Алмас қылыш
Download 1.59 Mb. Pdf ko'rish
|
Көшпенділер - Алмас қылыш
Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004
www.kazakhstanets.narod.ru 61 сұлтандары бәріміз де осындаймыз. Дәшті Қыпшақ тағына ие болу үшін мен Жошыдан шыққан қай адамды аядым? Қолына күш тисе Бұрындық та соны істейді. Ал күш тиіп қалуы да мүмкін. Қалың қазақ руларына олар текке иек сүйеп отырған жоқ. Рас, бұл руларды Арғын бастағысы келгенмен өзгелерінің басы қосылмай жүр. Үйсін, Наймандар әлі де ауа жайылуда. Алдағы бір айла бұлармен Жәнібек пен Керейді, қала берді олардың балалары Қасым мен Бұрындықты біріктірмеу керек. Ал біріктірмеудің жалғыз жолы баяғы бір кәрі амал — ажал... Түбірімен жұлынған шөп қана қайта өспейді. Құр үстін шабудың қажеті жоқ: Өзбек ордасы Ақ Ордаға айналмасын десең, Жәнібек пен Керейді түп-тамырымен құрту шарт, бірақ Арғындармен ымдас руларға сөзін өткізе алатын Дайырқожа — Ақжол би тұрғанда ол мақсатқа жету қиын. Ақжол би Жәнібек пен Керей үшін отқа күйіп, суға батуға бар. Иә, ең алдымен Ақжол бидің өзін... Әбілқайыр хан Ақжол биді жоқ ету — жатқан жыланның құйрығын басу екенін дәл осы сәтте есепке алған жоқ. Баяғы көкіректі жайлаған өшпендік уы, баяғы хан тағын қорғау қаупі тағы жеңді. Бірақ уәзірге ол: — Ең алдымен Рабиу-Сұлтан-Бегім жайында айтылған әмірді орында, —деді, — Ақжол бидің тағдырын сосын шешеміз. Бақты-Қожа уәзір: — Құп, тақсыр, — деп орынсыз күмәнданғанына көзі жетіп, тәжім етіп үйден шығып кетті. Бірақ ізін ала қайта кірді. — Қара Қыпшақ Қобыланды сіздің алдыңызда бас имекші, — деді шығыс ғұрпымен орағыта сөйлеп. — Жақсы, кірсін, — деді Әбілқайыр, үре түрегелген иттердей өзіне тарпа бас салған қалың ойды қуа беріп. Иә, хан ойланатын іс қазір мол еді. «Өз әкесі Ұлықбекті өлтіріп, Самарқант әмірі болған әбдуәли-Латиф мырзадан кейінгі әміршісі Ақсақ Темірдің екінші баласы Шахрух мырза өзінің Әбілқайыр ханға бағынышты екеніне қарай, Үндістан мен Иракқа жорыққа шығыпты. Бұл қай саясаты? Үндістан мен Иракты өзіне қаратса күшейемін дегені ме? Иә, солай болар. Шахрух мырза күшейсе ең алдымен Әбілқайырдың құрығын үзуге тырысады. Жоқ, ол болмас. Шахрух мырзаны біржолата құрту үшін Самарқант билігін өз ұлдарымның біреуіне беру керек. Шахрухтың басын жоятын мезгіл жетті. Моғолстанның да қазір өрісі кеңіп алды... Исан Бұғы хан Жәнібек пен Керей сұлтандарға көңілдес. Бізбен кереғар. Бұл ханды да жөнге салар бір қайың құрық керек-ақ! Түбі Моғолстанмен бір айқасуым кәміл. Мүмкін қазір айқасқан жөн бе? Бүкіл Дәшті Қыпшақ, Хорезм, Моғолстанның солтүстік-шығыс жағының әжептәуір жері қолымда тұрғанда, ала ауыз Жағатай ұрпақтарына күшім жетуі ғажап іс емес. Бірақ сондай байтақ елге жорыққа аттануға денсаушылығым көтере алар ма екен? Ақсақ Темір Мауреннахрға бабаларын Кавказдан құл етіп айдап әкелген, қазір ұрпақтары мұсылман болып кеткен, атақты балгер-дәруіш әбдіразақ Нахичевани кешке «хан ием, буындарыңызға тұз ұялай бастапты. Сары ауруға шалдығып кетер қаупі бар. Бір-екі жыл жорықты қоя тұрып, Мауреннахрға барып, ыстық бұлақ суларымен емделгеніңіз жөн болар» деді ғой. Бұл ақылды еске алмасқа бола ма? Жаулап алған бүкіл әлемнен түбі саған тиері екі құлаш қара жер ғана ғой, дүние жүзін билеймін деп жанталаса берудің қандай қызығы бар? Ханның бұл өлімнен қорыққаны емес. Адамның өзіне тимей кетпейтін бір үлесі бар. Ол бақыт та емес, тек өлім! Әбілқайыр бұны жақсы біледі, енді өз ойына өзі күлді. «Дүние шіркін Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004 www.kazakhstanets.narod.ru 62 қандай тәтті! Оның өлімнен күштілігінің өзі сонда ғой, қара жерге кіргеніңше сол үшін алысып өтесің! Үрім-бұтағым деп алысасың» кенет есіне Шыңғысханның ескі өсиеті түсті. Шыңғысханның жер-жиһанға аты жаңа тарап, қырықтан асып бара жатқан кезі екен, жанында бір топ нояны бар аң аулап келе жатыпты. Кенет жас ноян Сүбітай баһадур: «Тақсыр хан, қараңызшы!» деп оң жақтарындағы биік жартастың етегін көрсетіпті. Биік құз, етегі қалың көгал шөп, ортасында селдір құрақты бұрала сылдырап аққан күміс бұлақ. Осы бұлақтан су ішіп бір топ киік тұр. Жел қарсы жақтан болғандықтан киіктер Шыңғысхан тобының сыбдырын естір емес. Ханның оң жағында келе жатқан ноян иығынан садағын жұлып алып, киіктің шеткі марқа қошқарын іліп түспекші болып, көздей бастады. Бірақ Шыңғысхан «тұра тұр!» деп қолын көтеріп, садағын тартқызбай қойды. Ханның қырағы көзі дәл осы сәтте басқа бір кереметті шалып қалған. Ол алдыңғы жағына ентелей қарады. Сөйткенше болған жоқ, нояндар киіктердің ар жағындағы көлден шығып, шың түбімен өрмелей келе жатқан ұзындығы бес құлаштай қара шұбар жыланды көрді. Әлгі ноян енді садағын киіктерге қарай ақырын жылжи таяған әп жы- ланға көздей бастап еді, Шыңғысхан қолын көтеріп тағы атқызбай қойды. Киіктер өздеріне жақын қалған ажалды сезді ме, кенет құлақтарын едірейтіп жан- жақтарына елеңдей қарады да, айдаһарды көріп ата жөнелді. Бірақ олар тым кеш қимылдады, әп жылан лақтырған бүйендей кенет жуан шұбар денесін сопаң еткізіп бір ытқытты. Сол сәтте шеткі жас киік «бақ» ете қалды. Жыланның орала түскен балуан денесінің бір сығуынан киік қалмады. Екінші рет бақыруға да жарамады, жас сүйегі сытыр-сытыр сынып, заматта жан берді. Енді жылан жазылған арқандай бес құлаш денесін созып жіберді де арандай аузын ашып, киікті жұтпақ болып ыңғайлана берді. Жаңағы ноян үшінші рет садағын кезенді. Шыңғысхан бұ жолы да оны тоқтатты. Жылан киіктің бас жағынан шығып енді жұта берем деген кезде, кенет «шаңқ» еткен дауыс шықты. Қайдан келгені белгісіз, кереге қанат ақ иық қыран көктен түскен тастай жарқ етіп айдаһардың үстіне құлады. Екі алып алай-түлей жұлысты да қалды. Қайсысының қыран, қайсысының жылан екенін білу қиын, бірі қара шұбар, бірі тарғыл жүнді таудың ақ иығы. Тек бірін-бірі құшақтай жұлқыласқан, жанта- ласқан, жартас етегінде шыр-көбелек айналып домалаған, будақталған түйін ғана көрінеді. Көктен түскен қыран, сірә, қанжардай тырнақтарын жыланның ең жанды жерлерінен салған болуы керек, анау оны қанша орап алып сығып құртам десе де болмады. Сүт пісердей алысқаннан кейін айдаһар иірілген денесін дірілдей созып, кенет сылқ етіп құлап түсті. Бүркіт айдаһардың шу дегеннен-ақ бір аяғымен көк желкесінен ап, екінші аяғын омыртқа тұсынан сап, артына қайырып өлтіргенін нояндар енді көрді. Адамның басы мен аяғын ұстап артына қайырып, омыртқасын сындырып өлтіретін нағыз Шыңғыс жаналғышы дерсің! Қыран жыланның басын денесіне дарытпапты. Ананың тек ирелеңдеген бөксе жағы ғана қыранға жабыса беріпті. Қанжардай өткір сояу тырнақтар қойсын ба, көк желкеден түсіп, тамағына дейін бүріп, айдаһарды әрі тұншықтырып, әрі арқа сүйегін күйретіп жіберіпті. Ақ иық айдаһарды өлтіргеннен кейін, нояндар енді оны жас бағлан киіктің етімен тояттанар деп ойлады. Жоқ, олай болмады. Бүркіт киік етіне көз де салмады. Әлі жаны шығып бітпей, ақырын ғана діріл қағып жатқан әп жыланның денесіне қанжардай сояу тырнақтарын салып жіберіп, әп-сәтте күлпаршасын шығарды да бөлшектенген етімен қомағайлана тояттана бастады. Әбден тойып |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling