Сабақтың тақырыбы: Батырдың аты өлмейді


Қызықты пәндер(үшінші айналым)


Download 101.45 Kb.
bet9/15
Sana29.03.2023
Hajmi101.45 Kb.
#1306497
TuriСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15
Bog'liq
batyrdy-aty-lmeyd (2)

3.Қызықты пәндер(үшінші айналым)
Әр пән бойынша 5 сұрақ қойылады.Әр сұраққа 10 ұпай беріледі.
Математика
1.1метрде неше мм бар?(1000мм бар)
2.3600:х=9 х нешеге тең?(400-ге)
3.Ұзындығы -3см,ені-3см,биіктігі-3см текшенің көлемі қанша см куб?(27см куб)
4.Қашықтық пен жылдамдық белгілі болғанда уақытты қалай табады?(қашықтықты жылдамдыққа бөлеміз)
5.1кг мақта ауыр ма,1кг темір ауыр ма?(екеуі тең,салмақтары бірдей)
Дүниетану
1.Өсімдіктің жер асты мүшесі.(тамыр)
2.Көкжиек тұстарын анықтайтын арнаулы құрал қалай аталады?(компас,тұсбағдар)
3.Жер шарында неше полюс бар?(жер шарында екі полюс бар,оңтүстік және солтүстік)
4.Судың қасиеті.(түссіз,иіссіз,дәмсіз)
5.Ауаны тазартудың ең нәтижелі жолы (көгалдандыру)
Қазақ тілі
1.Сөйлем мүшелерін ата.(бастауыш,баяндауыш,тұрлаусыз мүше)
2.Мәтіннің бөліктерін ата.(әңгімелеу,сипаттау,пайымдау)
3.Күрделі сөз дегеніміз не?(Екі немесе одан да көп түбірден жасалған сөзді күрделі сөз дейміз.Бозторғай,Сарыарқа т.б.)
4.Қазақ тілінде неше септік бар,атап шық.(7септік,атау,ілік,барыс,
табыс ,жатыс,шығыс,көмектес)
5.Етістіктің шақтарын ата.(осы шақ,өткен шақ,келер шақ)
Ана тілі
1.Халық ауыз әдебиетін ата.(ертегі,аңыз,жаңылтпаш,батырлар жыры,бесік жыры,айтыс т.б.)
2.Эпикалық жырлар дегеніміз не?(Батырлар жырлары әдебиетте эпикалық жырлар деп аталады)
3.Мысал дегеніміз не?(Адам бойындағы кемшіліктерді сынап,адалдық,әділдік,қайырымдылық сияқты жақсы қасиеттерді мадақтап жазатын шығарманы айтады)
4.Портрет дегеніміз не?(Көркем шығармада кездесетін адамның сыртқы түрін,кескін-келбетін,жүріс-тұрысын суреттеуді айтады.)
5.Шәкәрім Құдайбердіұлының қандай шығармаларын білесіңдер?(Еріншек,Жаз келер т.б.)
Әділқазылар алқасы аз ұпай жинаған 1оқушыны айтады.Ойыннан шығарылады.
4.Жорға.(соңғы айналым)
Сендер бұл кезеңде берілген уақытта дайындалған 10 сұрақтың қаншасына
дұрыс жауап берулеріңе қарай ұпай жинай аласыңдар.1сұрақ 10 ұпай болып есептеледі.
1-оқушы
1.Екі сабақтың ортасында не бар?(үзіліс)
2.Ұзындықтың өлшем бірліктері(мм,см,дм,м,км)
3.Ұлттық тағамдарды ата(бауырсақ,бесбармақ,қазы-қарта т.б.)
4.Аптаның бірінші күні(дүйсенбі)
5.Кім болғың келеді?
6.Көру мүшесі(көз)
7.Ертегінің қандай түрлері бар?(шыншыл,қиял-ғажайып,жан-жануарлар туралы ертегілер)
8.Кімнің?ненің?кімдердің?нелердің?қай септік сұрақтары?(ілік септік)
9. «Арыстан мен тышқан»шығарманың қай түріне жатады?(мысал)
10.Жер неге ұқсайды?(шарға)
2-оқушы
1.Бір сабақ неше минут болады?(45 минут)
2.Уақыттың өлшем бірліктерін ата(с,мин,сағ,тәулік,ай,жыл,ғасыр)
3.Ұлттық ойындарды ата(асық,арқан тартыс,ақ сүйек,көкпар т.б.)
4.Бүгін аптаның қай күні?(сәрсенбі)
5.Қазақстан туын көкте желбіреткен Азиада нешінші жылы болды?(2011)
6. «Бес ешкі»ертегінің қай түріне жатады?(жан-жануарлар туралы ертегі)
7.Құлақ қандай мүше?(есту мүшесі)
8.Кімнен?неден?кімдерден?нелерден?қайдан? қай септік сұрақтары?(шығыс септік)
9.Фариза Оңғарсынова кім?(лирикалық өлеңдер жазған қазақтың дарынды ақыны)
10.Жазық дегеніміз не?(құрлық бетінің тегіс немесе сәл белесті алқаптарын айтады)
3-оқушы
1.Үлкен үзіліс неше минут?(15 минут)
2.Масса бірліктерін ата(г,кг,ц,т)
3.Ұлттық аспаптарды ата.(домбыра,сырнай,қобыз,жетіген т.б.)
4.Аптаның қай күні демалыс(жексенбі)
5.Саны азайып бара жатқан аң-құстар енгізілген кітап?(қызыл кітап)
6. «Тасбақаның шөбі»мәтініндегі Қарабала тасбақаның аузындағы шөпті неге алды?(Жазғытұрым жер астынан тістеп шыққан тасбақаның аузындағы шөпті алған кісінің қай қалауы да орындалады деген.)
7.Тері қандай мүше?(сипап-сезу мүшесі)
8.Кімді?нені?кімдерді?нелерді? қай септік сұрақтары?(табыс септік)
9.Баға қоятын кітап(сынып журналы)
10.456.897 санын разрядтық қосылғыштарға жікте.(4жүзд.мың+5онд.мың+6бірл.мың
+8жүзд.+9онд.+7бірл.)
*Сөз кезегі әділқазылар алқасында.Әділқазылар сіздер осы оқушыларымыздың ұпай сандарын есептеп,жеңімпазды анықтауға көмектессеңіздер.
Жеңімпаздар айқындалып, «21ғасыр көшбасшысы»анықталады.
1,2 орын алған оқушыларға мақтау қағазы және басқа қатысқан балаларға сыйлық табысталады.
Көшбасшыға мақтау қағазы және домбыра сынып атынан.
Қосымша тапсырма «Өлең есептер»
1.Ертеңгісін атам,
Екі серкені қорадан қуып еді.
Егіз бөрте лақ ере шықты.
Бөрте лақтардың енесі,
Олармен ере шықты.
Сонда неше ешкі далаға шықты?(5ешкі)
2.Біз үлкен жанұя,
Ең кішіміз Әлия.
Қалғанымыз мыналар:
Раушан,Болат,Дариға,
Айтжан,Ержан,Даналар,
Гүлжанымыз тағы бар,
Қане,есептеп алыңдар.(10 адам әке-шешесімен қосқанда)

Download 101.45 Kb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling