Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Download 2.18 Mb.
Pdf ko'rish
bet123/287
Sana22.10.2023
Hajmi2.18 Mb.
#1715143
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   287
Bog'liq
бакалавриат История

НЕГІЗГІ БӨЛІМ 
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің жариялануы. қр сыртқы 
саясаты қалыптасуының негізгі факторлары 
Кеңестік әміршіл-әкімшіл жүйенің дағдарысы. КСРО-ның ыдырауы. Қазақ 
КСР-нің Мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясының қабылдануы, оның 
мазмұны мен рөлі. 80-жылдардың соңында кеңестік жүйенің дағдарысының 
тереңдеуі, ал ол жағдайдың КСРО-ның ыдырауына алып келуі, осы үрдіс 
барысында Қазақстанның егемендігін қамтамасыз ету жөніндегі республика 
басшылығының саяси және әлеуметтік-экономикалық шаралары. Қазақстан 
Республикасының тәуелсіздігінің жариялануы. Жас мемлекеттің тәуелсіздігін 
халықаралық мойындау. Әлем картасында жаңа тәуелсіз мемлекеттің пайда 
болуы. Мемлекеттік құрылысты ұйымдастыру шаралары. ХХ ғасырдың 90-
жылдарының басында КСРО-ның ыдырауы әлемдік құрылымның қарама-қарсы 
жүйесінің күйреуінің бастамасы болып, халықаралық қатынастар өзінің 
дамуының түбегейлі жаңа кезеңіне енуі. Қалыптасқан жағдайдың Қазақстан 
Республикасының сыртқысаяси және сыртқыэкономикалық саясатының 
белсенділігінің артуына бұрын болмаған кең мүмкіндіктер ашуы. Әлем 
картасында Қазақстан Республикасы атты жаңа тәуелсіз мемлекеттің пайда 
болуы, оның сыртқы саясатының өзіндік тұжырымдамасының жасалуы, 
тәуелсіздіктің жариялану тарихы, жас мемлекеттің алғашқы қадамдары, 


мемлекеттік құрылысты ұйымдастыру шаралары және Қазақстан Республикасын 
әлемдік қауымдастықтың тануы.
Қазақстанның сыртқы саяси тұжырымдамасының қалыптасуы 
ҚР сыртқысаяси мекемелерін құру және оның міндеттері. Сыртқысаяси
мекемелерге кадрлар даярлау. Қазақстан дипломатиясы тарихының қалыптасу 
кезеңдері. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің құрылу тарихы 
және қазақстандық дипломатияның қалыптасу барысы. Сыртқысаяси мекеменің 
құрылуының ерекшеліктері, кездескен қиыншылықтар, оны шешу жолындағы іс-
әрекеттер.
Жас мемлекеттің сыртқысаяси тұжырымдамасының қалыптасуы. 
Сыртқысаяси тұжырымдамасының және сыртқы саясаттың негізгі 
принциптерінің жасалуы. Қазақстан сыртқы саясаты тұжырымдамасының негізгі 
бағыттары. Оларды жүзеге асыру барысында Қазақстан Республикасының 
халықаралық ұйымдарда танылуы. Қазақстан Республикасының сыртқысаяси 
тұжырымдамасының жасалуына әсер еткен тарихи, геосаяси және экономикалық 
жағдайлар. Сыртқы саяси тұжырымдаманы жасаудағы ҚР Президентінің, 
Сыртқы істер министрлігінің атқарған қызметі. ҚР сыртқы саясатының негізгі 
принциптері.

Download 2.18 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   287




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling