Сценарий «Қош бол, бастауыш»
Download 19.8 Kb.
|
Бастауышпен қоштасу
- Bu sahifa navigatsiya:
- «Қош бол, бастауыш мектебім»
Бастауышпен қоштасу кешіне арналған сценарий «Қош бол, бастауыш» Музыка ойнап тұрады Мұғалім: Бүгін міне жақсы күн жарқыраған, Көңілдер қуаныштан сарқыраған. Қоштасатын күн келді бастауышпен, Қиындау болып тұр-ау бүгін маған. Кеше ғана алдыма келген еді, Именіп ұлы ұяға енген еді. 4 жыл бойы сусындап біліммен, Ұшатын қанат қағып келді кезі. Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп мектеп табалдырығын қуана аттаған ұл-қыздарымыз ойлары толып, бойлары өсіп бастауыш сатысымен қоштасқалы отыр. Олай болса 4 сыныбының «Қош бол, бастауыш мектебім» атты салтанатты кешімізге қош келдіңіздер. Бұл салтанат қуаныш баршамызға, Мұндай күй болған сірә қаншаңызда. Қол соғып, қошеметтеп шақырайық, 4 сынып оқушыларын ортамызға. (Музыкамен оқушылар ортаға шығады) Қош келіпсіздер, құрметті ата-аналар, қымбатты әріптестер, оқушылар! Бүгінгі күн – осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі сол, осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз оқып – біліп, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр. Осы қуанышты да, қайталанбас күндеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! тарыдай болып кіріп, ақыл – ойлары толысып, оң мен солын танып, жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттерімнің ұйымдастыруымен өткелі отырған « Қош бол, бастауыш мектебім» кешін бастауға рұқсат етіңіздер. Сөз кезегін мектебіміздің басшысы Серғазы Уәлиұлына береміз. 1-оқушы: Армысыздар, ардақты ұстаздар, қадірлі қонақтар, оқушылар. Бүгін біз бастауышпен қоштасып, үлкен өмірге аттанғалы отырмыз. Көз салып қараңызшы бойымызға, Ортақ боп бүгін өскен ойымызға. Қош келіпсіз ұстаздар, ата-аналар, Бастауышпен қоштасу тойымызға. 2-оқушы: Бала шаққа болашақты жырлатып, Шәкірттерге ой түзетін сымбатты. Күн нұрындай сәуле құйған көңілге Армысыздар ұстаздарым, қымбатты. 3-оқушы: Армысыздар, әжелер мен аналар, Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар. Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп, Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар. 4-оқушы: Армысыздар өр тұлғалы әкелер, Қыран құстай балапанын мәпелер. Бүгін міне бастауышпен қоштасады, Азамат боп, кешегі сәби – еркелер. 5-оқушы: Армысың сен, алтын ұя мектебім, Саған айтар жыр алғысым көп менің. Жүректерге жаққан білім шырағым, Мектебіме арналады бұл әнім. 6-оқушы: Мектеп маңы толыпты жарасымға, Ізгілік те, мейірім бәрі осында. Қанат қағып кешегі балапандар, Ақыл, білім жетіліп санасында. 7-оқушы: Мектеп үйім, ұстаздарым, ата-анам, Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам. Саяң ыстық сен мәуелі бәйтерек, Тамырланып сан тарапқа тараған. 8-оқушы:
Ер жетіп сенде сөзім, артты санам. Байлыған 4 жыл бойы ата-анамдай, Әрқашан қасиетті атың маған. Арада өтсе дағы дүркіреп жыл, Әр күні балалықтай бір жүрек бұл. Өзіңе борыштармын өмір бойы, Есейген шәкірттердің серті деп біл. 9-оқушы: Мектебім, алтын ұям, нұрың жарық, Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып. Сүйкімді сенің күміс қоңырауың, Тұрады құлағымда сыңғыр қағып. 10-оқушы: Мектеп деген білім кені, жыр кені, Мектеп деген ғылымның ең үлкені. Мектеп деген тәрбиеші адамға, Мектеп деген даналардың мекені. 11-оқушы: Алтын ұя мектебім аялаған, Бар балаға білім беріп, сая болған. Үлкен жолға түсіріп шәкірттерін, Жаманға да, жақсыға да пана болған. 12-оқушы: Еркелігін көтеріп әр баланың, Сусындатып білімнің тұнығынан. Саған қарыз бар пенде ғаламдағы, Нәр алып, ұшып шыққан қойыныңнан. 13-оқушы: Арманым боп аңсаған, Мәңгілік қалдым мекендеп, Өзіңе арнап ән айтам, Ардақтап ұстаз өтем деп. 14-оқушы: Маған ұстаз үйретті, Әліппесін өмірдің. Жан жүйемді билетті, Күйі шалқып көңілдің. Қиялымды кездірді, Таптым ойдың тұрағын, Маған ұстаз сездірді, Алдағы өмір шырағын. 15-оқушы: Басса бұрыс, жол сілтеп, қате дейсің, Әр балаға сен ана әкедейсің. Болашақтың көктеген жас шыбығын, Бағбанындай аялап, мәпелейсің. 16-оқушы: Ұқсаттыңыз сіз бізді балаңызға, Ұқсатып ек біз сізді анамызға. Жақын тарттық, біртіндеп бауыр бастық, Жүрегіңді ұнаттық арамызда. 17-оқушы: Қоссаңдар бірді екіге үш болады, Деуші едік біліммен күш толады. Алғыр бол, әдепті бол, сабырлы бол, Ақылмен іс істесең, оң болады. Беруші ең бізге айтып өлең, тақпақ, Таласып алушы едік біздер жаттап. Өзіңіз баға қойған күнделікті, Жоғалтпай өмір бойы жүрем сақтап. 18-оқушы: Білім алған өзіңнен, Дәрігер, ұшқыш, бар ғалым. Саған ыстық сезіммен, Қарайды жұрт мұғалім. 19-оқушы: Бізді үйреткен білімге жалықпастан, Рақмет ұстазыма көзімді ашқан. Біз – шәкірт, біз – Отанның болашағы, Білімнің басқышына қадам басқан. 20-оқушы: Тез үйрендік әділ мен адалдықты, Жирендік, ажыраттық жамандықты. Жалғастырар ақ жолын сенің салған, Бар деп ұққын әрқашан балаң мықты. 21-оқушы: Әліппемен аштым өмір есігін, Тербетемін білім бөбек бесігін. Өмір деген өрлі өзенге шомылып, Жаттап өстім ұстазымның есімін. 22-оқушы: Есімде ерен ұстазым, Шашымнан сипап өткенің. Аянбай бізге қыс-жазы, Молынан мейір төккенің. 2 - оқушы: Ұстаз! Осы бір сөздің өзінде қаншама мән - мағына, құдіретті күш, қасиетті ұғым жатыр. Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ. «Мұғалім – мектеп жүрегі» - деген Ыбырай Алтынсарин атамыз. Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны белгілі. Өмірдегі қоғам қайраткерлері, небір данышпан адамдар, қарапайым еңбеккерлер, тіпті арман қуған жеткіншектер де бәрі - бәрі бір адамға қарыздар. Ол – Ұстаз! Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес. Адамды тәрбиелеп, оны азамат атандырудың өзі бір үлкен күш. Сондықтан да ұстаздың еңбегі – ұлы еңбек. Барлығы бірге: Алғыстарым көп менің. Ұстаз – анам, мектебім! Ән орындау «Мұғалім ол біздің». 1 - жүргізуші: Нұр жүзінен жылы шуақ төгілген, Шәкіттерін сүйген таза көңілден. Тағлым беріп жас ұрпаққа қашанда, Өз соқпағын тапқан мынау өмірден - дей келе құттықтау сөзі және оқушыларды марапаттау мектеп директоры Хамзина Мария Жақсылыққызына беріледі. 2 - жүргізуші: Ана жанын ана болсаң ұғарсың, Алдыңдағы ол бір биік құз бен шың, Балаң үшін кеуде керіп қуанып, Балаң үшін биіктен де құларсың Сөз кезегін ата - аналарға береміз. Мұғалімнің қорытынды сөзі: Құрметті оқушылар! Міне, алғашқы басқыш бастауыш мектепті тәмәмдап, ортаңғы буынға көшкелі отырсыңдар. Қаумалаған көпшілік, ата - аналар, ұстаздар қауымы - сендер не білді, нені үйренді, білім мен тәрбиені қалай меңгерді деп сынай қарап отыр. Міне балалар сендер осы сыннан сүрінбей өттіңдер. Ата - аналар шашу шашады: Шашу, шашу шашайық, Ақ сандықты ашайық, Бұл мереке бұл тойдың, Бастаңғысын жасайық. Мұғалім: Бастауыш мектеппен қоштасу салтанатын аяқтай келе, 4 сыныпты сапалы білімдерімен аяқтаған оқушыларыма жоғары сыныпқа барғанда да осы сапалық құрамын сақтап, үнемі жақсы оқуымызбен, болашақ Тәуелсіз еліміздің тірегі болар азамат боп өсіңдер деп тілек білдіремін. Ал ата - аналарға айтарым: қырандарыңыздың білім қанаттары талмасын. Тек биікке самғасын дегім келеді. Алдарыңда ұзақ жолың бар, Оқумен өсіп толыңдар. Қиындыққа мойымай, Аман есен болыңдар,- деп бастауышпен қоштасу ертеңгілігін аяқтаймыз. Музыка ойнап тұрады. (Күй немесе әдемі оқушыларға тән әннің әуені). Мұғалім:
Бүгін міне жақсы күн жарқыраған, Көңілдер қуаныштан сарқыраған. Қоштасатын күн келді бастауышпен, Қиындау болып тұр-ау бүгін маған. Кеше ғана алдыма келген еді, Именіп ұлы ұяға енген еді. 4 жыл бойы сусындап біліммен, Ұшатын қанат қағып келді кезі. Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп мектеп табалдырығын қуана аттаған ұл-қыздарымыз ойлары толып, бойлары өсіп бастауыш сатысымен қоштасқалы отыр. Олай болса 4 «А» сыныбының «Қош бол, бастауыш» атты бастауышпен қоштасу салтанатына қош келдіңіздер. Бұл салтанат қуаныш баршамызға, Мұндай күй болған сірә қаншаңызда. Қол соғып, қошеметтеп шақырайық, 4 «Ә» сыныбын ортамызға. (Оқушылар ортаға шығады Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/layfstayl/bilim/gumanitarly-ylymdar/18482/
Мен үшін бәрің бірдей қарақтарым, Орындалсын арман тілек талаптарың. Ақ парақтай келдіңдер сәби болып, Ұғындым, әрбіріңді парақтадым. Өткіздік талай күнді, талай айды, Уақыт сырғып артқа қарамайды. 4 жыл бойы сендермен бірге болдым, Өткіздік талай қызық, талай жайды. Ірге тасын қаладым, білім бердім, Саналы ұл-қыздарым бүгін менің. Ортада тұрған осы шәкірттердің, Көрейік тамашалап өнерлерін. 1-оқушы:
Армысыздар, ардақты ұстаздар, қадірлі қонақтар, оқушылар. Бүгін біз бастауышпен қоштасып, үлкен өмірге аттанғалы отырмыз. Көз салып қараңызшы бойымызға, Ортақ боп бүгін өскен ойымызға. Қош келіпсіз ұстаздар, ата-аналар, Бастауышпен қоштасу тойымызға. Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/layfstayl/bilim/gumanitarly-ylymdar/18482/ Download 19.8 Kb. Do'stlaringiz bilan baham: |
ma'muriyatiga murojaat qiling