Модуль жалпы психология ғылымының дамуы дәріс тақырыбы: Жалпы психология пәніне кіріспе


Психологияның мақсат-міндеттері -


Download 179.5 Kb.
bet2/16
Sana04.02.2023
Hajmi179.5 Kb.
#1160038
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Bog'liq
1 тақ

Психологияның мақсат-міндеттері - психология адам жан дүниесінің әрқандай қыры мен сырын зерттейтін пэн болғандыктан, ол жан қүбылыстарын ғылыми тұрғыдан жете түсінуге мүмкіндік береді. Әлеуметтік ортада адамзаттьң адамгершілік қасиеттері мен жеке басының кажеттері болып табылатын дүниетанымдық көзқарасын, мінез-құлқын кабілетін, темперамент ерекшеліктерін жетілдіру-психология ғылымының басты міндеті. Жеке адамның жан дүниесі күллі адамзаттын, сан алуан іс-әрекетімен тыгыз байланысты болып отыратындығы бұл ғылымның түрлі салаларын оқып меңгеру мақсаттарына жол ашады. Сөйтіп, психология адамның өз басын меңгеру мен бойындағы касиеттсрін дұрыс бағалап, оларды дамытып отыруға баулиды.Психология гылымының даму кезеңдері. Психика туралы бастапқы түсініктер алгашқы қауымда қалыптаса бастады. Көне дәуірде адамдар құбылыстардың затгық, материалдық (адамдар, заттар, табиғат) жэне заттық емес (адамдар мен заттар бейнелері, естелік, уайымдау) түрде болатынына және қоршаған ортадан дербес, тэуелсіз тіршілік ететініне назар аударды. Адамдар өздері тіршілік ететін орта мен айналадағы әр қилы заттарда, кұбылыстарда өзіндік жан болады деп ұғынған. Мұндай үғым анимизм (латынша «анима» -жан деген сөзден шықкан) деп аталады. Көне заман ойшылдары жан деген не, оның қызметтері мен ерекшеліктері қандай, ол денемен қалай байланысады деген сұрақтарға жауап іздеуге талаптанды. Ұлы философ Демокрит жан атомдардан қүралады және денемен бірге жан да өледі деген пiкіpлep айтқан. Жан итермелейтін бастама, ол - материалданған. Платон (б.з.д.428 - 348 ж.ж.) жанның мәні туралы езгеше пікір дамытады. Платонның айтуы бойынша, барлығының түп негізі - өзімен-өзі тірпіілік ететін ойлар, идеялар. Жанға арналған алғашқы еңбекті Аристотель (б.з.д. 384 - 322 ж.ж.) жазған. Оның «Жан туралы трактаты» алғашқы психологиялық еңбек болып есептеледі. Тарихи түрғыдан осы жолмен психологияның жан туралы психологияны ғылымның дербсс саласы ретінде түсіну алғы шарттарының негізі қаланды. Жан психологиясының орнына сана психологиясы кезекке келеді. Жанды іс-эрекеті ми қызметімен байланыстырып сана ретінде түсіне бастайды. Жан психологиясы жай пікірлерге негізделеді, ал сана психологиясының одан ерекшелігі -білімнің негізгі көзі деп - өз ішкі дүниесінің өздігінен бакылау деп есептейді. Мұндай өзгеше таным интроспекция («ішке қарау») тэсілі атына ие болады. Осы кезенде психологиялық көзқарастардың қалыптасуы Рене Декарт (1595 - 1650), Б.Спиноза (1632 - 1677), ДЛокк (1632-1704) жэне т.б. ғұламалардың істерімен байланысты. Әсіресе жаратылыстану ғылымдарының даму барысында зерттеудің объективті тәсілдері іздестірілді. Мұнда Ч.Дарвиннің (1809-1882) эволюциялык ілімі маңызды роль атқарды. Эксперимегатік орталық психологиялық мэселелерді зерттеуге тез ене бастайды, 1879 ж. Германияда В.Вундт алғашқы психологиялық эксперименттік лабораторияны ашады. Осы кезенде «жан», «саналы жэне санасыз» деген психологиялық ұғымдар анықталады, кейбір ғылыми концепциялар пайда болады.





Психологияның даму кезеңдері.

Дүниегематериалдық көзқарас негізінде қалыптасты.Ғылыми психологияның заманға сай басқышы.




Download 179.5 Kb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling