рет қайталанады. Балалардың орындарын шатастырып алмауы қадағаланады. 



  1. Әрбір оқуышыға жеке- жеке үлестірмелі карташа тарату. Түсіп қалған әріптерді тауып жазып, сөздерді дұрыс буынға бөл.




  1. Оқушыларды бағалау




  1. Сабақты қорытындылау.








  1. Үйге тапсырма беру. 67-жаттығу

Download 329.79 Kb.

Do'stlaringiz bilan baham:




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling