Алмас қылыш


Download 1.59 Mb.
Pdf ko'rish
bet101/102
Sana14.03.2023
Hajmi1.59 Mb.
#1267842
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   102
Bog'liq
Көшпенділер - Алмас қылыш

Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004 
www.kazakhstanets.narod.ru
 
200 
өлкенің ғана ханы бола тұрып, енді бүкіл қазақты билейтін ұлы хандық құруды 
ойлады. Кімді хан етеді? Оны халық өзі шешсін деп, өз атын атаудан бас тартты. 
«Хан ақылы қырық кісілік, халық ақылы қырық мың кісілік: көппен кеңесіп 
пішкен тон келте болмайды» деп бұл мәселені халықтың шешіміне қалдырды. 
Әкесі Жәнібектің диван 
1
заңы етіп кеткен «Тағанақ кеңесі» мен «Тұрымтай 
кеңесін» қайтадан күшіне енгізді. Хан болдым деп бірден шабуылға кіріспей, 
алдымен өзін басқа біреу шауып алмас үшін, Созақ, Ұлытау, Сайрам, Сарайшық 
бекіністерін жөндеп, мықты әскер құруды арман етті. 
Осы кезде тағы бір ұлы уақиға болды. Бүкіл Түркістан, Самарқант, Бұқар, 
Андижан, Шахия, Хизар, Хорезм, Құндыз, Бадахшанды жаулап алған Мұхамед-
Шайбани хан енді Қорасанға аттанды. Адамның тасы өрге домалап тұрған кезде, 
қандай қиын істің болса да қиюы келе қалады. Мұхамед-Шайбани да қисынын 
тауып, Қорасанды жаулап алды. Адам баққа, атаққа тойған ба, Мұхамед-Шайбани 
бұған да қанағаттанбады. Өлер бала бейітке жүгіреді, ол енді сонау қарлы 
Памирды жайлаған Хазар еліне аттанды. Бірақ хазарлар жықпыл-жықпыл 
Гиндықұштың арасына тығылып алып, оған таптырмады. Амал жоқ, кейін қайтуға 
тура келді Ауған жеріндегі Тілман өзенінің жағасымен төмен түсті. Бірақ бұл өзен 
бірімен бірі жалғасып жатқан ұшы-қиыры жоқ шың құз тастардың арасымен өтеді. 
Сонау бұлт сүйген биіктегі жіңішке қоба жолмен қайтып келе жатқан көп әскерге 
құлама құздардан, пышақ кескендей жылтыр жартастардан төмен түсіп су алу, не 
аттарын суару ғажайып михнатқа айналды. Су жетпей біраз адамдары қырылды, 
аттары зорығып өлді. Осындай қиындықпен келе жатқандарында күз түсті. Кенет 
ақ жауын басталды. Енді бұрынғыдан да қиын жағдай туды. Күндіз-түні тынбай 
жауған ақ жауын тау арасындағы тас жолды жуып кетті. Аяқ басса тайғанап, адам, 
мал тұңғиық шыңырауларға қарай домалай жөнелді... Қаншама әскер апатқа 
ұшырады. Өстіп, өлдім-талдым дегенде әйтеуір қыс түсе, Мұхамед-Шайбани 
қалған әскерімен Қорасанға жетті. Азып-тозған, әбден жүдеген әскеріне енді ол 
елдеріне қайтуға рұқсат етті. Аштықтан көздері үңірейген, үстеріндегі киімдерінің 
жұлма-жұлмасы шыққан бір кездегі мұздай боп қару-жарақтанған айбарлы әскер, 
енді кенет қайыршы секілденіп, сонау Иран мен Ирактың шекарасынан Түркістан 
өлкесіне дейін шұбатыла босты. 
Бұл бір ғажайып көрініс еді. Мұхамед-Шайбани лашкері келе жатыр десе, 
бұрын жылаған бала уанатын қаһарлы, айбарлы әскер енді қатын ұрып алатындай 
тобырға айналды. Олар өз елдеріне жеткенше күн көру үшін, топ-топқа бөлініп, 
жолдағы бейбіт жатқан дихтарды тонай жүрді. Көптеген жұрт енді өз әскерінен өзі 
қашты. Халықты үрей биледі. 
Дәл осы кезде өзге хандардың демеуімен Иранның әміршісі Шах-Ысмайыл 
Қорасанға жорық салды. Бұл кездегі өзінің астанасы Гератқа әскерсіз жеткен 
Мұхамед-Шайбани, енді бұл арада қалуы — құр үйде отырып өлуі екенін сезіп,
«жауынгерлер Мервке жиналсын» деп жан-жағына хабаршыларды шаптырды. 
Бірақ әбден азған-тозған, шаршаған әскер жинала қоймады. Өзі Мервке келген 
шақта, соңынан Шах-Ысмайыл да қуып жетті. Амал жоқ, жиналған бар әмір,
баһадур, сұлтандарымен ұрысқа шығуға тура келді. «Тарихи Рашидида»: «Кім де 
кім өзгеге ажал азабының шербетін қанша ішкізсе, өзі де сол удан соншалық 
ішеді» деп айтқандай, оның да өлім ыдысы лықылдап толған еді. Осы айқаста 
атасы Әбілқайырдың жасына жетпеген, бүкіл Орта Азияны жаулап алған, атақты 
1
Д и в а н (фарсыша) — бұл арада хан кеңесі деген мағынада. 


Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004 
www.kazakhstanets.narod.ru
 
201 
Мұхамед-Шайбани хан жекпе-жекте жас жолбарыс Шах-Ысмайылдың қолынан 
қаза тапты. Соңғы он жылдың ішінде елінің шетіне сан келіп, талай рет тыныш 
жатқан жұртты қан қақсатқан ұлы жиһангер батыр ханның бас сүйегінен Шах-
Ысмайыл шарап ішетін ыдыс істетті. 
Бұл уақытта Қасым хан ордасы әбден күшейіп алған-ды. Бүкіл Дәшті 
Қыпшақтың көп рулары ер жүрек әміршісін ту етіп көтеріп, маңына жинала 
түскен. 
Қасым хан бұның алдында Мұхамед-Шайбанимен бірнеше рет майданда 
кездескен. Әбден кемеліне жеткен әккі әскер бірін-бірі жеңе алмай ит жығыс келе 
берген. Ал Қасым хан қаншалық бейбітшілік өмірді сүйгенменен, енді Әбілқайыр 
ұрпақтарымен алыспасқа мүмкіндігі қалмаған. Осыдан екі ай бұрын Мұхамед-
Шайбани Түркістан жерінде қазақ саудагерлері сауда-саттық жүргізбесін деп 
жарлық берген. Бұнысы бүкіл Дәшті Қыпшаққа зорлық еді. Халыққа қаладан 
керек затыңды алма деу әрине, зор қиянат. Осындай жағдайда жүргенде Қасым 
хан Мұхамед-Шайбанидың өлгенін есітті. Бұл күндерде Қасым хан Түркістан 
өлкесін біржолата жаулап алуға дайын еді. Қазір оның қарамағында үш жүз 
мыңдай боп қаруланған атты әскер бар. Осы бір кез бытырап жүрген қазақ 
руларының басын қосып алтын тұғырына қонып, шын мемлекет бола бастаған кез 
еді. Қасым ханның да абыройы әбден көтеріліп болған. Оның Дәшті Қыпшақтың 
елдік, жауынгерлік даңқын «Тарихи Рашиди» айтқандай, Жошы ханнан кейін 
бүкіл Шығысқа жайған әлуетті шағы еді. 
Күн айнадай ашық. Күзгі салқын жел сарғайып кеткен ен даланы аймалай сүйіп 
ақырын еседі. Бір топ батырларымен Қасым хан Созақтағы хан сарайының 
алдында тұр. Осы арадан қазақ жерін қайта шапқалы келе жатқан Қытай, Ойрат, 
Ақсақ Темір ұрпақтарының қалың әскеріне қарсы ұлы айқас басталмақ. 
Қолдарындағы темір найзаларының сүйір ұштары мен арқаларына таңып алған 
болат қалқандары күн көзімен шағылысып, хан сарайының алдынан майданға бара 
жатқан кілең жүйрік мінген қалың әскер лек-лек боп өтіп жатыр. Ұшы-қиыры жоқ, 
бүкіл даланы алып жарқ-жұрқ етеді. 
Кенет Қасымның көзі әскерінің алдыңғы қатарында кетіп бара жатқан, бетін 
қара далбағайымен жапқан көк сауытты батырды шалып қалды. Бұл Орақ еді. Хан 
ақырын езу тартып күлімсіреді. «Халық қамын ойлаған батыр хан қолына келіп 
қосылса, бұл жақсы ырым. Хан саясатының онда халық көкейіне қонғаны». 
Қасымның көзі енді дәл қасынан ақбоз сәйгүлігін ойнатып өтіп бара жат- 
қан, ақ берен сауыт киген жас батырға түсті. Атының сымбаттылығына, жас 
батырдың отырысына сүйсінген хан көзін одан көпке дейін алмады. Бұл өзінің 
баласы — Хақназар еді. Ұрысқа алғашқы аттануы. 
Қасым үндемеді, тек баласы ұзап кеткенше оның ту сыртынан қарай берді... 
ЭПИЛОГ 
Қазақ хандары Түркістан өлкесі үшін сексен жылдай соғысты. Ақырында, осы 
Хақназар хан болған кезінде ғана тегіс өз жерін өзіне қайтарып алды. Хан 
астанасын Яссыға көшірді. Содан кейін барып оны Түркістан деп атап кетті. Және 
осы Хақназар хан кезінде үш жүз жылдан көп әңгіме болып келген жай — бүкіл 



Download 1.59 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   102




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling