Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссиясы мақұлдаған


«Насихат ет, негізінен сен насихатшысың, оларды мəжбүрлеуші емессің»


Download 1.14 Mb.
Pdf ko'rish
bet9/85
Sana10.04.2023
Hajmi1.14 Mb.
#1348522
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   85
Bog'liq
Ала жіпті аттама

«Насихат ет, негізінен сен насихатшысың, оларды мəжбүрлеуші емессің», – деп
бұйырған («Ғашия» сүресі, 21-22 аяттар) Құран тағы бірде: «Адамдарды Раббыңның жолына
даналық жəне көркем үгіт арқылы шақыр. Əрі олармен көркем түрде күрес. Күдіксіз Раббың
тура жол тапқандарды да жақсы біледі», – деген («Нахл» сүресі, 125-аят).
Пайғамбарымыздың
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм)
, қала берді сахабалардың, игі жақсы мұсылмандардың
бұл қағиданы берік ұстанғандары анық.
Адамдардың ар-ұждан бостандығын шектеу Исламдық моральға жат қылық. Құранның «Уа,
иман еткендер! Аллаһ үшін қолдарыңнан келгенше туралықты ұстаныңдар, куəгерлік
еткенде қара қылды қақ жарғандай əділ болыңдар. Қандай да бір қауымға деген
өшпенділіктерің (немесе олардың сендерге деген өшпенділігі) сендерді əділетсіздік жасауға
итермелемесін. Əркез əділ болыңдар, тақуалыққа ең жақыны сол» деген  аяты Исламның
басқа құқықтармен қоса сенім, ар-ұждан бостандығына қысым көрсетуді құп көрмейтінін
көрсетеді («Мəида» сүресі, 8-аят).
Адамның жеке құқықтары жоғарыда айтылғандармен шектелмейді. Ел ішінде еркін жүріп-
тұру, өз қалауына сай мекен-жай таңдау, басқа елге қоныс аудару жəне өз еліне қайтып оралу,
өзін-өзі қорғау құқықтары жəне сөз бостандығы, сайлау, заң алдындағы теңдік секілді саяси


құқықтары, меншік құқығы, еңбек, денсаулық сақтау жəне дəрігерлік көмек алу, білім алу
секілді əлеуметтік жəне мəдени мүмкіндіктерді де кісі құқығының қатарына кіреді.
Дəстүрлі ислами еңбектерде адам құқығы бірнеше түрге жіктелген.
1. Толығымен Аллаһ ақысына жататын нəрселер.
Бұған намаз, ораза, зекет, садақа, бітімге келу (бітімге келу Ислам мемлекетінің мұсылман
емес азаматтарымен мүліктік жəне басқа да қатынастарынан тұрады) жəне соғыс жағдайларын
қоса алғанда жихад жəне қажылық жоралғысы енеді.
2. Толығымен кісі ақысы саналатын нəрселер.
Кісі ақысының өзі төртке бөлінеді:
а) Некеге тұру жəне некені бұзу;
ə) Азаматтық жəне сауда қатынастары;
б) Түрлі дəрежедегі қылмыстар;
в) Мұрагерлік;
3. Үшір секілді Аллаһ алдында да, адамдар арасында да жауапты нəрселер
[23]
.
Осы арада Ислам құқықтанушысы Абдулкерим Зейданның құқық анықтамасы мен жалпы
кісі ақысын жіктеуге қатысты зерттеуін келтіре кеткенді жөн көріп отырмыз. Бұлар:

Download 1.14 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   85




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling