Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссиясы мақұлдаған
Адамның қадір-қасиеті мен ар-намысының қорғалуы
Download 1.14 Mb. Pdf ko'rish
|
Ала жіпті аттама
- Bu sahifa navigatsiya:
- 3. Жеке өмірдің құпиялылығы
2. Адамның қадір-қасиеті мен ар-намысының қорғалуы
Адамның қадір-қасиеті мен ар-намысының қорғалуы оның негізгі абсолютті құқықтарына жатады. Дініміз адамдарға бір-бірінің ар-намысын, қадір-қасиетін, абырой-беделін құрметтеуді əмір еткен. Тілдеу, келемеждеу, балағаттау, ғайбаттау, əлдекімге жазықсыз жала жабу – дініміздің ахлақ ұғымына, яғни мұсылманның жүріп тұру дағдысына жат, қайшы қылықтар. Бұлардың тыйым салынған іс-əрекеттер екеніне көптеген аят жəне хадистер дəлел. Адамның табиғатында өзін жоғары ұстау, жұртты өзінен төмен санауға алып келетін тəкаппарлық сезімі бар. Осы қасиет басқаның абыройын түсіруге, мазақ қылуға, мысқылдауға алып келеді. Ал бұл кісі ақысын аяқ асты ету деген сөз. Мұндай жағдайда қорланған адамның жан дүниесінде не болып жатқаны Аллаһқа аян. Психологтардың айтуынша, мұндайда адам психикасында кері ауытқушылық орын алады, жаны күйзеледі, сары уайымға салынады. Сондықтан, кісі кемшілігін көрсек, кекетуге дайын тұрғанымыз жақсылық емес. Байқаусызда мұндай шалыс қадам жасасақ, тез арада əлгі адамнан көпшіліктің көзінше кешірім сұрауымыз керек. Тек осылай еткенде ғана, кісі ақысы өтелетінін ұмытпаған абзал. 3. Жеке өмірдің құпиялылығы Адамдардың бір-бірінен күмəнданудан, кем-кетігін іздеп, айыбын ақтаруға дайын тұратын сұғанақ мінездерден тыятын [15] , үйге тек рұқсат алып, сəлем бере кіруді əмір ететін аяттар [16] мен хадистер [17] адамның жеке өміріне қол сұғуға болмайтынын көрсетеді. Сөзі сыпайы, мінезі биязы Пайғамбарымыз (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) адамдарды сыртынан өсектеп, жеке өмірін жария етуді қатты сынға алған жəне Аллаһ тағаланың ондай адамдарды қиямет күні қор қылатынын ескерткен [18] . Біреудің алдына бару үшін əрі кеткенде үш мəрте рұқсат сұрау керектігін айтқан Пайғамбарымыз (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) мұсылманның мұсылмандағы маңызды ақыларының бірі қарсы тараптың мақұлдауынан тыс оның жеке өміріне килікпеу екенін үмбетіне шегелеп тапсырған [19] . Қазіргі таңда адамдардың жеке өмірінен хабар беретін мəліметтерге еркін қол жеткізуге болады. Теледидар, ғаламтор жəне басқа да бұқаралық ақпарат құралдары арқылы шімірікпей жеке бас құқығына нұқсан келтіретін мəліметтерді тарату көптеп кездеседі. Мұны жариялылық деп қабылдаудың жөні жоқ. Өйткені, бұл жоғарыда айтылған оңбаған қылықтың нақ өзі. Жай қызығушылық пен мұндай деректерге көз жүгірту де ол адам туралы жаман ойдың қалыптасуына, ол туралы дақпырттың қаулауына себепші болары анық. Пайғамбарымыздың (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм): «Ғайбат айтылған жерде тұрмаңдар, ғайбатты тыйыңдар» деуі бекер болмаса керек. |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling