1000 ішінде номерлеу методикасы
Download 198.3 Kb.
|
1000 ішінде номерлеу методикасы
Жазбаша номерлеу. Екі таңбалы жазбаша номерлеу қайталанып, үш таңбалы сандарды жазба түрде номерлеуге өтіледі. “Сан” және “цифр” атауларының мағыналары және олардың арасындағы ерекшеліктер; сандардың жазылуында цифрлардың орын мәні, сондай-ақ екі таңбалы сандардың құрамының талқылауына тиісті бірнеше жаттығулар орындалады. Оқушыларға сандардың кассасынан 0, 3, 4, 10, 20, 70, 95, 100, 200, 500, 900, 999 сандарын алып, олардың неше таңба екенідігі талқыланады. Мысалы, 547 саны пайда болуы үшін 500 саны жазылған және 40 саны жазылған, 7 саны жазылған көрнекіліктер тақтаға тізіп қойылады. Сандардағы нөлдерді жасырып үстіне 40 саны, бұл сандағы нөлді жасырып 7 саны қойылады, нәтижеде 547 санының пайда болуы түсіндіріледі.
Оқушылармен сандардың таңбалары қайталанып, “Бірінші таңба бірліктері”, “Екінші таңба бірліктері” ұғымдарына негізделіп, жаңа ұғым “Үшінші таңба бірліктері”, яғни үш таңбалы сандармен таныстырылады. Оқушылардың алдын алған білімдері негізінде “Сан” мен “цифр” атаулары қалай түсінілгені талқыланады. Сандырдың жазылуында нөлді пайдалануға арнайы көңіл бөлінеді. Бақылауларға негізделіп, төмендегі қорытынды шығарылады: оңынан солға қарай есептегенде бірліктер бірінше орынға (олар бірінші таңба бірліктері деп аталады), ондықтар екінші орынға (олар екінші таңба бірліктері деп аталады), жүздіктер үшінші орынға жазылады. 1000 санының қалай жазылуы көрсетіледі. Төмендегі жаттығуларды орындау жазбаша номерлеуге қатысты білімдерді нығайтады: 1.Сандардың қатарын жазыңыз: 192, 365, 449, 852, 973, 1000, 43, 100, 135, 299, .... Үш жүз он және үш жүз жиырма алты саны қалай жазылуын түсіндіріңіз. 865 және 943 арасындағы сандардың бәрін жазыңыз. 3,6,9, цифрларының көмегінде пайда болуы мүмкін болған барлық үш таңбалы сандарды жазыңыз. Төмендегі сандардың жазылуында 9 цифыры нені білдіреді? 923, 995, 293, 906, 609, 590, 559,... Үш жүздік және алты бірлік: 4 ондық және 2 бірлік: алты жүздік және 6 ондықтан тұратын санды жазыңыз. Ауызша номерлеуді, сосын жазбаша номерлеуді үйренуде сандарды таңба қосылғыштарына ажыратуға келтірілген қосу және алу жағдайлары қарастырылады. Мысалы, 10+7, 18-10, 15-5-ті шеш. 100 ішіндегі сандардың натурал қатарымен жүйелі жұмыс орындалып тұрылуы тиіс. Предметтерді біреулеп қосып санау және ажыратып санауға қатысты 14-1, 17+1 тәрізді мысалдарды шешу, салыстыруға тиісті 16<17, 18>15 мысалдарын көрсету тиіс. Түсіндіруде шыбықтардың байламы, шеңберлер, абак және басқа көрнекі құралдардан пайдаланылады. 1 таңбалы және 2 таңбалы сан ұғымдары енгізіледі. Төмендегі көріністегі жаттығуларды беру мүмкін. Алдын 1 таңбалы, кейін 2 таңбалы сандарды рет-ретімен жазыңыз. 2, 13, 15, 12, 8, 11, 17, 14. 4 қалаған бір таңбалы санды және әрқайсысын 10-ға арттырңыз. 1 және 2 цифырымен алдын 1 таңбалы кейін 2 таңбалы санды жазыңыз. Бұдан кейін 21-ден 100-ге дейінгі болған сандарды номерлеуге төмендегідей өтіледі: Ондықтар санағы, 10, 20, 30, ... пайда болуы және аталуы. Сандардың ондықтардан және бірліктерден пайда болуы. Екі таңбалы сандарды жазбаша номерлеу, жазу және оқу, 1- және 2- таңба бірліктері. тапсырма. Жүздер мен мыңдар концентірінде (құрамында) номерлеумен байланысты болған мәселелерді салыстырыңыз. Бұл мәселенің ұқсастығы мен ерекшелігі неде? Өзара байланысты талқылаңыз. тапсырма. Үш таңбалы сандарды номерлеу бойынша сабақ бөлігін істеп шығарыңыз. Сабақтың мақсат және міндеттерін анықтаңыз. тапсырма Екінші сыныптың оқулығында таңба бірліктерімен өрнектелген мөлшерлерді анықтаңыз және жаттығулар түзіңіз. Download 198.3 Kb. Do'stlaringiz bilan baham: |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling