Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссиясы мақұлдаған
Download 1.14 Mb. Pdf ko'rish
|
Ала жіпті аттама
- Bu sahifa navigatsiya:
- VI БӨЛІМ ҚОСЫМША ЖАҒДАЙЛАР 1. Кез келген құқық бұзушылық
г) Комиссионерлік (делдалдық)
Сауда-саттық саласындағы институттардың бірі – комиссионерлік. Белгілі бір көлемдегі сома үшін комитенттің (тапсырма берушінің) пайдасына жəне соның есебінен іс жүргізіп, бірақ өз атынан мəміле жасаушылық бүгінгі қоғамымызда тараған кəсіпке айналды. Қазіргі кезде мұндай делдалдың көмегімен үй-жай, автокөлік саудалау немесе жалға алу секілді əрекеттер кеңінен өріс жайған. Өндіруші мен тұтынушының арасында делдалдық жасау барысында комиссионер іскерлік этикасын сақтауға, сатып алушыны немесе сатушыны алдап соғып, тауар бағасын тым аспандатып көлденеңнен оңай олжа табуға ұмтылмауы тиіс. Мұндай заңсыздыққа жол берілгенде тауар өндірушінің табысы азайып шығынға батса, тұтынушы тауарды қымбатқа сатып алып зиян шегеді, есесіне комиссионер кісі еңбегін қанап күн көреді. Ислам мұндайға түбегейлі қарсы. Дүнияны қалай шын дерсің, Атамыз – Адам пайғамбар. Сонан бергі адамның Өлмей жүрген бірі жоқ. Заманым қалды өсекке, Шамаласам ары жоқ. Замананың адамы Артын ойлап асылы Көңілі жоқ өлерге. Пақырдың хақын зор жесе, Таңда махшар күнінде Шариғаттың жолы – төлерге. Шама қылсаң жарандар Жақындап тұр бұл шақ та Сахауат шам сөнерге. Əбубəкір Кердері (1861-1905) VI БӨЛІМ ҚОСЫМША ЖАҒДАЙЛАР 1. Кез келген құқық бұзушылық Құқық бұзушылық – тұлғаның жеке басына немесе мүлкіне зиян келтіру. Адам өмірі мен денсаулығына қол сұғушылық үлкен күнə, қылмыс санатына жатқызылып, оған ауыр жаза тағайындалған. Меншікке қатысты қылмыстарға бөтен адамның дүниесін ұрлау, тонау немесе қарақшылық оқиғалары жатады. Бөтен адамның мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру де бұның бір мысалы. Əсілі бөгде адамның мүлкіне қол сұғушылық дінде күнə, мораль тұрғысынан өрескел ерсі қылық, заң тұрғысынан алғанда қылмыс. Қоғамдық қауіпсіздік пен тəртіпті бұзуға кінəлі адамның дүние мен ақыретте жауапкершілігі ауыр. Бөтеннің мүлкіне зиян келтіруге, атап айтқанда, жас балалардың, үй жануарларының мүлікті жойғаны немесе бүлдіргені үшін балалардың заңды өкілі – ата-анасы, хайуанның иесі толық материалдық жауапкершілік алады. Материалдық шығынның орнын толтыру барысында тап сондай мүлікті сатып алып беру немесе ақшалай құнын беруге шешім шығарылған. Download 1.14 Mb. Do'stlaringiz bilan baham: |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling