1000 ішінде номерлеу методикасы


Download 198.3 Kb.
bet4/5
Sana25.10.2023
Hajmi198.3 Kb.
#1720907
1   2   3   4   5
Bog'liq
1000 ішінде номерлеу методикасы

Жазбаша номерлеу. Бұл жерде де алдын екі таңбалы сандарды номерлеуді қайталау қажет: 1) “Сан” және “цифр” атауларының мағыналары мен олардың арасындағы ерекшеліктер. 2) Сандардың жазылуында цифрлардың орындық мәні. 3) Екі таңбалы сандардың таңба құрамының талқылауына тиісті жаттығулар орындалу тиіс.
Төмендегі жаттығуларды жазбаша номерлеуге тиісті білімдерді дамытады:

  1. Сандарды дәптеріңізге ретімен жазып шығыңыз:

  2. Үш жүз бір саны мен үш жүз он санын жазыңыз.

  3. 696 мен 703 санының арасындағы сандарды жазыңыз.

  4. 5, 7, 9 цифрларымен жазылатын барлық сандарды жазыңыз.

  5. 635, 67, 306, 666 сандарындағы 6 цифыры нені білдіреді?

  6. 6 жүздік және 3 бірлік, 5 ондық пен 2 бірлік, 10 жүздік, 4 ондықтан тұратын сандарды жазыңыз.

7. 71 және 701, 333 және 33, 500 және 501, 600, 601 және 160 сандарын жазу үшін неше цифр және неше сан керек.
Бұл тақырыпта негізгі тапсырма мыңдық ұғымын құрастыру, сыныптың ұғымының маңызын анықтау және сол негізде көп таңбалы сандарды оқу және жазуға үйрету, балалардың ондық санақ жүйесіне қатысты білімдерін, натурал ретін, сандарды жазудың позициондық принциптеріне тиісті білімдерін жалпылаудан тұрады.
Көп таңбалы сандарды номерлеу методикасы алдын өтілген тақырыптардың жалғасы ретінде жалғастырылады.
Көп таңбалы сандарды номерлеуді (ауызша және жазбаша) үйрену жұмысын бірнеше басқышқа бөлу мүмкін:

  1. Дайындық жұмыс.

Бұл басқыштың қызметі бір таңбалы, екі таңбалы және үш таңбалы сандарды номерлеудың негізгі мәселелерін қайталау.

  1. Сандарды оқыңыз. 526, 308, 700, 999, 1000, 528. Бұл сандардың әрқайсысында жалпы қанша ондық, бірлік, жүздік бар?

  2. Төмендегілерден тұратын сандарды жазыңыз: 8 жүздік, 2 ондық, 6 бірлік; 9 жүздік, 4 бірлік.

  3. Мыңда неше жүздік, ондық, бірлік бар?

  4. 2,5, 3 цифырларын пайдалану мүмкін болған үш таңбалы сандарды жазыңыз. Сол сандардың бірін оның таңба қосылғыштарының жиынтығы түрінде суреттеңіз.

  1. Номерлеуді үйрену

Бұл басқыш балаларды I класс — бірліктер сыныбы және II класс — математикалар сыныбымен әр класс бірліктерінің аттарымен таныстырудан тұрады.

  1. Екінші класс сандарының пайда болуы, оқылуы және жазылуымен таныстыру.

  2. Алты таңбалы сандардың пайда болуы, оқылуы және жазылуымен таныстыру.

  3. Оқушылардың білім және біліктіліктерін нығайту.

  4. Миллиондар класының пайда болуымен таныстыру.

Бұл тақырыпты үйренуде класс ұғымына жеке көңіл бөлінеді. Өйткені бұл оқу материалын оқушылар жағынан жақсы түсініп алуы көп таңбалы сандарды ауызша немесе жазбаша цифрлау жемісті болуына фактор болады. Сондықтан I класс — бірліктер класы және II класс — мыңдықтар класымен, олардың құрылымымен және әрбір класс бірліктерінің атауларымен таныстырудан тұрады. Төменгі класс таңба бірліктерін жоғары класс таңба бірліктері қандай пайда болуын оқушылардың санасына жеткізу керек.
Көп таңбалы сандарды номерлеуге үйренуде оқытушының негізгі қызметі, яғни санақ бірлігі — мыңдық ұғымын құрастыру,класс түсінгінің маңызын ашу және соның негізінде көп таңбалы сандарды оқу және жазуға үйрету, балалардың ондық санақ жүйесіне қатысты білімдерін, натурал реттік, сандарды жазудың мазмұндық тұрғыдан принципке тиісті білімдерді анықтау және жалпылаудан тұрады.
Көп таңбалы сандарды номерлеуді үйрену нәтижесінде оқушылар:

    1. Миллиондар класының ішінде қатар сандардың аттарын меңгеруі, олардың қалай пайда болуын түсінуі және олардың ондық құрамын біліп алулары қажет.

    2. Кластардың атауларын және әр кластың ішіндегі бірліктерді білуі керек.

    3. Миллиондар класының ішінде кез келген санды оқи алуы және жаза алуы тиіс.

    4. Сандарды салыстыра білуі тиіс.

    5. Кез келген санды бірлік қосылғыштарының қосындысы түрінде суреттей алуы тиіс (берілген сандағы бірліктердің, ондықтардың, т.б.).

    6. Жалпы санды таба білуі, майда бірліктерді үлкен бірліктермен немесе керісінше, үлкен бірліктерді майда бірліктермен ауыстыра алуы тиіс.

    7. Сандарды 10, 100, 1000 есе үлкейте алатын және нөлдермен аяқталатын сандарды 10, 100, 1000 есеге азайта алатын болуы да тиіс.


  1. Download 198.3 Kb.

    Do'stlaringiz bilan baham:
1   2   3   4   5




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling