1. миокард инфарктысы бар ауруларда қарыншалық ырғақ бұзылысын жою үшін таңдамалы препарат
Артерияның жаралануы кезінде қан тоқтатушы жгутты босату қалай жүргізіледі?
Download 155.06 Kb.
|
Жедел жәрдем-1 (копия)
- Bu sahifa navigatsiya:
- 593.Гемоторакс салдарынан жедел тыныс жеткіліксіздігі дамыған кезде, плевра қуысының пункциясын қай қабырғааралықтан жасайды: //
- 594.Ауруханаға дейінгі кезеңде өкпе артериясының тромбоэмболиясына күдікті науқасқа тромболизистік терапия жүргізуге салыстырмалы қарама-қарсы көрсеткіш болып табылады: //
593.Гемоторакс салдарынан жедел тыныс жеткіліксіздігі дамыған кезде, плевра қуысының пункциясын қай қабырғааралықтан жасайды: //
?594.Ауруханаға дейінгі кезеңде өкпе артериясының тромбоэмболиясына күдікті науқасқа тромболизистік терапия жүргізуге салыстырмалы қарама-қарсы көрсеткіш болып табылады: //
595.Жедел жәрдем бригадасы жол апаты салдарынан болған іштің тұйық жарақаты бар 54 жасар ер кісіні тасымалдап жатыр. Соққы іштің сол бөлігіне болған. Қарау кезінде: есі бар, тежелген, бозғылт, тахикардия байқалады, пульсі 118 рет/мин, гипотония (АҚҚ 80/40 мм.сын.бағ.), перкуторлы – көкбауыры үлкейген, пальпаторлы – іштің сол жақ бөлігінің ауырсынуы, ішперде тітіркену белгілері жоқ. Жедел қан кетудің емін неден бастаймыз?//
596.Жедел жәрдем бригадасының шақыртуы. Науқас С., 33 жаста, 3 сағат алдын эпигастральді аймақта бірден қатты ауыру сезімі болған. Анамнезінен белгілі болғаны, бірнеше жыл бойы кейде іші ауырады, әсіресе алкоголь қабылдаған және диетаны бұзған кездерде. Өздігінен ауырсынуды басатын дәрілер қабылдаған. Қарау кезінде: бет-әлпеті үшкірленген, тілі құрғақ, пульсінің 118 рет/мин дейін жиілеуі, аяғын ішіне қарай бүгіп алған. Іші «тақтай тәрізді», беткей пальпация кезінде бірден ауырсынады. Терең пальпация жүргізуге мүмкіндік бермейді, қолды итеріп тастайды. Алдын ала диагноз қойыңыз: //
?597.Жедел жәрдем бригадасының үйге шақыртуы. Науқас О., 36 жаста, қарау кезінде анықталды: ауыр зат көтерген соң оң жақ шап аймағында ауру сезімі пайда болған, алдын орнына салынып жүрген шап жарығы орнына салынбай қалған, 3 сағат өткен соң, ауру сезімі басылмағандықтан жедел жәрдем шақырған. Қарау кезінде: жағдайы қанағаттанарлық, іші кеппеген, оң жақ мықын-шап аймағында ауырсынады, ішперде тітіркену симптомы оң, жарық өздігінен салынды. Жедел жәрдем бригадасының тактикасын көрсетіңіз: //
598.Жедел жәрдем бригадасының үйге шақыртуы. Науқас М., 40 жаста, оң жақ мықын аймағының ауырсынуына шағымданады, осыдан 8 сағат бұрын ауру сезімі эпигастральді аймақта болған. Қарау кезінде: жағдайы қанағаттанарлық. Өкпесінде патология жоқ. ЖЖЖ 98 соққы минутына, АҚҚ – 130/80 мм.сын.бағ. Тілі құрғақ. Іші кеппеген, пальпация кезінде оң жақ мықын аймағында ауырады, жел шығады, әлсіз перистальтика естіледі. Оң симптомдар: Ровзинг, Бартомье-Михельсон. Щеткин-Блюмберг симптомы теріс. Бауыры қабырға доғасының шекарасында. Алдын ала диагноз қойыңыз: //
599.Жедел жәрдем бригадасының үйге шақыртуы. Науқас Т., 45 жаста, оң жақ мықын аймағының ауырсынуына шағымданады, осыдан 6 сағат бұрын ауру сезімі эпигастральді аймақта болған. Қарау кезінде: жағдайы қанағаттанарлық. Өкпесінде патология жоқ. ЖЖЖ 96 соққы минутына, АҚҚ – 130/80 мм.сын.бағ. Тілі құрғақ. Іші кеппеген, пальпация кезінде оң жақ мықын аймағында ауырады, денесін сол жаққа бұрғанда ауру сезімі күшейеді. Щеткин-Блюмберг симптомы теріс. Бауыры қабырға доғасының шекарасында. Жедел жәрдем бригадасының тактикасын көрсетіңіз: //
600.Жедел жәрдем бригадасының цехқа шақыртуы. 28 жасар ер адам қауіпсіздік ережелерін сақтамағандықтан ағаш кесетін аспапқа іш қуысының алдыңғы қабырғасын зақымдап алған. Есі орташа тежелген, тері жабындысы бозғылт, іштің алдыңғы қабырғасында көлемі 10х3 см жыртылған жара бар, жіңішке ішектің бөліктері шығып тұр. Пульсі 98 рет/мин. АҚҚ 100/70 мм.сын.бағ. Жедел жәрдем бригадасының тактикасын көрсетіңіз: //
Download 155.06 Kb. Do'stlaringiz bilan baham: |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling