Алмас қылыш
Download 1.59 Mb. Pdf ko'rish
|
Көшпенділер - Алмас қылыш
Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004
www.kazakhstanets.narod.ru 196 кеткен. Міне, осы кезде тыныш жатқан Дулат аулына кенет жау тиді. Ел жаңа түнгі асын ішіп жатқан кез еді. «Бұрындық!», «Бұрындық!», «Керей!», «Керей!» деп салған ұраннан, шапқан ат, айқайлаған дауыстан ауыл үсті азан-қазан болды да қалды. Кәп мынадан шықты. Дулат руының осы қонған Талас өзенінің көгал шөпті, қамысты жағасы, Бұрындық ханның қыс ерте шыққан жылғы Дәшті Қыпшақ даласына көшкенше тұрақтайтын көктемгі жайылымы екен. Бұрындық Сарайшық жағында көшіп жүріп бұл жайылымға көптен бері соқпай қойған. Бұл ара биыл бос жатқан соң, қыстан күйзеліп шыққан Дулат ауылдары хан келе қоймас деген үмітпен осы жерге қонған. Бірақ Жайық жағасы да биыл қысы қарсыз, көктемі жаңбырсыздау боп Бұрындық бері қарай көшкен. Талас өзеніне таянған кезде көп жылдан бері көктемде қоныс ететін Дулат ауылдары отырғанын білген. Соңғы кезде ел қонбай, даласы да жайылымының оты басылмай тұрған шығар деп келе жат- қан Бұрындық жерінің бос емес екенін естігенде, ашудан ат үстінде отыра алмаған. Соңғы жылдары қазақ рулары Қасым сұлтанға ауып кеткен. Сыныққа сылтау, соған іштей әбден ызаланып жүрген Бұрындық «бұл қай қорлаулары!» деп бұлқан-талқан болған да қалған. «Көрсетейін мен бұларға басынуды!» деп қолына темір табанды сойылын алған. Қарамағындағы бес жүз сарбазын ертіп, асқа дайындалып жатқан ауылдың, қойға шапқан қасқырдай, бір шетінен тиген. Шоқпарымен ұрып сан үйдің шаңырағын ортасына түсірген. Ауылдың заматта әлек-шәлегін шығарған. «Хан тақсыр, бос жатқан соң қонып едік», «Қарамағыңыздағы қазағыңбыз ғой, дәкпірімізді алмай, таң атқанша шыдаңыз, өзіміз де көшейік» деп жалынған ауыл ақсақалдарын долы мінезді Бұрындық ештеңеге қарамай «көш деген соң көш! Қарсыласайын деген екенсің!» деп табанда сойылға жыққан. Ойбайлаған қатын, жылаған бала, үрген ит, маңыраған қой-ешкі, ауыл үсті азан-қазан болған. Көптен бері алысатын жау шықпай, жынын алған бақсыдай, әбден қансырап қалған Бұрындық, жоқ жерден сойыл соғар қос тауып, баурын бір жазды. Ат ойнатып, ақырып рақаттанды да қалды. Хан өз елін жауынан қатты шапты. Таң атқанша Талас өзенінің осы арадағы бес-алты кедей ауылын бала-шағасын шұбыртып, өліктерін арқалатып құмға айдап салды. Бұл оқиғаны жорықтан қайтқан ел азаматтары естіп, қандары қызды, қаһарларына мінді, хан аулын күлін көкке шығарып тал түсте шаппақ болды. Жұрт дүрлігіп қол жиналды. Тек Дулат елінің ағасы, Бөрібай батырдың баласы Қасқалдақ би жұртқа ақыл айтып, аз уақытқа халық ашуын саябырлатты. — Ел деген атымыз бар, хан ақымақтық істеді деп біз ақымақ болмайық. Бұрындық ханның бұл қылығын Қасым сұлтанға жеткізелік, аға да, хан да өзінікі ғой, әділетін өзі шешсін, — деді. Жұрт осы сөзге тоқтады. Бұл хикаяны естісімен қасына бір топ батырларын ертіп Қасым Бұрындық хан Ордасына аттанды. Хан бұлардың келетінін күні бұрын естігендей ауыл сыртында қарсы алды. Астында аты шулы, сүліктей жараған, жалқұйрығы жерге төгілген мұндайда жауға мінер қара айғыры, үстінде оба тастай боп дөңкиіп өзі отыр. Арт жағында оба тасының жанындағы балбалалардай төрт баласы. Бәрінің де мінгені осы қара айғырдың тұқымы, кілең тоқпақ жал нардай дүлдүлдер. Үстерінде кеуде тұсы тұтасқан қалқан темір, келте сауыт, жеңдері мен шалбарлары ғана шынжырдан тоқыған... Бәрінің қолдарында шойын шоқпар, ер басына іле салған темір табанды қайың сойыл. Жақындап келе жатқан батырларды олар сол Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004 www.kazakhstanets.narod.ru 197 түнерген қалыптарында, мызғымай күтіп тұр. Жайшылықта түсі суық, долы Бұрындық ашуланғанда, қаһары бетіне жан қаратпайтын аяздай тіпті ызбарлана қалатын. Бұ жолы да бет-әлпеті сондай еді. Екі бетінің түгі шығып, қара күреңденіп, ісініп, көзі қанталап кеткен. Бұрындықтың осынау ызбарлы сұсы жеңді ме, батырлар тақа таямай сойыл жетпес жерге келіп тоқтады. — Ассалаумағаликом, Бұрындық хан, — деді олар жамыраса амандасып. Балалары «аликомассалам» деп еріндерін жыбырлатты. Бұрындық сәлемді алған жоқ. — Бері тая, Қасым, — деді ол оң қолына ұстап тұрған шоқпарын сәл оңтайлап, — айтатын құпиям бар. Түр-келбеті — Қасым таяса, қара шойын шоқпарымен салып қалатындай. Егер бұзау бас қара шоқпарды Бұрындық секілді алып күш ұрса, адамның несі қалады. Темір балғамен тақтайға шегені соққандай біржолата жерге кіргізіп жіберері хақ. Ал Бұрындықтан мұндай қылықты күтуге болады. Ол ашу үстінде қандай қылмыстан болса да бас тартпайды. Ойындағысы орындалса бітті, өліп кетуге бар. Бұ жағынан Бұрындық ашу үстінде өзін-өзі шағып өлтіретін бүйі тәрізді, алды- артына қарамайды. Ханның мұндай мінезіне қанық қазақ батырлары аттарын тебініп қап, Қасымды қорғай алға шыға берді. Бұны көрген Бұрындық ақырып жіберді. — Қайт кейін, кілең қарашы! Хандар арасында қара қазақ тұрмас! Тая бері, Қасым, сөйлесетін сөзім бар! Бұрындықтың даусы тым қаһарлы шықты, батырлар іркіліп қалды. Қасым оларға: — Кейін шегініңдер, — деді. — Өзім сөйлесейін. Қасым өзгелерден суырылып шығып, Бұрындықтың қасына барды. Ананың түрі түтігіп кеткен екен. Екі көзінен қара күреңденген бетін жуа, бармақтай- бармақтай жас тамшылап тұр. Ызаланған бураның көзінен жас шығатынын Қасым бұрын көргені бар. Денесі мұздап кетті. Шіркін, жан деген тәтті ғой, амалсыз ханның қолындағы қара шоқпарға қарады. Бұрындық бұған көңіл бөлген жоқ. Және көзімнен жас шығып тұр-ау деп қымсынбады. Сорғалаған жасын да сүртпей Қасымға алар бүркіттей түксие сестеніп, сәл қарлыққан даусын көтере сөйлеп кетті. — Қарамағыңдағы елің теріс қарап кетсе, хан деген ит қорлық екен. Оны мен Әбілқайыр ұрпағына қыздарымды бергелі білдім. Қонысымды жайладың деп қамсыз жатқан елді шапсам, сынықтан сылтау іздегенім. Айып менен. Бірақ айыптымын деп қарашыға бас иер жайым жоқ. Оны жақсы білесің, Қасым. Жазылмас кеселдің емі — өлім. Ал менің кеселімнің жазасы өлімнен де ауыр. Бұл жазаны өзіме өзім таңдап алдым. Жазам сол! Ертең күйеу балам Мұхамед-Темір сұлтанның қолына, Самарқантқа көшемін. Сен жеңген жоқсың, мен жеңілгем жоқпын. Жұртымды басқара алмаған өз күнәмды өзім осылай жумақпын. Дәшті Қыпшақты билеген Бұрындық Мұхамед-Темір сұлтанды күшік күйеу етіп өз ордасына кіргізудің орнына, ата жауы Әбілқайырдың ордасына өзі күшік ата болып кірмек. Бұдан артық жаза, бұдан артық өлім бар ма? Сөз осымен бітсін, ана қабыландарыңды ертіп енді кейін қайт. Ақыл айтамын деп, хан болуға жеткізген сонау ақылды басыңа мына қара шоқпарымды жұмсатып алып жүрме! |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling