1-оқушы: Әр сабағың өтіп жатыр білінбей, Перне басқан оркестрдің үніндей Әр баланың жүрегіне жол тауып, Тұрасың сен, дирижер боп күлімдей


Download 17.11 Kb.
Sana06.10.2023
Hajmi17.11 Kb.
#1693429
TuriСабақ
Bog'liq
1 oktabr jattau


1-оқушы: Әр сабағың өтіп жатыр білінбей,
Перне басқан оркестрдің үніндей
Әр баланың жүрегіне жол тауып,
Тұрасың сен, дирижер боп күлімдей.
Әр сабаққа кіресің сен сыйынып,
Жыр оқисың нөсер болып құйылып
Қас-қабағын қалт жібермей шәкірттің,
Қарайсың-ау нұр жүзіне сүйсініп
Жалын атып, от боп, бірге жанасың,
Білім беріп, содан бақыт табасың
Бар өмірің өрнектеліп баламен,
Жасарып бір мәңгі жас боп қаласың.


2-оқушы: Мұғалімді анамдай жақсы көрем,
Қиналамын қымбат теңеу таба алмай
Өз баласын тастап кетіп үйіне,
Ел баласын оқытады, ой Алла-ай.
Мұғалімді жақсы көрем сезімтал,
Үлгі етемін өнегелі сөзін бал
Мұғалімнің мұғалімін танимын,
Көкіректе көретұғын көзім бар.


3-оқушы: 
Ұстаздарға мың алғыс
Алғыстарым көп менің,
Асыл анам, мектебім!
Үйреткені адалдық,
Ұсынғаны адамдық,
Текті мінез, даналық
Бар ұстазға тілейміз:
Бақыт, табыс, амандық!


4-оқушы: Мұғалім-ұстазысың балалардың,
Болашақ ғалымдардың, даналардың
Өмірде сенің алар орыныңды
Бәрі де жеткізе алмас бағалардың
Өткізіп өз алдыңнан талай бала,
Бойына құйдың ақыл , ой мен сана
Сарп етіп сан жылдық еңбегіңді,
Ақылшы, тәрбиеші, болдың аға
Атағым Алатаудай болып биік,
Тұрса да төбем өсіп көкке тиіп
Алдыңда әрқашанда тағзым етіп,
Тұрармын «Ұстазым!» деп басымды иіп.

Табан тіреп төзгенсің қанша ауырға


Тарап демде кетеді шаршауың да
Бал-бұл жанған балғын жүз, жәудір көздер
Тұрғанында солардың қоршауында
Қиындықта кезіксең көп асу да
Қанша терің төгіліп жол ашуға
Сен шәкірттің ұстазы болмайсың тек,
Сен өмірдің ұстазы боласың да!

Қашан көрсең күнге ұқсаған жанары –


Ұстаздардан көнбіс адам жоқ әлі!
Мектеп көрген әдептілер айтпақшы,
Мұғалімнен шықпаңыздар жоғары!

Ақыл. Сана. Сабыр. Талас - тартысу –


Мұғалімнің табиғаты, жалпы осы.
Бос уақыты: ойдан басқа ойы жоқ,
Бос уақыты: әрбір түннің жартысы
Махабатты: бала және Отаны,
Сүйікті ісі: Қағаз - кітап қопару.
Демалысы: шәкірттерге хат жазу,
Ал, кәсібі: от беру мен от алу
Білім берген баршаға,
Ұстаздарым, шаршама.
Сіздерге тілек тілейтін,
Шәкірттерің қаншама.

. 2-оқушы: Алғаш рет оятқансың санамды,


Алғаш рет ұстатқансың қаламды.
Сол үшінде мәңгі сыйлап өтермін
Түсіндірген жақсы менен жаманды.

3-оқушы: Ұстаз бізді білім беріп өсірген


Қатемізді әрқашанда кешірген
«Өмір жолы-қиын жол» деп әрдайым
Тәрбиелеп, ақылды ғып өсірген.

. 4-оқушы: Ұстаздарым биік тұлға байсалды,


Құшақ жайып өз мерекең қарсы алды.
Қуанышпен жарқын тілек білдіріп,
Құттықтаймыз ұстаздарым баршаңды.
. 5-оқушы: Ақыл құйған санама,
Жеткізер ол данаға.
Білім берген біздерге,
Алғыс айтамыз сіздерге.
Кем көрмеймін сізді асыл анамнан,
Сізге ұқсап қудық біз де сан арман
Сіздей адам дүниеде көп болсын
Балалардың бақыты үшін жаралған
. 7-оқушы: Ең аяулы есім ғой «Ұстаз» деген,
Бар тіршілік бақытты ұстазбенен.
Ұстазды жеткізгенше мұратына
Білім іздеп лапылдап жаңа берем
. 8-оқушы: Ұстаз деген анаңдай,
Ұрыспайды тым қатты.
Білсін деген ақылын.
Мейіріммен тыңдатты.
. 9-оқушы: Нұрын төккен көк аспан күмбезінен
Күлімдеуің ұқсайды күн көзіне.
Қолда болса ұстаздарға сыйлар ем,
Бар байлығын әлемнің сіздерге.
. 10-оқушы: Ұстазым екінші анам аялаған,
Біздерден бар білімін аямаған.
Оқысын, білім алып үйренсін деп,
Таңертең күнде құшақ жаяды алдан.
Download 17.11 Kb.

Do'stlaringiz bilan baham:




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling