6-тақырып. Өз бетінше тәлім, оның түрлері және орындалуы. Курс жұмысы, бітіру мамандық жұмысын жазу тәртібі. Жоспар


Download 62.77 Kb.
bet7/13
Sana21.04.2023
Hajmi62.77 Kb.
#1367870
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
Bog'liq
6 Такырып Өз бетінше тәлім, оның түрлері және орындалуы Курс жұмысы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫ ҚОРҒАУ
Аяқталған және толық рәсімделген жұмыс электрондық нұсқасымен (диск/дискетада) емтихан сессиясы басталардан 2 апта бұрын жетекшісіне тексеруге және алдын ала бағалауға ұсынылады. Сырттай бөлім студенттері курстық жұмысты келесі сессия басталғанға дейін тапсыруы тиіс.
Жетекші жұмысты тексереді, оған жазбаша қорытынды (пікір) береді, егер жұмыс толық рәсімделген және мазмұны оң баға алған жағдайда қорғауға жіберіледі. Талаптарға жауап бермейтін жұмыстар жасалған ескертулерді есепке ала отырып толықтыруға ұсынылады, кафедраға қорғау уақытынан 4 күн бұрын қайта тапсырылуы тиіс. Дайын курстық жұмыстар тігілген түрде кафедраға тапсырылады (жетекші пікірі мен плагиатқа тексеру нәтижесі тігілмейді, курстық жұмыс ішіне салынады).
Оқу кабинеттерінде көрме ұйымдастырылады.
Курстық жұмысты қорғау үшін сәйкес кафедралардың оқытушыларынан комиссия құрылады.
Курстық жұмыстарын кафедра отырыстарында, бала бақшаларда, мектептерде, төменгі курс студенттері алдында қорғауға болады.
Курстық жұмыс ережеге сай плагиат пен көшіріп алғандығына тексерістен өтеді.
Жұмыс жетекші студентті жұмыстың рұқсат етілген мөлшерде көшірулермен плагиатқа тексерістен өтетіндігі туралы және кафедраға тапсырғанға дейін мәтінді өзбетімен тексеру қажеттігі ескертуі қажет, жұмыстың соңғы бетінде «Курстық жұмысты өзбетіммен орындағанымды, рұқсат етілген мөлшерде көшірмелер бар екендігін растаймын» деген жазумен қолын қоюы тиіс.
Курстық жұмысты қорғау процедурасы:
1. Жұмыстың мазмұны туралы студенттің хабарламасы (7-10 минут).
2. Авторға сұрақ және жұмысты талқылау.
3. Жетекшінің сөзі.
4. Студенттің қорытынды сөзі.
5. Қорғауды қорытындылау.
Студент қорғауға 7 минутқа есептелген ауызша сөз даярлайды.
Курстық жұмысты қорғауда студенттің сөйлеуі болуы тиіс:
нақты және ықшам;
қамтылған мәселелер бойынша білімін демонстрациялау;
нақты анықталған зерттеу нысаны, пәні мен гипотезасының болуы, қарастырылған тақырыптың өзектілігін негіздеу;
өткізілген эмперикалық зерттеулердің қорытындысы мен нәтижелерін ашу (болған жағдайда);
көрнекі-иллюстративті материал: сызба, кесте, график т.б.
Бекітілген уақытта курстық жұмысты тапсырмаған және себепсіз жағдайлармен қорғай алмаған студент академиялық қарызы бар деп саналады. Курстық жұмыстың толық атауы хаттамаға және дипломның қосымшасына енгізіледі. Курстық жұмыс атауы тырнақшаға алынбайды.

Download 62.77 Kb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling