Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссиясы мақұлдаған


б) Аллаһ құқы мен кісі ақысы қатар келген жағдайдағы әділ шешім


Download 1.14 Mb.
Pdf ko'rish
bet12/85
Sana10.04.2023
Hajmi1.14 Mb.
#1348522
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   85
Bog'liq
Ала жіпті аттама

б) Аллаһ құқы мен кісі ақысы қатар келген жағдайдағы әділ шешім.
Мұндай жағдай көбіне ақиқат пен жалғандықтың ара-жігі ашылмаған кезде орын алады.
Айталық, кінəсіз адамға «зина жасады» деп жала жапқанға жаза тағайындау құқы. Бұл бір
тұрғыдан алғанда жазықсызды көпе-көрнеу қаралау, ел ішінде бұзақылық пен бейбастақтықтың
етек алуына себеп болғандықтан, Аллаһ құқы ретінде танылады, екінші жақтан жекелеген
адамдардың ар-намысы мен қадір-қасиетін мансұқ ету болғандықтан, кісі ақысына жатады.
Бірақ та, Аллаһ құқы кісі ақысынан басым түсіп жатқандықтан, жəбірленушінің жауапты
адамды жазадан босатуға өкілеттігі жоқ.
в) Екі құқық қатар келгенде кісі ақысы басым түсетін жағдай.
Əлем елдерінің түкпір-түкпірінде қасақана кісі өлтірген адамға өлім жазасын кесу заңы
бар. Бұл бір жақтан ең жоғарғы құндылық деңгейіндегі адам өмірін сақтауға жəне қоғамда
тəртіп пен тыныштық орнатуға бағытталғаны үшін Аллаһ құқы болып табылса, екінші жақтан
көз жұмған адамның туыстарының ашу-ызасы мен өштестік сезімін тудырғаны үшін жеке кісі
ақысы деп те есептеледі. Дəм-тұзы таусылған кісінің отбасы мен туған-туыстарының мүддесіне
басымдық берілгендіктен, бұл қоғамдық тұрғыдағы есе қайтару кісі ақысы саналған. Осыған
орай, құқықты жүзеге асыру немесе асырмау еркі, яғни кісі өлтіргенді жазалау, не болмаса
кешіру еркі өлген кісінің туыстарының шешіміне қалдырылған
[24]
.
Жоғарыдағыларға қоса Аллаһ тағаланың, елшісі Мұхаммедтің
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) 
жəне басқа
барлық тараптардың құқығын қамтитын да құқықтар бар. Мəселен, азанда Аллаһ тағаланың
құқы тəкбір айту жəне оның бір екеніне куəлік білдірумен, пайғамбарымыз Мұхаммедтің
(саллаллаһу
алəйһи уə сəллəм) 
ақысы оның пайғамбарлығына куəлік білдірумен айқындалады. Басқа құлдардың
міндеті оларға намаз уақытының кіргенін хабар беру жəне жамағатқа қосылуға шақыру болса


керек.

Download 1.14 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   85




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling