Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссиясы мақұлдаған


Download 1.14 Mb.
Pdf ko'rish
bet8/85
Sana10.04.2023
Hajmi1.14 Mb.
#1348522
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   85
Bog'liq
Ала жіпті аттама

4. Дін мен ар-ұждан бостандығы
Сенім мен иман адам баласының басты байлығы. Адам дінге сенсе де, сенбесе де өз еркінде.
Бұл тұрғыда ешбір шек қойылмаған. Біз бұл жолдарда дін жəне ар-ұждан бостандығы деп,
Құдайға құлшылық ету, діни жоралғыларды орындау бостандығын сөз етіп отырмыз.
Ислам тарихына көз жүгіртсек, мүминдердің ар-ұждан бостандығы жолында арпалысқан
күрестің өте көп екенін көреміз. Алысқа бармай-ақ қояйық, күні кеше Кеңестің құдайсыз
саясаты күшіне мініп тұрғанда, ата-əжелеріміздің тығылып намаз оқығанын бəріміз білеміз.
Дінді апиын деп түсіндіріп, момын елдің құлшылық қылу құқығын шектеген коммунистік
идеология Аллаһтың хақ жолын ұстанған алаш арыстарын ескіліктің қалдығы, халықтың жауы
деп абақтыға тоғытты.
Исламның алғашқы кезіндегі мұсылмандарға жасалған зорлық-зомбылықтың адам төзгісіз
болғаны соншалық, олар ел-жұртын тастап, əуелі екі мəрте құрлық асып Эфиопияға көшсе, одан
кейін Мəдина қаласына қоныс аударды. Исламға қарсы осындай нəрселер туралы айтылған
аяттардың бірінде мұсылмандарға қысым көрсетушілердің: «Бұл Құранға құлақ асқандар
(Құран оқығанда) шуылдасып кедергі жасаңдар. Бəлкім сонда (Мұхаммедке қарсы күресте)
жеңіске жетерсіңдер» деп нұсқау бергені айтылады («Фуссилəт» сүресі, 26-аят), 9 («Хаж»
сүресі, 72-аят).
Адамдардың ар-ұждан бостандығын шектеп, олардың көңілі қалаған діндерін ұстатпай жапа
шектіргендерді Құран кəрімнің жүздеген аяттары сынға алған
[20]
. Құран кітабымызда діни
ұстанымға қарсы тұру туралы айта келе, əлсіз адамдар өздеріне əлімжеттік жасағандарға, ар-
ұждан бостандығын шектеп, шындықты қабылдауына кедергі келтіргендер мен ақыретте
ұшырасқанда «Сендер болмасаңдар, иман келтіретін едік» дейтінін айтады («Сəбə» сүресі, 31-
аят).
Исламға қарсы күрес жүргізгендерді шенеген дініміз өз кезегінде адамдарды иман келтіруге
шақырғанда күштеуге, қысым көрсетуге тыйым салған. Құранда Аллаһ тағала «дінде зорлық
жоқ» деп анық айтқан («Бақара» сүресі, 256-аят). Көптеген аяттарда Пайғамбарымыздың
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) 
міндеті тек дінді тəблиғ ету
[21]
екені, оның адамзатты сүйіншілеуші жəне
ескертуші екені жəне ешкімді күштеп мəжбүрлеуге өкілетінің жоқтығы баяндалған
[22]
.
Ислам қылыштың күшімен тарады деу үлкен қателік. Өйткені, Пайғамбарымызға
(саллаллаһу
алəйһи уə сəллəм):

Download 1.14 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   85




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling