Модуль жалпы психология ғылымының дамуы дәріс тақырыбы: Жалпы психология пәніне кіріспе
Download 179.5 Kb.
|
1 тақ
- Bu sahifa navigatsiya:
- Тақырыптың өзектілігі
- Психология дегеніміз
МОДУЛЬ 1. ЖАЛПЫ ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ДАМУЫ 1. Дәріс тақырыбы: Жалпы психология пәніне кіріспе. Жоспары: 1.Жалпы психология ғылымының анықтамасы, пэні, максат,міндеттері. Жалпы психология ғылымының негізгі даму кезеңдері. Жалпы психология салалары туралы. Жалпы психологияда қалыптасқан ағымдық мектептер Психология әдістері туралы түсінік. Қазіргі заман психологиясының негізгі әдістері. Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі заман пән-техника және қоғам өркендеуі, адамдарда болып жатқан әлеуметтік-психологик өзгерістер,тұлға руханиятында сезімдік толғаныстардың болуына негіз салуда,ғылыми зерттеу әдістері-тұлғаның әлеуметтік –психологик ерекшеліктерін, психик кезеңдерін үйрену болып,тиісті әдіс көмегінде тұлғаның психик ерекшелігін, жағдайларын жақсы жаққа бағыттауда негізгі рол ойнайды. Психология дегеніміз - адамның психикалық әрекеттерінің өсіп даму зандылықтарын зерттейтін ғылым. Ол ерте замандардан келе жатқан білім салаларының бірі. Оның дүниеге туңғыш кеген жері-ежелгі Грсция. Психология, психика деген түсініктер гректің «псюхе»-жан, «логос»-ілім деген сөздерінен тұрады. Қазақша мағынасы «жан туралы ілім». Бұл ғылымның өзіндік таңбасы Ч*(псю деп аталатын грек әріпі). Бірак психологияны «жан туралы ілім» демей, психика туралы ғылым деп түсінген дұрыс. Психика айрықша ұйымдастырған материяның ең жогарғы қасиеті. Айрықша ұйымдастырылған материя дегеніміз-ми, жүйке, сана. Психика мидың қасиетті функциясы. Психика материясыз болмайды. Материя психиканың негізі. Психика мен материяның, сана мен болмыстын, бір-біріне қатынасуы туралы материалистік түсінік калыптасты. Бұл бағыттың өкілдері материя алғашқы, ал сана соңғы, ол материядан пайда болады деп түсіндіреді. Орта ғасырларда шығыстың ұлы ойшылы Әл-Фараби психология ғылымы туралы айтқан бір пікірінде «дүние материядан кұралады. Ол жойылмайды, бір түрден екінші түрге көшіп, өзгереді», дейді. Ал жан тәннен бұрын өмір сүрмейді, бір денеден екінші денеге барып орналаса да алмайды, деп, ғылыми материалистік пайымдау жасады. Сондай-ақ, ол дүниеге келісімен адамның бойында түрліше күш-куат пайда болады, сол күш-куат қабілетінің негізгі түрлері мынадай деп корсетіі: адамды қуаттандыратын күш (арабша - «эл куат эл-газийа»); түйсіну қуаты; қиялдау қуаты; акыл-ой не ойлану қуаты; қозғаушы күш; белгілі іс-әрекетке ұмтылу қуаты. Адам бойындағы күш-куаттың эл-Фараби атаған түрлері жеке психикалық процестердің атауы мен мәніне дэл келеді. Адам қиялы оның түс көруіне де эсер етіп, іс-әрекетінің ерекше бір жалғасы болып саналады. Түс көруді осы заманғы психология да дәл осы мағынада қарастырады Әл-Фарабидің психология жайындағы мұндай ой жүйесін адам жанының шынайы болмысын жэне табиғат негізін ғылыми тұрғыдан шешкен көзқарас деуге болады. Download 179.5 Kb. Do'stlaringiz bilan baham: |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling