Наурыз айы мерекелерге толы ай. Үстіміздегі жылдың 17-мартында Құйышыршық аудандық халыққа


Download 0.49 Mb.
Pdf ko'rish
bet1/3
Sana16.06.2023
Hajmi0.49 Mb.
#1510611
  1   2   3
Bog'liq
2 5256047944527784614



Erkin
so‘z
3
№ 7 (3970) ● 2023-yil 24-mart, juma
Наурыз айы мерекелерге толы ай. 
Үстіміздегі жылдың 17-мартында 
Құйышыршық аудандық халыққа 
білім беру бөліміне қарасты №18 
жалпы орта білім беретін мек-
тептің бірінші қазақ және өзбек 
сыныптарының “Қош бол, сүйікті 
Әліппе!” атты мерекелік кеші өтті.
Екі сыныптың жетекшілері көп жыл-
дық тәжірибеге ие білікті де білімді ұс-
таздар Гүлзина Нұрышева мен Зубайда 
Хушбақова апайлардың басшылығында 
мектеп фоэсі өте әсем безендірілген. Бұл 
шара мектеп оқытушылары мен оқушы-
ларына көтеріңкі көңіл-күйі сыйлады. 42 
әріпті үйреніп, үлкен де даңғыл өмірге 
қадам басқан бүлдіршіндер тәп-тәтті 
болып тұр. Оны көрген ата-аналардың 
қуанышы шексіз.
Аталмыш кешті мектеп директоры 
Еркін Алиқұлов ағай ашып, ата-аналар-
ды, бүлдіршіндерді айтулы мерекемен 
құттықтады. Оқушылардың кіріп келуі 
өзгеше болды. Тілашар тойды әжелер 
шашу шашып, бастап берді. 
Сөз кезегін алған сынып жетекші 
Гүлзина апай ата-аналар мен ұлағатты
ұстаздарға бұл кеш балаларға үлкен 
той екенін ескертті. Сонымен бірге бала 
өмірге келгенде шілдехана, тұсаукесер, 
сүндет тойы, 
мектепке ба-
руы, тілашар 
тойы, мектеп 
бітіру, өмірге 
жолдама алу 
сынды қы-
зықты сәттері 
болатынын 
айтып өтті. 
Соның ішін-
де тілашар 
тойы – үл-
кен қуаныш 
екенін, бүкіл 
білім, ғылым 
соқпағының
басы болған “Әліппені” бітіріп қошта-
сқалы отырғанын тілге тиек етті. 
Иә, әліппені бітіру – алдағы өмірге 
бастайтын көп белестің бірі. Ендеше 
бүлдіршіндеріміз сол белестің бірінен 
асты. Бұл біздер үшін де үлкен салтанат-
ты мереке.
Сонымен апайдың тамаша пікірлері-
нен соң Әліппе ортаға шақырылды. Ол 
да ортаға әліппе әнімен шығып, оқушы-
ларға сұрақ қоя бастады. Оқушылар 
әріптер жайлы өлеңдер оқып болған 
соң, “Оқуда озат боламыз” әнін орын-
дап берді. Бүлдіршіндердің қолына әріп 
ұстап “Әліппе” биіне билегеніне көрер-
мендер риза болып, қол соғып отырды.
Сондай-ақ ұл балалардың “Матрос” 
биі ата-аналар мен көрермендердің 
көңілінен шықты. Кешті көңілді өткізу 
үшін аналар мен әжелерге арналған 
қызықты шарттар сайысы да өтті. Онда 
екі топқа бөлінген әжелер мен аналар 
бір қатары айтылған әнді жалғастырып 
кетуі керек еді. Оған әжелер тобы өте 
бесенді қатысты.
Сынып жетекшісі әрбір оқушының 
білімі мен зейініне, еңбексүйгінтігіне, 
тапқырлығына, дарынына байланысты 
мақтау қағаздарын тапсырды. Сынып 
қыздарының “Қуыршақ” биіне көпшілік 
тәнті болы. Сонымен бірге қазақ ұлты-
ның ұлттық биі “Қара жорғаға” биледі. 
Оқушылар аналарға арнап ән салып, 
аналарын құшақтап, бетінен сүйгенде, 
көзіне жас алмаған адам қалмады.
Кеш соңында мектеп директорының 
оқу істері бойынша орынбасары Гүлзия 
Саимқұлова мен директордың руха-
ни-ағарту істері бойынша орынбасары 
Нүрипа Есенбаевалар бүлдіршіндерді 
құттықтап, сынып жетекшісінің еңбегіне 
алғыс айтты.

Download 0.49 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
  1   2   3




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling