P=U2/R және P = I2R
Халықаралық бірліктер жүйесінде қуат бірлігіне ватт алынған: 1Вт
1 Ватт онша көп қуат емес. Тәжірибеде ватқа еселік болып келетін бірліктерді қолданады:
1 гектоватт 1гВт=102 Вт;
1 киловатт 1кВт=103 Вт;
1 мегаватт 1МВт=106 Вт.
Токтың қуатын – өлшеуге арналған аспапты ваттметр деп атайды. Токтың жұмысын өлшеуге арналған құрал электр санауыш деп аталады. Орыс ғалымы және ағылшын физигі Джоуль бір мезгілде және бір-бірінен тәуелсіз электр тогы өткізгіш арқылы өткенде, өткізгіште бөлінетін жылу мөлшері ток квадратына, өткізгіш кедергісіне және токтың өткізгіштен өту мерзіміне тура пропорционал болатындығын анықтады. Бұл ереже Джоуль- Ленц заңы деп аталады. Егер ток әрекеті жасалған жылу мөлшерін Q әрпімен, өткізгіштен өтетін ток күшін I әрпімен, өткізгіш кедергісін R әрпімен және, токтың өткізгіштен ағып өту уақытын t әрпімен белгілесек, онда Джоуль- Ленц заңының өрнегін былай жазуға болады: Q=I2Rt
Демонстрациялық әдіс- өте тиімді әдіс. Барлық бала
қызығушылығымен сабаққа қатысады.Тіпті белсенділігі төмен оқушы да тәжірибе жасап, қолымен ұстап, көзімен көріп сабаққа қатысып отырады.
Тапсырма №1.
«Кім шапшаң?» әдісі Оқушы жинақталып, тез шапшаң ойлауға тырысады. Сондай-ақ оқушылардың оқу деңгейін де анықтауға болады.
1-ші топтағы оқушылар
.
Тізбектегі кернеу 15В кезінде, 10 минутта 3А ток күші қандай жұмыс жасайды?
2.-ші топтағы оқушылар
Егер резистрдегі ток күші 10 мА, ал оның кедергісі 1кОм болса онда 10 мин ішінде қанша жылу мөлшері бөлініп шығады?
Әр топ 2 минут ішінде жинақтаған материалдарын сыныпқа түсіндіреді, оқушылар ақпаратпен алмасады
Қалыптастырушы бағалау 1-10 «Балдық жүйе »
Do'stlaringiz bilan baham: |