Ағылшынша England Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Патшалығының
Download 1.01 Mb. Pdf ko'rish
|
АНГЛИЯ
ХҮІІ ғасырдағы ағылшын әдебиеті
ХVІІ ғасырдың 20-30 жылдарында Англияда таптық күрес мүлдем шиеленісіп, феодалдық өкімет мемлекеттің бұдан соңғы дамуына кедергі болған еді. Ағылшын буржуазиясы «жаңа дворяндармен» одақтасып, шаруалармен бірге жеке билікке қарсы күрес жүргізді. Бірақ шаруалар бұл төңкерістен пайда таппады. Жерге феодалдық жеке меншік құқық жойылған соң, жер шаруаларға емес, ал жаңа дворяндардың қолына өтіп кетті. Буржуазияланған дворяндар шаруашылықтың негізгі түрі болған қой өсіруді дамытып, өндірісте ет, сүт, жүн өнімдерін өндіруді жолға қойды. Ағылшын буржуазиялық төңкерісінің өзіне тән ерекшелігі, бұл төңкеріс 1668 жылы дүниеге келген буржуазия мен дворяндық ортасындағы мәмілемен аяқталғандығында болатын. Франциядағы буржуазиялық төңкеріс болса, феодализмді және оның барлық басқару әдістерін, заңдарын жойып жіберді. ХVІІ ғасырдың 60- жылдарында Стюарттар жаңғыртуы (реставрациясы) әдебиеттегі ілгерішіл күштерді феодалдық озбырлыққа қарсы күреске үндеді. Осы уақытта Бетлар «Гудирас», Мильтон «Жоғалған жұмақ» поэмалары мен «Самсон күрескер» трагедиясын, Бэньян «Зияратшының сапары» атты шығармасын жазды. 1668 жылғы мәміледен соң буржуазия өзінің бет пердесін 8 жұлып тастады. Енді бұрынғы феодалдық озбырлықтың орнын буржуазиялық зұлмат басты. Ағылшын төңкерісі қарсаңында және жаңғырту жылдарында өмір сүрген ілгерішіл жазушылар Қайта өрлеу дәуірінің ұлы қаламгерлерінің, соның ішінде көрнекті драмашы Шекспирдің шығармашылық дәстүрлерін жалғастырды. Олар Бэконнан да рухани шабыт алды. ХVІІ ғасырдың 30-40 жылдарында төңкерісшіл әрекет күшейіп, республика орнату үшін күрес шиеленіскен кезеңде ілгерішіл жазушылар феодалдық монархияға қарсы қарулы көтеріліске шақырады. Бұл Мильтонның публицистикасы, Лильберн мен Уинстенлидің памфлеттерінде анық көрінді. Download 1.01 Mb. Do'stlaringiz bilan baham: |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling