Актуальные научные исследования в современном мире iscience. In. Ua
Download 3.94 Mb. Pdf ko'rish
|
Збірник V part 2 (web)
__ ISCIENCE.IN.UA
«Актуальные научные исследования в современном мире» ___ 59 Несиелердің қайтарылмауынан зиян шегу – кез келген банк қызметінің қашса қҧтылмайтын ҥлесі. Оларды толық жою мҥмкін емес, бірақ ең тӛменгі мӛлшерге жеткізуге болады. Американдық коммерциялық банктерде проблемалық несиелердің пайда болу себептерін айқындайға кӛмектесетін, сол сияқты олардың пайда болуын болжайтын толық жҥйе жҧмыс істейді. Бҧл жҥйеге сәйкес кҥмәнді несиелердің пайда болуына әсер ететін банкке байланысты және байланысты емес факторлар келтіріледі. Бірінші факторларға несиелік процеспен байланысты, яғни несиелік ӛтінішке, несиелік қҧжаттарға және т.б. жасалынатын талдауды қамтитын барлық аспектілері жатады. Екінші факторларға қолайсыз экономикалық жағдай және тӛтенше оқиғалар жатады. Американдық банктік тәжірибе несиелік процестегі проблемалық несиелерді анықтауда «25 белгіні» қолданады: Қарыз алушының тарихына байланысты «белгілер»: Таяу арадағы қарыз алушының қаржылық тҧрақсыздығы; Қарыз алушы туралы ақпараттардағы алшақтық және қарама- қайшылық. Қарыз алушының жетекшілері мен басқармасына қатысты «белгілер»: Қарыз алушының серіктестерінің тҧрақсыздығы; Басшыларының моральдық сапасының тӛмендігі; Серіктестер арасында, компанияны иеленушілер, отбасы мҥшелері арасындағы билік ҥшін кҥрестің болуы; Басшылардың жиі ауысуы; Басшылардың салмақсыздық мінезі; Қарыз алушының басшысының несиелік процесті жеделдетуге банк қызметкеріне қысым жасауға ынталы болуы. Қарыз алушының ӛндірістік қызметін кӛрсететін «белгілер»: Қарыз алушының жабдықтаушыларым мен сатып алушылар ортасының ӛзгеріссіз болуы; Қарыз алушының ӛз алашақтарына жасайтын бақылауының әлсіздігі; Қарыз алушы саласының сол уақыттарда проблемалық салаға жатуы; Балансты жҥргізудің қысқаруы, яғни актив және пассив баптарының толық берілмеуі. Несиелеуді ҧйымдастыруға қатысты «белгілері»: Қарыз алушының несиені сҧраудағы нақты мақсатының болмауы; Қарыз алушыда несиені қайтаруда анық бағдарламаның болмауы; Несиені ӛтеудегі резервтік кӛздерінің болмауы; Несие берілетін мақсатына қарыз алушы тарапынан материалдық қамтамасыз етілмеуі; Қарыз алушының несиелік ӛтінішінің негізсіздігі; Қарыз алушы несиені акционерлік капиталын кепілге бере отырып сҧрауы; Несиенің ең бастысы, ӛндіріске емес, айналыс аумағына бағытталуы; Несиенің қайтару мерзімі жеткізікті негізделмеуі. |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling