Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссиясы мақұлдаған


Download 1.14 Mb.
Pdf ko'rish
bet75/85
Sana10.04.2023
Hajmi1.14 Mb.
#1348522
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   85
Bog'liq
Ала жіпті аттама

в) Зекеті берілмеген байлық
Нисап мөлшеріне жеткен мал-мүліктен зекет бөлек алынбаса, оны меншік иесінің қажетіне
жаратуы харам. Зекеттің өзгелердің несібесі екені Құран аяттарында анық білдірілген.
г) Мұрадан басқалардың ақысын жеп алған үлес
Мұраға қалған мүліктен өз үлесінен алған соң да тыныш таппай, өзгенің несібесіне де көз
сүзіп, басқалардың да үлесін зорлықпен иемдену дініміз құптамайтын қылық.
ғ) Кіріптарлық жағдайында жасалған мәміледен түскен табыс
Кіріптарлық жағдайында, əлдекімнің құқығына көпе-көрінеу нұқсан келтіретін мəміле
жарамсыз болып саналады. Мəміле жасасқанда адамның еркінен тыс жəне оған тым тиімсіз
шарттар ұсынуға болмайды.
д) Бопсалау нәтижесінде жасалған мәміледен түскен табыс
Өзіне ұнаған нəрсені иесі келіспесе де, қорқытып-үркітіп сатып алу кісі ақысының
тапталғанына айғақ. Мəселен, қаланың бас жоспарында, аумақты дамытудың перспективасында
жасыл желек белдеуі ретінде немесе жол құрылысы қарастырылған деген сылтаумен үй-
жайларды, жер телімдерін арзанға сатып алуды осыған жатқызуға болады. Бұл нарық бағасынан
арзанға бағалау жəне меншік иелерінің ықтиярынсыз болғандықтан, олардың құқығын
бұзушылықтың көрінісі. Дініміз бойынша мұндай мəмілелер жарамсыз саналады.
е) Сауда-саттық барысында ант-су ішу
Сауда-саттық барысында ант-су ішуге тыйым салынған. «Уа, көпестер (саудагерлер)!
Жалған ант-су (қасам) ішу, бос сөз жəне сауданың шалғайында шайтан мен күнə жүреді.
Сауда-саттықтарыңды садақамен араластырыңдар!»
[235]
деген хадис осыған дəлел.
«Сауда-саттықта ант-су ішуден сақтаныңдар. Серт беру əуелгіде тауарларыңды
өтімді жəне қажетті (ұтымды) қылғанымен, артынша бүлдіреді, берекесін кетіреді»
[236]
деген хадистен ұққанымыз тауарды өткізу, сөзін нанымды қылу үшін ант беруге
болмайтындығын ұғамыз. Ант беру екі түрлі:
Тауарда жоқ нəрсені бар деп, ақауын жасырып, сондай-ақ, өзіндік құны қымбатқа түсті деп
өтірік ант-су ішу. Жалған серт саудада ғана емес былайғы тұрмыста да күнə.
Өтірік болмаса да тауарды өткізу үшін, сауданы жүргізу үшін берілген ант. Рас болса да,


сауда барысында серт беру дұрыс емес.
Ант беру сырт көзге тауарды өткізуге септігін тигізген болса да, түскен табыста қайыр,
береке болмайды.

Download 1.14 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   85




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling