«таза аймақ» әлеуметтік жобасы. Жоба атауы: «таза аймақ»-Мұрат Мөңкеұлы 108, 108/1, 110»


Download 59.15 Kb.
bet1/2
Sana30.04.2023
Hajmi59.15 Kb.
#1410112
  1   2
Bog'liq
BMSRAKdYIjAOOUX Таза аймақ жобасы


«ТАЗА АЙМАҚ» әлеуметтік жобасы.

Жоба атауы: «ТАЗА АЙМАҚ»-Мұрат Мөңкеұлы 108, 108/1, 110».

Жоба негіздемесі: Орал қаласы, Зачаганск кенті, Мұрат Мөңкеұлы 108, 108/1, 110 көп қабатты тұрғын үйлердің қасындағы тұрмыстық қатты қалдықтарды жинайтын бактердің айналасындағы тазалықты тұрғын халық сақтамай отыр. Оның басты себебі тұрғындар үйлерінен шығарған қатты қалдықтарды арнайы тұрған бактерге салмай, жанына лақтырып кетуден. Сонымен қоса кейбір тұрғындар бұл бактерге лақтыруға болмайтын заттарды да (ескірген жиһаздар, құрылыс қалдықтары) лақтыру кездеседі. Осының бәрі үй айналасындағы, сөйтіп жалпы қаламыздың санитарлық жағдайына нұқсан келтіруде.
Жоба мақсаты: Орал қаласы, Зачаганск кенті, Мұрат Мөңкеұлы 108, 108/1, 110 және іргелес орналасқан басқа да үйлердегі тұрғындардың және қонақтардың тазалық сақтау мәдениетін дамыту.
Жоба міндеті:
-Аталған көше тұрғындарының үй жанында орналасқан тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға арналған бактердің айналасына қалдықтарды лақтыруды болдырмау.
-Үйден шыққан қалдықтарды арнайы бактердің ішіне салуды қамтамасыз ету.
-Айналаны таза ұстау және қандай тұрмыстық қалдықтарды осы бактерге лақтыруға болатыны туралы үздіксіз 24/7 режимде ақпарат беруді қамтамасыз ету.

Іске асыру механизмі:
-Орал қаласы, Зачаганск кенті, Мұрат Мөңкеұлы 108, 108/1, 110 көп қабатты тұрғын үй жанында орналасқан тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға арналған бактердің қасына көлемі 1.20х2 метр биіктігі мен көлденеңі/болатын LED-экран орнату. LED-экран арнайы талаптарға сай қауіпсіз әрі мықты екі бағанаға орнатылады. Экранның жерден биіктігі 2 метр болады.
-Орал қаласы, Зачаганск кенті, Мұрат Мөңкеұлы 108, 108/1, 110 көп қабатты тұрғын үй жанында орналасқан тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға арналған бактердің қасына 1 дана жарық шамын орнату. Шам орнататын бағанның биіктігі 3 метр болады және шам ең басында тұрады. Шам күн қуатымен қоректенетін болу керек және айналасына адам/көлік яғни қозғалатын зат жақындағанда жанатын датчикпен жарақтандырылуы тиіс. Ескерту. Егер оған мүмкіндік болмаса электрмен қоректенетін және түн мезгілінде ғана өздігінен жанып-сөніп тұратын шам орнату ұсынылады. Шам 1 секунд жанады, 2 секунд сөнеді. Түні бойы осы режимде жұмыс жасайды.
-Орал қаласы, Зачаганск кенті, Мұрат Мөңкеұлы 108, 108/1, 110 көп қабатты тұрғын үй жанында орналасқан тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға арналған бактердің қасын айналдыра 4 метрге дейін көктем, жаңбыр, балшық кездерде су жиналмайтын етіп брусчатка/асфальт төсеу.
-Орал қаласы, Зачаганск кенті, Мұрат Мөңкеұлы 108, 108/1, 110 көп қабатты тұрғын үй жанында орналасқан тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға арналған бактердің қасына жаңадан 1 қағаз/кардон яғни макалатураға арналған бак қою.

LED-экранда жүгірме жолақ/мәтін әрі аудио түрінде мына ақпараттар болу керек.
1. Қандай тұрмыстық қатты қалдықтарды осы жерде тұрған бактерге тастауға болатыны тізім бойынша экранда жазылып тұрады. Аудио түрінде де 24/7 режимде қайталанып тұрады.
2. Тұрмыстық қатты қалдықтарды кез келген жерге тастау ҚР ӘҚБ кодексінің баптарын бұзу және ол бойынша айыппұл туралы ақпарат. Аудио түрінде де 24/7 режимде қайталанып тұрады.
3. Бұл бактерге қай үйлер/егер келісімшарты бар болса сауда орындары да/өздерінің тұрмыстық қатты қалдықтарын лақтыра алатыны тізім бойынша жазылады. Соңында «Орал қаласы әкімдігі мен «ОралТазаҚала» ЖШС тазалық сақтауға үлес қосқандарыңыз үшін алғыс айтады» деген сөзбен аяқталады. Аудио түрінде де 24/7 режимде қайталанып тұрады.
4. Бұл бактерге тастауға/лақтыруға болмайтын ескірген пайдасыз жиһаздарды, құрылыс қалдықтарын АҚЫСЫЗ ЖОЮ үшін кімге және қандай колл центрге хабарласу керектігі жазылып тұрады. Аудио түрінде де 24/7 режимде қайталанып тұрады.
5. Қатты қалдықтарды жинайтын арнайы көлік қай күндері/егер шамамен болсада сағаттары белгілі болса сағаттары/жинап алып кететіні туралы ақпарат. Аудио түрінде де 24/7 режимде қайталанып тұрады.
Жобаны орындау барысында Айырықша ескеретін жағдайлар: Қоғамдық тыныштық пен халық денсаулығын сақтау талаптарына сай аудио хабарламалар дауысы тек қана бактердің қасында ғана естілетіндей деңгейде шығуы тиіс.

Жоба құны: «ТАЗА АЙМАҚ»-Мұрат Мөңкеұлы 108, 108/1, 110» жобасына жалпы құны 666 745 теңге.




Download 59.15 Kb.

Do'stlaringiz bilan baham:
  1   2




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling