Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссиясы мақұлдаған


ІI БӨЛІМ КІСІ АҚЫСЫНЫҢ КӨП ҚЫРЛЫЛЫҒЫ


Download 1.14 Mb.
Pdf ko'rish
bet14/85
Sana10.04.2023
Hajmi1.14 Mb.
#1348522
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   85
Bog'liq
Ала жіпті аттама

ІI БӨЛІМ
КІСІ АҚЫСЫНЫҢ КӨП ҚЫРЛЫЛЫҒЫ
Кісі ақысының көп қырлылығы
Бұл тарауда барша адамзатқа ортақ міндеттерді сөз қыламыз. Бұл құқықтар ата-ана мен
бала, жұмыс беруші мен жұмыскер, сатушы мен сатып алушы секілді тараптардың өзара қарым-
қатынас нормасы сөз болады. Мəселен, жол ережесін сақтау – көлік жүргізушінің міндеті.
Жүргізуші бұл нормаларды сақтамаса, көпшілікке белгілі бір мөлшерде зиян тигізеді. Оны естен
шығарып, өз дегенін жасаса, адам өміріне, денсаулығына қауіп төндіреді. Ал, бұл өз кезегінде
кісі ақысын бұзу болып табылады.
Сондай-ақ, осы тарауда баланы бағып-қағу, тəрбиелеу жолындағы ата-ана міндеттері,


перзентінің ата-анасы алдындағы парызы кеңінен қарастырылады. Ерлі-зайыптылардың
отбасындағы өзара жауапкершілігі, сауда ісінде адалдықтың сақталуы жəне жалпы еңбек
саласында сақталуы тиіс кісі ақысы тарқатылып айтылатын болады.
1. Ата-ана мен баланың ақысы
а) Ата-ананың ақысы
Ата-ананың ақысы өз алдына үлкен тақырып. Перзенттің ата-анасы алдындағы
жауапкершілігі Аллаһтың парыз еткен ғибадаттарынан кейін тұратыны баршамызға белгілі.
Бұған жүрдім-бардым қараған адамдардың дүние мен ақыретте тыныштық таппайтыны Құран
аяттары мен хадистерден белгілі.
Қартайып қайғы ойлаған, бала-шағасының тілеуін тілегеннен басқа ойы жоқ ақсақал-
кейуаналарымызды қарттар үйіне апарып тоғыта салу, қазіргі күннің өзекті мəселелерінің біріне
айналып отыр. Көнелердің көзіндей болған керегі қарттар үйінің жайлы төсегі мен жылы-
жұмсақ асы емес, бала-шағасының арасында отырып, солардың қызығын көру болса керек.
Бойындағы жастық қуаты түгесіліп, өмір базарынан өз еншісін тауысқан əрбір қарияның
арманы бейнетінің зейнетін көріп, ұл-қызының ортасында кəрілік жасын құрметпен өткізу.
Қарттар үйінің терезесінен тысқа телміріп, немерелерімнің дауысын қашан естимін деп елең-
алаң күй кешуі қай қарттың болмасын жанына түскен жазылмас жарасы. Осындай қауқарсыз
шағында баласының өзін өмірге əкелген екеуге кезінде өзіне өбектегендей етіп қарау, оларға
пана болу Аллаһ тағаланың мұсылмандарға берген əмірі. Кезінде өзін қанаттыға қақтырмай,
тұмсықтыға шоқтырмай мəпелеп өсірген, мейірлене бауырына басқан ата-анасының белі
бүгілген күнінде керексіз тастап, қарақан басының қамымен алысып, əке мен шешені бағуды
ауырсыну адамгершілікке жатпайды.
Тақырыпқа қатысты аят пен хадистерден ұққанымыз Аллаһ тағалаға серік қоспай, ата-ана,
ағайын-туған, жетімдерге қарайласа білу, адамзаттың асылына бұйырылған абыройлы іс.
Раббымыз ата-анаға жақсылық жасауды, шашы ағарып, жанары солғанда аялап қарауды, оларға
ешқандай кейіс білдірмеуді əмір етеді. Уақытында оқылған намаздан кейінгі қайырлы амал ата-
ананың қолын жылы суға малып күту. Қартайған ата-анасының қарғысына қалған жан
жаннаттың есігінен сығалай да алмайтынын, қарайласатын ешкімі жоқ қарттарды бағып
қағудың жиһадтан анағұрлым берекелі екенін, мүшрік болса да ата-анаға бағыну керек екенін,
үйленіп тұрмыс құрғанда ата-ананың сөзін тыңдау керек екенін хадистерден оқып білген едік.
Ата-ананың ақысын, яғни перзенттің ата-анасы алдындағы міндеттерін қысқаша
төмендегідей санамалауға болады:
– Баласы ата-анасының нəпақасын, керек-жарағын тауып беру;
– Ата-анасын сыйлап, олардың атын атамай, бірге жүргенде алдына шықпай, артынан ілесіп
жүру
[27]
;
– Ата-ананың рұқсатынсыз сапарға шықпау;
– Ата-анаға дауыс көтермеу, қабақ шытпау
[28]
;
– Жасаған жақсылығын бұлдамау;
– Қайтыс болса дұға ету, олар үшін Аллаһтан кешірім сұрау, солардың атынан садақа беру.
Өсиетін орындап жиі-жиі қабірлерін зиярат ету
[29]
;
– Перзент əке малының бақташысы. Əкемнің дүниесі деп қолда барды шашып-төгуге
құқысы жоқ. Олай еткен болса, Аллаһқа есебін береді.
Перзенттің ата-ана алдындағы жауапкершілігі мен міндеттерін сөз қылатын аяттар легі
мынадай:

Download 1.14 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   85




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling