Ағылшынша England Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Патшалығының


Download 1.01 Mb.
Pdf ko'rish
bet5/6
Sana18.06.2023
Hajmi1.01 Mb.
#1570301
1   2   3   4   5   6
Bog'liq
АНГЛИЯ

Ағылшын ағартушылық әдебиеті 
Ағартушылық – қоғамдық-саяси ағым. Оның 
өкілдері ізгілік, әдңлеттілік идеялары мен ғылыми 
таным-білім негіздерін тарату жолдары арқылы 
қоғам кемшіліктерін түзетуге, оның талғам-
талаптарын, саясатын, тұрмысн өзгертуге күш 
салды. Ағартушылық XVIII ғасырда әлеуметтік 
көзқарастардың қалыптасуына едәуір ықпал етті. 
Ғалымдар бұл ғасырды 
«ақыл-ой ғасыры» 
деп 
атады. Ағартушылық әдебиетте сентиментализм 
ағымы 
пайда 
болды. 
Сентиментализм 
(французша сезім, сезімталдық деген сөздерден 
алынған)
Ағылшын 
әдебиетінде 
сентиментализмді орнықтырған жазушы Л.Стерн. 
Ағылшын ағартушылық әдебиетінің көрнекті 
өкілдерінің бірі – Даниэль Дефо. 
Даниэль Дефо 
1661 жылы ет саудагері Джемс Фоның 
отбасында дүниеге келді. Кейін жазушы 
фамилиясын Дефо деп өзгертті. Дефоның отбасын 
тек сауда мен дін ғана қызықтырды. Оның әкесі 
діни көзқарасы бойынша пуритан әрі диссидент 
болды. Әкесі кішкентай Даниэльдің ерекше 
қабілетін 
байқап, 
пуритандық 
шіркеудің 
священниктерін даярлайтын, «академия» деген 
атақ алған диссиденттік мектепке оқуға береді. Ал 
Дефо болса өз кезегінде діни қызметкер болудан 


11 
бас тартып, саудамен айналысады. Ол өмірінің 
соңына дейін коммерсант болып қала берді. Әуелі 
фабрикант, одан соң Англиядан мата шығару әрі 
сырттан вино кіргізу ісі бойынша делдал қызметін 
атқарды. Нәтижесінде черепица зауытының 
қожайыны болды. Сауда-саттық делдалы болып 
жүргенде Даниэль Еуропаға, әсіресе, Испания мен 
Португалияға көп саяхат жасайды. Сауданы 
дамыту үшін Дефо әртүрлі коммерциялық 
жоспарлар жасап, жаңа кәсіпкерліктер ашып, бірде 
байып, бірде кедейленіп қалып отырды. Сонымен 
бірге, ол өз заманындағы саяси оқиғаларға белсене 
араласып отырды. 1688 жылы болған «даңқты 
төңкеріске» атсалысып, Вильгельм ағылшын 
жағалауына келгенде Дефо оның армиясының 
құрамына кіріп, бай көпестер ұйымдастырған 
корольдің салтанатты шеруіне қатысады. 

Download 1.01 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   2   3   4   5   6




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling