V-бөлім.ҚАн жүйесінің физиологиясы
Download 15.74 Kb.
|
Анатомия дәріс қан жүйесі
V-БӨЛІМ.ҚАН ЖҮЙЕСІНІҢ ФИЗИОЛОГИЯСЫ 5.1-Тақырып. Қан тамырлар физиологиясы.Гемодинамика принциптері. Лимфа және лимфа айналым Дәріс жоспары: 1. Қан тамырлар құрылыс мен түрлерін 2. Гемодинамиканың сипаттамасы 3. Лимфа тамырларының түрлері 4. Лимфаның түзілуі, құрамы мен маңызы. Қан айналысы - гемодинамика деп аталады. Қан тамырларда үздіксіз ағады, оның себебі ірі артериялар қабырғасында серпімді талшықтардың көп болуынан. Қан тамырлар құрылысы мен қызметіне сай бірнеше топқа бөлінеді. Даңғыл тамырлар немесе амортизациялық - серпімді талшықтары көп артериялар жатады (қолқа, өкпе артериялары ) . Резистивтік тамырлар – кедергілі тамырлар қатарына қабырғаларында қалың ет -талшықтары бар жіңішке артериялар мен прекапиллярлық, посткапиллярлық сфинктерлер жатады.Зат алмасу тамырлары қатарына капиллярлар, венулалар жатады. бұлардың қабырғалары арқылы қаннан ұлпаға, ұлпадан қанға зат алмасуы жүреді.Сыйымды тамырлар - венулалар мен ұсақ веналар .Қанды жүрекке әкелетін тамырларға үлкен қуысты веналар жатады. Артерия мен венаны немесе артериола мен венуланы қосатын анастомоз тамырлар. Резорбция жасайтын тамырлар - лимфа капиллярлары мен тамырлары, олар тіннен ақуыз бен суды сорып алып венаға құяды. Қан тамырларында қанның жылжуы сол тамырдың бас жағы мен аяқ жағындағы қысымның айырмашылығына тығыз байланысты болады. Артерияда қан қысымы жоғары, венада төмен, сондықтан қан артериядан венаға қарай үздіксіз ағып отырады. Жүрек циклы кезінде артериялық қан қысымы өзгеріп отырады, атап айтқанда систола кезінде жоғары, диастола кезінде төмен болады. Систолалық және диастолалық қысым айырмашылығы - пулстық қысым деп аталады. Лимфа айналым жүйесі қызметі мен құрылысы жағынан қан айналым жүйесі мүшелерімен тығыз морфологиялық байланыста болады. Себебі, бұл жүйе ұлпалар мен мүшелерде, олардағы зат алмасу процесі кезінде қаннан, оны қоршаған ұлпаға сүзіліп шыққан ұлпа сұйығынан басталып, соңында организмнен лимфаны жинайтын ірі лимфа өзектерінің (оң лимфа бағаны, көкірек өзегі) алдыңғы қуыс венаға құйылуымен аяқталады. Лимфа айналым жүйесінің атқаратын қызметі алуан түрлі. Атап айтқанда: 1) ұлпааралық кеңістіктегі артық ұлпа (ткань) сұйығын өзіне сорып алып, дренаждық қызмет атқарады; 2) ұлпалардағы қан капиллярларының қабырғасы арқылы өте алмайтын ірі молекулалы белоктық зат және ішекте қорытылған майдың мономерлері (май қышқылдары, глицерин) тікелей лимфаға сорылады; 3) сыртқы ортадан организмге түскен бөгде заттар мен микроорганизмдерді жойып, лимфаны биологиялық және механикалық тазалаудан өткізеді; 4) лимфа түйіндерінде лимфоциттер мен антиденелер (иммунды глобулиндер) түзіледі. Лимфа жүйесіне лимфа саңылаулары,лимфа капиллярлары,лимфа тамырлары мен лимфа бездері жатады.Лимфа капиллярлары лимфа жүйесінің бастапқы тамыры болып табылады.Лимфа саңылауларына плевра мен жүрек қабының қуысы,мижәне жұлын қабықтарының аралықтары,ішектің сероздық қуысы,ми қарыншаларының қуысы,жұлын каналы, ішкі құлақтың лимфа қуысы ,буын қуыстары жатады.Лимфа тамырлары лимфа капиллярларының бірігуінен пайда болады.Олар орналасуына қарай беткей және терең тамырлар болып екіге бөлінеді.Лимфа бездеріне лимфа тамырларының бойында орналасқан бадамшалар,дара фолликулалар, ішектің бездер тобы және көкбауыр жатады Лимфа бездері тізе буынында ,тақым астында,жамбас,шат,шынтақ буынында,қолтық,жақ астында,мойында,бронхыда,ішек шажырақайында кездеседі.Ағзадағы барлық лимфа тамырлары көкірек және оң жақ лимфа өзектеріне барып аяқталады.Сондай-ақ лимфа бездері қан жасайтын мүшелерге жатады. Лимфа жүйесіне лимфа капиллярлары, тамырлары мен оның бойында орналасқан лимфа түйіндері жатады. Лимфа жүйесі ұлпаларда жабық лимфа капиллярларынан басталады. Лимфа жолдарының бойында лимфа түйіндері кездеседі, олардың пішіні әртүрлі домалақ, сопақша, т.б. болады. Лимфа түйіндерінде лимфоциттер мен плазмалық жасушалар және антиденелер түзіледі. Сондықтан лимфа түйіндері ағзаны алуан түрлі бактериялар, жоғары молекулалы белоктық токсиндерден қорғауға қатысады. Лимфаның түзілуі. Капиллярлар аралық алмасу кезінде қанның сұйық заты (плазма) жасуша аралық кеңістікке шығады да, сол жерде интерстициальды аралық сұйықтық пайда болады, ол лимфалық бастама. Жасуша аралық кеңістікте қысым көбейген кезде, ол сұйықтық лимфа капиллярларының эндотелиіне өтеді, одан лимфа жолдары арқылы бұғана асты венасына қосылады. Лимфа-мөлдір, сарғыш түсті сұйықтық, құрамы жағынан плазмаға ұқсас. Лимфада эритроцит жоқ, ал лейкоцит, оның ішінде лимфоциттердің барлық түрі кездеседі. Себебі, 95% қорытылған май өнімдері лимфаға сіңіп, лимфа сүт тәрізді болады. Лимфа түзілуі мен ағысы жүйке жүйесі арқылы реттеледі және гуморальдық адреналин, ацетилхолин, серотонин, т.б. әсерлер бар. Лимфа түзілу орталығы- сопақша мида орналасқан. Лимфа жүйесінің маңызы: 1) ағзадағы, ұлпадағы артық сұйықтықты (интерстициялық) сорып алып, дренажды қызмет атқарады. Егер лимфа жүйесінің қызметі бұзылса, ағза ісінеді. 2) энергетикалық және пластикалық қызмет - ұлпадағы су, белок, зат алмасу кезінде түзілген заттар, гормон, электролит т.б. қанға лимфа арқылы өтеді. 3) резервуарлық қызмет - қан азайған кезде кеуде өзегіндегі лимфа қанға құйылады. 4) қан түйіршіктерінің жасалуына ( лимфоциттер) қатысады. 5) биологиялық иммунитет, антидене түзетін жасуша лимфа түйіндерінде түзіледі ( В лимфоциттер пісіп жетіледі) 6) барерлік қызметі - зиянды заттар, микроорганизмдер, бактериялар, ісік жасушалар лимфа түйіндерінде сүзіліп, залалсызданады. 7) май өнімдерінің 95%-ы лимфаға сіңеді. 8) гормондар, биологиялық әсері күшті заттар, дәрілер т.б. алдымен лимфаға өтеді, яғни ағза қызметінің гуморалды реттелуіне де қатысады. Бақылау сұрақтары Гемодинамика дегеніміз не? Лимфа жүйесіне түсініктеме бер Лимфа жүйесінің маңызы қандай? Лимфа тамырларының түрлері? Download 15.74 Kb. Do'stlaringiz bilan baham: |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling