Сабақтың мақсаты: Кох əдісі (тұну, шөгу) бойынша ауадағы бактериялардың жалпы санын анықтауды игеру. Бақылау сұрақтар


Download 17.74 Kb.
Sana16.01.2023
Hajmi17.74 Kb.
#1094819
TuriСабақ
Bog'liq
Ауа микрофлорасы


10 сынып Биология (факультатив)
Тақырып: Ауа микрофлорасы
Сабақтың мақсаты: Кох əдісі (тұну, шөгу) бойынша ауадағы бактериялардың жалпы санын анықтауды игеру.
Бақылау сұрақтар
1. Ауаның микроорганизмдермен ластану көздері
2. Ауа микрофлорасын анықтау əдістері (бактеиялардың жалпы
саны жəне патогенді микробтардың болуы)
3. Ауа микрофлорасының мəні не?
Сабақтың мазмұны
Ауа микроорганизмдер өсіп – өнуі үшін қолайсыз орта болыпесептеледі. Онда қоректік заттар жəне қажетті мөлшерде ылғал жоқ. Микроорганизмдер ауаға топырақтан ұшқан шаң – тозаңдармен түрлі өсімдіктерден, жануарлар мен адамдардан тарайды. Жел көтерген шаң – тозаңмен дем алғанда, жөтелгенде бөлінетін ылғалдың тамшылары микробтарды өзімен бірге ауаға көтереді. Ауа микрофлорасының сандық жəне сапалық құрамы əр түрлі факторларға байланысты болады: климаттық жағдай, жыл
мезгілі жəне т. б.
Ауа негізінен кебу мен ультракүлгін сəулелерінің əсеріне қарсы төзімді əр түрлі микрококтар,сарциналар, бактерия спорасы, саңырауқұлақтар, дрожжылар кездеседі. Олардың арасында патогенді (зардапты) микроорганизмдер, мысалы, тубезкулез
таяқшасы, зардапты стрептококтар, вирустар жəне тағы басқалары кездесуі мүмкін.
Ауаның ластануын бактериологиялық жолмен зерттеуде оның белгілі бір көлеміндегі микробтардың жалпы санын жəне микрофлорасын сапалық құрамын есептейді. Ауаның
микробиологиялық зерттеудің бірнеше тəсілдері бар, бірақ солардың ішінде ең қарапайым Кох əдісі, яғни шөгу (медиментациялық) əдісі. Кох боынша микробтарды тұндыру əдісі. Ішінде ЕПА бар Петри аяқшасын мал қораларында (немесе басқа жерлерде) 20 – 30 минут ашып қояды. Содан соң қақпағын жауып, 37° С температурада термостатта 1 – 2 тəулікке қалдырады. Өсіп шыққан колониялардың санына қарай ауаның микроорганизмдермен ластану дəрежесін бағдарлайды.
Əрине Кохтың тұндыру əдісі жетілген тəсіл деп айту қиын, өйткені ондағы қолданылатын орта көптеген микроорганизмдерді (мəселен, туберкулез қоздырғыштары құрамында жұмыртқа, глицерин, картоп сияқты заттары бар тек арнайы қоректік
орталарда өседі) анықтауға жарамсыз. Бұлəдіс ауадағы микробтардың санын тек бір көлемде ғана анықтауға мүмкіндік береді.
Мəселен, Омелянский дерегіне қарағанда ауданы 100 шаршы См (см
2) тең орта бетіне 5 минут аралығында өсетін микробтар саны
шамамен ауаның 10 м микробтар санына тең болады.
Бірақ аяқшалардың ашық тұру уақыты мен олардың аудандары тең болғанда, өгу əдісі зерттелетін бөлмедегі ауаның микробтармен ластануы жөнінен шамамен дұрыс мағлұмат алуға көмектесед. Аудағы микробтар санын біршама дəл анықтау үшін
Кротов аппаратын қолдану керек.
Оқушылардың өзіндік жұмыстары
Ішінде ЕПА бар Петри аяқшаларын ауа микрофлорасын зерттейтін объектілерде қақпағын ашып əр түрлі уақыт арлығына қояды. Содан соң осы уақыт аралығында агардың бетіне шөккен микробтарды өсіру үшін 370 С термостатқа 24-48 сағатқа қояды.Нəтижесінде өсіп шыққан колониялардың санын жəне олардың сапасын анықтайды.
Download 17.74 Kb.

Do'stlaringiz bilan baham:




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling