Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссиясы мақұлдаған


 Амнистия (кешірім), рақымшылық жасау және кісі ақысы


Download 1.14 Mb.
Pdf ko'rish
bet80/85
Sana10.04.2023
Hajmi1.14 Mb.
#1348522
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   85
Bog'liq
Ала жіпті аттама

4. Амнистия (кешірім), рақымшылық жасау және кісі ақысы
Дүниежүзілік сараптаулар нəтижесіне сүйенсек, Қазақстан жүз адамға шаққанда
сотталғандар саны жағынан əлемде он жетінші орында тұрған көрінеді. Бұл дерек елімізде
қылмыс санының тым көптігін білдіреді. Сондықтан болар, елімізде оқтын-оқтын
сотталғандарға рақымшылық жасау туралы, амнистия туралы заңдар шығарылады. Амнистия
əдетте жеңіл жəне ауырлығы орташа қылмысы үшін сотталғандарды жазадан босату жəне
соттылығын алып тастау, не болмаса жазаны жеңілдету секілді заң шараларын қамтиды.
Исламның мемлекеттік тұрғыда амнистия жасауға құқық беруімен рақымшылық көрсетуге деген
ұстанымы заманауи мəселе ретінде зерттеуді, анықтауды талап ететін мəселе.
Кісі ақысы желінген жағдайда орындалуы керек амалдар
Кісі ақысы желінген жағдайда оның жазалары да қарастырылған. Атап айтқанда, оның
қатарына мыналар кіреді:
1. Ақысы желінген адамнан шын ықыласпен кешірім сұрап, ризашылығын алу;
2. Жасаған күнəсі үшін Аллаһтан кешірім сұрап, тəубеге келу;
3. Кісі ақысына келгенде адамдар мүмин-кəпір болып бөлінбейді. Үкім де, жаза да бəріне
бірдей ортақ.
4. Егер бір кездері ақысын жеген адамыңыз қайтыс болып кетсе, оның туыстарына сол зат
мөлшеріндей садақа беру керек. Жақындарын да таба алмасаңыз, кез келген адамдарға жаңағы
заттың мөлшерінен анағұрлым көп садақа тарату;
5. Егер арадағы нəрсе дүниелік зат болса, алынған затты иесіне қаз-қалпында қайтару;
6. Ақысы желінген кісі мен ақының мөлшері жайлы төменде айтылған. Кісі ақысы жайлы
сұрақтарға мұсылман ғалымдары былай жауап берген екен:
Кісі ақысына байланысты жасалуы тиіс амалдарды бес топқа бөліп қарастырамыз:
1) Дүниелік заттарға байланысты кісі ақысы;
2) Кісінің өзіне байланысты кісі ақысы;
3) Ар-намысына байланысты кісі ақысы;
4) Жақын туыстар арасындағы жəне некеге байланысты кісі ақысы;
5) Дінмен байланысты кісі ақысы.
1. Дүниелік заттарға байланысты кісі ақысы
Ұрлық, тартып алу, қулық немесе алдау арқылы мал табу, біреудің дүниесіне зиян келтіру,
жəне де біздің заманымызда кеңінен етек жайған пара алу сияқты əділетсіздік арқылы табылған
дүние кісі ақысына жатады.
Аллаһтың əмірлеріне құлақ аспай, осындай күнə жасаған пенде дереу тəубе етіп, біреудің
көз жасымен қайғысының үстінен тапқан дүниесін иесіне қайтарып, иесінен кешірім сұрауы
керек. Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм)
біреудің ақысын жеу арқылы табылған дүние жəне де


тілімен адамдардың намысына тию арқылы біреудің ақысын жеу туралы былай дейді: «Егер
біреу бауырының намысына немесе дүниесіне рұқсатсыз тиіссе, алтын мен күміс болмайтын
қиямет-қайым келмей тұрып, оның ризашылығын алсын. Олай жасамаған жағдайда, жасаған
сауаптары керегінше ақысы желінген адамның амал дəптеріне жазылады. Сауабы аздық
еткен жағдайда ақысы желінген адамның күнəлары ақысын жеген адамның амал дəптеріне
жазылады».
Біреудің ала жібін аттау арқылы табылған малда береке болмақ түгілі, арам саналады. Соған
байланысты Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм)
: «Кімде-кім өзінің меншігінде емес затты
иеленбек болса, ол адам бізден емес. Ол тозақтағы орнына дайындалсын» деп, кісі ақысының
қаншалықты маңызды екенін айтып өткен. Біреу арам жолмен тапқан малын заң жүзінде өз
атына жаздырса да, шариғат бойынша малдың адал болып саналмайтыны сөзсіз. Шариғат ол
адамнан дүниені иесіне қайтарып, кешірімін дер кезінде сұрауды талап етеді. Енді малды иесіне
қайтаруға қатысты кейбір жағдайларға тоқталайық.

Download 1.14 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   85




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling