Тақырыбы: Қош бол, құтты Әліппе! Мақсаты
Download 27.48 Kb.
|
әліппе сценари
- Bu sahifa navigatsiya:
- Көрнекілігі
- Әліппе
- Жалқаубек
Тақырыбы: Қош бол, құтты Әліппе! Мақсаты: 1. Сауат ашу пәнінен алған білімдерін қорытындылау. 2. Шығармашылық қабілеттерін дамыту. 3. Оқу-білімге тәрбиелеу. Көрнекілігі: шарлар, гүлдер, нақыл сөздер Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Кеше ғана мектеп табалдырығын аттаған жас бүлдіршіндер бүгінгі саналы оқушы болып, барлық ғылымның атасы, біздің болашағымыздың негізі - Әліппені бітіріп отырмыз. Міне, бүгін сіздер осы әліппемен қоштасу ертеңгілігіне келіп отырсыздар. (Әліппе жүгіріп ортаға шығады) Әліппе: Достарым, достарым, қайдасыңдар? (Достары жүгіріп шығады) Әліппе: Бүгін мектепте мереке, мереке. Тапқышбек: Қандай мереке? Әліппе: Кешегі 1-сыныпқа келген оқушылар міне, бүгін Әліппемен, яғни менімен қоштасады. Соған мен сендерді шақырамын. (Бәрі бірдей: Барайық! Барайық!) Жалқаубек: Мен бармаймын. (Бәрі кетіп қалады) Жалқаубек: Жоқ, барайын, көрейін, олар не біледі дейсің? Мұғалім: Ортаға 1 «Ә»-сынып оқушыларын шақырайық (музыкамен оқушылар кіреді) Әліппе: Армысыңдар, жас достар! Армысыңдар, ата-ана, Болашаққа жол бастар, Әліппең келді ортаға. Тапқышбек: Өтті-ау оқу сан сабақ, Бүгін үлкен салтанат. Оқулықпен достассақ, Әліппеміз қоштаспақ. Әріптерді таныған, Өңкей білгіш балдырған, Құтты болсын тойларың! Жүргізуші: Бала деген, шіркін-ай балдай екен, Тәттілігі мен жая мен жалдай екен. Арып-ашып даладан келгеніңде, Бал иісін таттырып алдайды екен – деп Кенен Әзірбаев атамыз айтқандай кішкентай бүлдіршіндеріміздің бал тіліне құлақ салайық. Ән: (Әліппе туралы тақпақтары) 1-оқушы: Әліппем менің Әліппем, Нурперзент Сені қолға алып мен. Есігін аштым мектептің, Ертеңгі сәуле жарықпен. 2-оқушы: Әліппе деген – алтын жол, Айлана Апарар сені алысқа. Жеңіл емес, ауыр жол, Тырысып бақ намысқа. 3-оқушы: Қош бол, құтты Әліппем, Нуржас Көп нәрсені үйреттің. Таныстырып әріппен, Тақылдатып сөйлеттің. 4-оқушы: Оқуды көп ойладық, Аида Қызығына тоймадық. Әріптерді үйреніп, Сауат ашып тойладық. 5-оқушы: Енді біз жаза білеміз, Нурасыл Әріпті қосып әріпке. Риза боп саған жүреміз, Сүйікті біздің Әліппе! 6-оқушы: Үйретті бізді Әліппе, Жансая 42 дербес әріпке Сөз, сөйлем құрап әріптен, Лайық болды дәріпке. 7-оқушы: Әліппе даңғыл жол ашты Ербол Жаңадан пәндер жалғасты. «Әліппе» сырын ұқтырған, Рахмет, ұстаз алғашқы! 8-оқушы: Ең алғаш қолға алғанда Әліппені, Алтынай Қызығып қарай бердім әріптерді. Мен үшін жұмбақ сыр боп қалар еді, Ұстазым оның кілтін алып берді. 9-оқушы: Әліппемен қош айтысып қаламыз. Ақниет Енді қолға басқа кітап аламыз. Ата-ана қуанышқа ортақ бол, Сауатты боп шықты міне, балаңыз! Download 27.48 Kb. Do'stlaringiz bilan baham: |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling