Тақырыбы: Бейбіт күн жасасын әлемде Өткізілу барысы
Download 12.11 Kb.
|
9-мамыр сценарий
Тақырыбы: Бейбіт күн жасасын әлемде Өткізілу барысы: 1. Кіріспе 2. Слайд 3. Ән 6 - сынып (Есіңе мені алғайсың). 4. Шагат 11-сынып (Жауынгер). 5. Өлең жолдары. 6. Ән 7-сынып (Соғыстан қайтқан солдаттар). 7. Би 6-сынып (Катюша). 8. " Хат көрінісі" 8-9-сынып. 9. Вальс 7-сынып ( Журавли). 10. Ән 6-сынып Жалғас-Азизхан (Кетіп барам, Анашым) 11. Би 8-сынып ( Сарбаздар) 12. Интермедиа 11-сынып (Жолдас командир) 13. Би 9-сынып (Лейтенант) 14. Жалпы ән (Жойылсын соғыс) 1-Жүргізуші: Жеңіс күні 9 мамыр – бүкіл дүниежүзі бойынша үлкен мейрам. Әсіресе, бұл мерекені екінші дүниежүзілік соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің туын желбіреткен, Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін ерекше мейрам.Ал ендеше "Бейбіт күн жасасын әлемде" атты мерекелік шарамызды ашып беру үшін мектебіміз директоры Машарипов Байқожа ағайға береміз. (Ағай сөз сөйлейді) 2-Жүргізуші: Аз емес зар жылаған, егілген жан, Аз емес өшкен өмір, төгілген қан. Кеудеге зілді қасірет салды соғыс. Қирады талай арман көңілге алған. Ұлы Отан соғысына қатысқан: Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов т.б. өз жерлестеріміз де бар. Ол кісілерге құрметпен бас иеміз. Ал осы бейбіт өмірге жете алмаған, ерлікпен қаза тапқан ағаларымыз бен апаларымыздың рухына бас иіп, еске алайық. Жеңіс туын желбіретуде қан кешіп, кеудесін оққа тосқан боздақтарымызды бір сәт үнсіздікпен еске алайық. (1 мин үнсіздік). 1-жүр: Ғимараттардың ішінде ең қасиеттісі мектеп! Ал Ұстаз сол мектептің жүрегі! Мектебіміздің өркендеуі жолында тер төгіп қызмет еткен ұстаздарымызды ешқашан ұмытпаймыз! Ал ендеше бір сәтке (Слайд қойылады) (6-сынып Есіңе мені алғайсың) Мәңгіге аты өшпес ұстаздарымыздың құрметіне үнсіздік сақтап еске алайық. 1-Жүргізуші: 1941 жылы 22 маусым күні таң шапағы жаңа ғана арайланып келе жатқан кезде елімізге қауіп төнді. Халқымыз адам айтқысыз қиын – қыстау кезеңге душар болды. Фашистік Германия елімізге опасыздықпен басып кірді. 2-ж: Ал енді қошеметпен мектебіміз сарбаздарын ортаға шақырайық. (11-кл шығады. Шагат) 1-Жүргізуші: Бұл жылдары жүрегі Отаным деп соққан әр азамат барынша күресе білді. Әрбір азамат өз Отанына деген антын орындап шықты. Олай болса сұрапыл соғыс және елін, жерін қорғаған майдангерлер туралы өлең жолдарын тыңдау үшін оқушыларға сөз берейік! 1-оқушы: «Майдангерлер» Ұғылай 2-оқушы: «Екеуін де көтерді ол» Ж.Молдағалиев Сара 3-оқушы: «Мен соғысты жек көрем!» (Қ.Жұмағалиев) Мерей 1-Жүргізуші: Қазақ даласы небір төңкеріс, небір көтеріліс, небір жеңіс пен жеңілісті, қызық пен қиындықты өткерді емес пе? Ата – бабаларымыздың осындай ерлігінің бірі – Ұлы Отан соғысындағы жеңісі. Сонау 1941 жылы бейбіт жатқан елге Германия фашизмдері ашқан соғыс қазақ ұлдарын да жалмап, ананы баласыз, баланы әкесіз, әйелді жесір қалдырғаны әрбір адамның жүрегінде Кезекті 7-сынып оқушыларының орындауында "Соғыстан қайтқан солдаттар" әнін тыңдайық. 2-Жүргізуші: Біздің Өзбекстанда да соғыс оты шарпымаған шаңырақ кем де кем. Жүз мыңдаған ата – әкелеріміз соғыстың алғашқы сәтінде – ақ майданға аттанды. Осы қан майданда мерт болған ерлердің рухына, бүгін арамызда асқар таудай болып жүрген аталарымызға басымызды иіп тағзым етейік. Олардың ерлік істерін ешкім де ешқашан да ұмытпауға тиіс. 1-Жүргізуші: Бақыт сыйлап жатады әр күн Санамызға жарық берген Әкелері аталардың Бұл Жеңісті алып келген Қуантамыз ән сап жұртты, Келе берсін бақыт таңы. Жеңіс күнің болсын құтты, Батырлардың ұрпақтары – деп келесі бөлімімізді 6-сынып бишілеріне берейік. (Катюша) 2-Жүргізуші: Міне, Ұлы Жеңіс күнінің 78 жылдық мерекесі кезекті көктемнің шуақты күнімен келіп отыр. Иә, осынау ұлан-ғайыр даламыз нені бастан кешірмеді дейсіз? 1-Жүргізуші: Иә, әрине осындай қиын қыстау кезеңдерді бастан кешіргендегі қазақ халқының еңбекқорлығын, сабырлығын, төзімділігін баса атап айтсақ артық болмас еді. 2-Жүргізуші: Назарларыңызда соғыс алаңы. Сонау сұрапыл соғыста біздің елімізден тек қана ер азаматтар емес, тіпті қыздар да өз бұрымдарын қиып соғысқа аттанды. Көрініс: «Хат» 2- Жүргізуші: Барша халық жеңіс күнін тойлайды, Жас сәбилер думандатып ойнайды. Ардагерлер көздеріне жас алып, Ұрпақтардың амандығын ойлайды. 1-Жүргізуші: Соғыс бітті … Ауыр да азапты жылдар артта қалды, біздің еліміз бейбітшілікті сүйеді. Ананы – баладан, баланы – анадан айырған сұм соғысқа жол жоқ… 2-жүргізуші: Келесі бөліміміз бойынша оқушылардың шығармашылығына береміз! 7-сынып оқушыларының орындауында вальс. (Вальс ЖУРАВЛИ) 1-Жүргізуші: Соғыс не? Арпалысқан өлім-өмір, Тұрса ағаш, сынса отын, жақса көмір. Өлім мен өмір батыр алысқанда, Бұрқылдап қызуына қайнар темір. Соғыс не? Соғыс апат, соғыс соққы, Ол соқса шығарушы бұрын жоқты. Ол дауыл, күш мұхитын тасытады, Елетпей азды –көпті, ашты-тоқты. ендеше сөз кезегін мектебіміздің оқушыларына берейік. 4-оқушы: «Соғыс» Қ.Әбдіқадыров Дилфуза 5-оқушы: «Жеңіс күні» Т.Молдағалиев Нұргүл 6-оқушы. «Болмасын соғыс» Шахмина 7-оқушы: «Сен құрметте оны» Сабина 1-ж: Ал ендеше кезекті әскери қызметте жүрген 6-сынып жігіттеріне береміз. (Әскер әні) 2-Жүргізуші: Жеңем деген ел сөзін! Тұрды ажалдан жоғары Өмір, адам жұлдызы, Тұрды ажалдан жоғары Жеңіс туы қырмызы, Тұрды ажалдан жоғары Отан, ұрпақ болашақ. Тұрды ажалдан жоғары Өмір нұры жарқырап. Ендігі кезекті 8-сынып оқушыларына береміз. Мың бұралған бишілердің орындауында Сарбаздар биі. 1-Жүргізуші: Сарғая күткен ұлы күн Шұғыласы бүгін жарқ етті, Бағына талай миллионның Баянды жеңіс күн жетті Назарларыңызға мектебіміз жауынгерлерінің орындауында Сахналық көрініске береміз. (Интермедиа 11 кл) 2-Жүргізуші: Елге қауіп төнбесін, Егестен адам өлмесін! Есен-аман болайық, Енді соғыс болмасын! Өртенбесін туған ел! Шайқалмасын асқар бел! Шайқалмасын шалқар көл! Кезекті мың бұралған бишілерге береміз. 9-сынып әскер қыздарының билерін тамашалайық. 1-Жүргізуші: Жасасын Жеңіс! Бақытты елім күле бер! Тәуелсіз болып болашағына жүре бер! Болмасын соғыс! Болмасын соғыс! Болмасын! Осы тілекпен барша халайық түрегел! ( Бейбіт күн тілегі) жалпы ән. 2-Жүргізуші: Осымен сіздерге арнаған «Бейбіт күн жасасын әлемде» атты кешіміз аяқталды. Қонаққа келген әжелерімізге рахметімізді айтамыз, денсаулықтарыңыз мықты болсын! Жеңістен жеңіске жетіп жүре беріңіздер! Қатысқан барлық оқушыларға алғысымызды білдіреміз!. Жеңіс туымыз көк аспанымызда желбірей берсін! 1-Жүргізуші: Сау болыңыздар! Download 12.11 Kb. Do'stlaringiz bilan baham: |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling